Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет35/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Енді осы бір елесті ол көп жылдан кейін Меркеде, Аспара 
тауының басынан көрерін ол сол сәтте сезген де, білген де жоқ. 
Көкірекке нұр тамған, құдіреттей күштің кеудеде шырағданы 
жанған, лезде жалп етіп сөнген ғажайып сәт.
Сай табанында сарқырап аққан су, анда-санда пысқырынып 
қойып, ажырықты бырт-бырт үзіп, қосаяқтап секірген Шолақ 
Шабдардың кісенінің сылдыры. Қарлы шындардан шыққан 
салқын самал тербеген жапырақтардың сыбдыры. Шың басынан 
шақшия шыққан жалғыз жұлдыздың үндемес сыры – бәрі-бәрі 
Тұрардың кішкентай көкірегіне бір-бір тамшы сағыныш мәйегін 
құйып жатқандай, бала байғұс сол сағыныштың салмағына 
шыдай алмай, көмейіне келген бір сезімнен үйіріліп ып-ыстық 
жас балқып қалады да, кішкене жұдырығымен көзін уқалап-
уқалап жібереді. Көзін жыпылықтатып жастан құрғатып алып, 
сайдың табанындағы Шолақты іздесе, оның алдында қарайған 
біреуді көріп, жүрегі су ете қалады. «Айрылдым аттан!» – деп 
айқайлағысы келеді. Алма ағаштың ашасынан шалбарын жырта-
мырта секіріп түседі.
* * *
Рысқұл түрмеден қашып шыққан бойда бірден Талғарға 
тартпай, кәнігі аңшының әдісіне салып, орағытып, түстікке, Медеу 
сайға қарай жылжыды. Медеуге жетпей, түстік-шығысқа қарай 
бұлым болып бойлап кеткен Шыбынсайға түсті. Шыбынсайдың 
қабағында кілең қоңыр қасқа торпақ-таналар жайылып жатқан. 
Бұта-бұтаның арасымен бір бұтақты селт еткізбей, бір қурайды 
сыбдырлатпай, бір түйір тасты тысырлатпай, жұмсақ басқан 
қашқынды қырда отырған бадашы байқаған жоқ.
Шыбынсай тұйықталып, жан-жағы дөңгелене біткен 
жартастарға айналған жерден мөлдіреп, бүлк-бүлк етіп қайнар көз 
шығып жатыр екен. Рысқұл жата қалып, сол күмістен көмейіне 
қырау тұрғанша қылқылдатып жұта берді. Суық шекесіне зырқ 
етіп шыққанда барып, «уһ» деп демін алды.
Күн бұл кезде едәуір көтеріліп қалып еді. Тарғыл тастардың 
арасынан балапандарын іздеген кекілік қақылықтады. Сонда 
барып қашқынның әбден қарны ашқаны есіне түсті. Қайнар 
көздің бас жағындағы жалбызды аршып-аршып, әрірек өтіп, 


72
Қызыл жебе 
пісігі өтіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды. Біртіндеп теріп, 
уыстап-уыстап асағанмен бүлдірген ауқат болмады.
Тас-тастың қуысында қақылықтап жүгіріп жүрген кекілік 
көңілін алаңдатты. Баяғы Ақсу-Жабағылының қына қал басқан 
тастарынан қыл-тұзақ қойып, кекілікті талай ұстаған тау қыран 
қазір мына жабайы тауықты қалай қармарын білмей, айла ойлады.
Тастан-тасқа жер бауырлап, өрмелеп шығып, бір қияқтың 
тасасына тырп етпестен сұлқ түсіп жатып қалды. Бұл түлкінің 
амалы еді. Кекілікті түлкі сұм көбінесе осылай ұстайтынын 
аңшы біледі.
Кекілік қияқ тастың ұшына дейін жорғалап келіп, жоғарыдан 
төмен баспалап қарап, балапандарын іздеген. Төменде не тасқа 
ұқсамас, не адамға, не аңға ұқсамас бірдеңені көріп, кекілік 
қақылықтағанын қоя қойған. Тағы шіркін табиғи сезім күшімен 
бұл жатқанның қауіпті екенін өзінше шамалаған. Жуықтап 
жоламастан бұғып қана көп отырды. Ақыры құмарлық сияқты 
бірдеңе билеп, жер бауырлап жылжып-жылжып жанына келді. 
Жем деп тек алды ма, сұлу мойнын қылқың-қылқың созып қарап 
қояды.
Рысқұл мұны байқап жатқан, қол созым жерге жақындасын 
деп жатқан. Демі үзілген, сәл тірлік белгісін білдірсең – бәрі 
бекер.
Аңқау құс құлдырыңдап, тағы бір жылжыды. Жаюлы жатқан 
күс-күс, тас түстес алақанға кекілік көзі қылиланып, әсем 
мойнын созып-созып көп қарады. Алақанда екі-үш түйір қатқан 
шие бар еді. Жабайы шиені кекілік жанындай жақсы көретінін 
ежелгі аңшы аңдайды. Қу тамақ қиын, отқа да, суға да түсіретін 
сол. Кекілік бұл кезде аш та емес. Балық көздің майлы дәні пісіп, 
жатаған жабайы шие қатып, кекілік балапанын ұшырып, әбден 
мамырлаған кез. Бірақ құста да әуестік желігі бар. Алақандағы 
шиеден қанша сезіктенгенмен, құмарлық жеңіп, дәнді шоқуға 
мойнын соза бергенде, сұлқ жатқан қолдың аты жоқ саусағы 
жыбыр ете қалды. Бір қолда бес саусақ. Бесеуі жеке-дара бөлек-
бөлек тұрғанда тым әлсіз, жұдырық жұмылғанда ғана әлуетті. 
Бес саусақтың ішінде де бір осалы, опасыздауы бар. Ол – аты жоқ 
саусақ. Ақыры сол сатқын шығып, сезік беріп қойды. Бас бармақ, 


73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет