Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет87/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
Көз шырымын алар-алмас, Рысқұл баласын иығынан 
жұлмалап:
– Оян, Тұрар! Надзиратель келгенше тағы тыңдап ал! – деді.
X
Мизам ұшқан жылы күздің күні еді. Төніп тұрған тажал жоқ. 
Аспан ашық, аспан жәудіреген жас баланың көзіндей әдемі-ақ. 
Төңірек бәле-жаладан жырақ сияқты. Тек әуеде бөдене аңдыған 
қырғилар ғана қанжар қанаттарын кейде жайып, кейде жасырып, 
жем іздеп жүр.
Осындай бейбіт күннің бірінде Алсай-Сәлікті түлен түрткендей 
түгел үдере көтеріліп, Дауылбай ауылына аттанған.
Әлгі аттылы-жаяулы дүрмек ауылдың үстінде. Шәңке 
бұлақтың басындағы зираттың тұсынан өтіп бара жатты. Топырақ 
дымы әлі кеппеген жас төмпешіктің жанына жеткенде бәрі де 
ошарыла берді. Кеше ғана тірі жүрген жан. Үп еткен тіршілігін 
үмітпен алдандырып, ақ тілек қана айтып жүрген адам еді. Бұл 
итше ырылдасқан сұм дүниеде Бердіқұл деген адам ешуақытта 
болмағандай, төбешік моп-момақан. Тіршілікте иесі қандай 
момын болса, моласы да жұп-жуас.
Рысқұл аттан құлай түсіп, ағасының қабірі алдында тізесін 
бүгіп, шөкелеп жығыла кетті. Құран білмеуші еді, дұға оқи 
алмады. Отырды, отырды, ақыры:
– Көке-ау! Не жаздық, не болдық? Енді не істейміз, айтсаңшы! 
– деп төмпешікті құшақтай құлады. Топырақ жып-жылы екен, 
бетінен Бердіқұл сүйгендей тұла бойы дір етті. Тек топырақ 
бейнесіне еніп кеткені болмаса, ағасы тірі сияқты. Өз қолымен 
көмсе де, көңілі суымаған көкірегі құрғыр әлденеден үміткер.
Біреу келіп, қолтығынан көтерді.
– Сен бордай тозсаң, басқамыз не боламыз! Тұр былай! Аз 
атаның баласы жалғыз қыран өзің бе деп жүргенде, не мынауың?
Бұл Ахат еді. Жасы ұлғайған, бірақ жүзінен шырай, көзінен 
нұр таймаған, бурыл сақал Ахат Рысқұлды тізесінен басып өз 
жанына отырғызды. Көнетоз қара барқыт тақиясын баса киіп 
алды. Сонан соң дұға оқыды.
Бәрі бата қылды. Әлдекім дауыстап еді, Ахат ақырын ғана:


179
Қызыл жебе
– Қой, – деді. – Сен жылағанмен Бердіқұл қайтып тұрмайды. 
Көз жасынан өлгендер қайтып тірілер болса, Әлімбек батырды, 
кешегі Соқыр батырды тірілтіп алмас па едік?! Сонда бізге 
жуандар жуандығын қылмас еді. Амал не?! Жылама. Барайық 
болысқа. Жөн айтысып, құн сұрайық. Оның алдында суға түскен 
кесектей мүжіліп, тозып тұрғанымыз келіспейді. Аз атаның 
баласы болсақ та, азбайық. Азға айбын керек. Айбыны жоқты 
анау да, мынау да айналдыра береді, тәлкек етеді. Жұбымызды 
жазбай барып, жауап алайық. Не дейді – болыс өзі біледі. Арғы 
жағын көре жатармыз.
Болыстың ауылы төскейде. Елдің жатқан-тұрғанын 
алақандағыдай көріп-біліп отыру үшін болыс қонысты өрлеуден 
әдейі тіккізген сияқты.
Тал-дарақтың сарғая бастаған жапырақтарын тозаң тұтқан. 
Күз де болса күн ыссы. Көбелектердің өзі ыстықтан, ыңқылдап, 
шөп басында әрең отыр. Жолда келе жатқан адамдардан сескеніп 
жалбаң етіп үркіп ұшса да, лезде жалп етіп барып қайта қонады. 
Тек қарлығаштар ғана ащы күнді елең қылмай көнетоздау бола 
бастаған көгілдір аспанда қайқаңдап ұшып, қалықтап жүр.
Рысқұл бағанадан бері байқап келеді, бір ұя қарлығаш 
бұлармен қапталдай қабаттасып, ілесті де отырды. Мұны кәнігі 
аңшы Рысқұлдың жіті көзі ғана шалды. Басқалар мән берген жоқ. 
Қарлығаштар жабылып келіп қаралы топқа құс тілінде шиқылдап 
көңіл айтқандай. Қарлығаш жөнінде адам не біледі? Ұшып 
жүрген көп мақұлықтың бірі дей ме? Оның басқа құстардың 
бәрінен бөле жарылып, адамдармен жақындасып, адам мекеніне 
ұя салатынында не сыр бар? Ұясын өзге құстар құсамай балшық 
пен қыл араластыра өріп, бекем жасай алатынында не мән бар? 
Балапандарын құлап кетпесін деп аяғынан тұзақтап қоюды 
қайдан біледі? Демек, ол адам жан-күйін білмейді, түсінбейді 
деп айта аламыз ба? Осы келе жатқанында мына Алсайлардың 
қайғысына ортақтаспасына кім кепіл?
Құс екеш құс та мейірлі. Ал адам адамды өлтіре алады.
Әйтсе де, қазіргі кәнігі аңшы қарлығаштар – адамдардың 
қайғысына ортақтасудан гөрі өз құлқын қамын ойлап келе 
жатқанын да сезіп еді. Шөп басқан қара жолдың үстімен жүрген 


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет