Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет90/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
барсаң – бәрің бар деген. Басқаларың тоса тұр, осы мен-ақ 
барайын болысқа. Айтып көрейін. Тілім жетсе тыңдаса ұлыққа 
шағынайын. Не дейсіңдер, ағайын?
Рысқұл әлгі бір айқастан кейін әлі өзін билей алмай, аяз қысқан 
адамдай қалшылдап тұр екен:
– Өлген менің ағам, өлтірткен Дауылбай. Мен бармағанда кім 
барад?! Сізге мен ілеспей болмайды, Аха!
* * *
Осының бәрін олимптен көріп отырған ояз:
– Бұл не? – деді.
– Бұл қазақ ауылдарының арасындағы араз-құраз, үйреншікті 
дүние, назар салмай-ақ қойыңыз, жоғары мәртебелі мырза, – 
деді Дауылбай шегір көзінің ашуын тұншықтырмаққа тырысып, 
күлімсіреп.
Әйтсе де өзі «иә, пірім» деп екі ұмтылып орнынан тұрды.
– Айып етпеңіз, мырза, мен сәл шаруамен шығып келейін, 
– деп оязға қарап бүгіліңкіреп тұрып қалған. Ояз «бара бер» 
дегендей пішін танытқан соң атылып сыртқа шығып бәйбішеге:
– Орданың орама есігін түсіріп, түндігін аш! – деп бұйырды. 
Ауылдағы еркек атаулы атқа қонсын деп жарлық айтты. Оязға 
ере келген екі солдатқа да ескертіп:
– Қазір қайыршы қазақтар келіп мазаны алса, мылтық 
көрсетіп қорқытып жіберіңдер, – деп қойды.
Мұрттарын ширатқан доғал солдаттар өздеріне өтініш 
болғанына далиып:
– Мы им покажем кузькину мать, – деп қоқиланды.
Көгендегі қозы-лақ бұршағынан босанып, ауыл сыртына 
беттеген. Желідегі құлындар шіңгірлеп, енелерін шақырып, 
ноқтамен алысып, кейбіреуі қазыққа оралып қалып жатқан. Бие 
сауып, желі басында жүрген малшыларды Дауылбай қолына 
сойыл беріп, ұрысқа дайындап қойды.
Ақ орданың күндікке ашық тұрған есігі кенет жабылып 
қалғаны, түндік ашылып, онда тұп-тура өзінің қасқа басына 
шақшиып күн түскені, үй сыртында дан-дұң, айқай-ұйқай 
көбейгені оязды таң қалдырды. Қымыздың ара-арасында 
араластырып алып отырған француз коньягі жіліктің майындай 


185
Қызыл жебе
шыны, шымыр болатын. Соған да балқып отырған ұлық мына 
сырды түсіне алмай дал. Кенет бойын қорқыныш биледі. Әлгі 
төменде топырлап көрінген тобыр кәдімгі көтерілісшілер болып 
жүрмесін. Бұл шетсіз-шексіз жұмбақ даладан түрлі құқайды 
күтуге болады. «Қой аузынан шөп алмайтын момын халық» 
тарпаң мінез танытып жүрмесін. Және басқа уақытта емес, дәл 
өзінің мәртебелі мейман болып жатқан шағында шатақ шықса, 
ол хабар губернаторға жетсе, жайлы тимес. Губернатор уезд 
бастығына онсыз да тиісерге желеу таппай жүрген жан. Оязға 
қарсы бунт шығыпты деген қаңқу – шаншудан жаман.
Ояз Богомолов әуелі қасқа басын түндіктен түскен күннен 
қорғалап, сырғанақ, сусыма шәйі көрпенің үстінде бөксесімен 
жылжып, төменірек сырғып отырды. Онан соң, жаман айтпай 
жақсы жоқ, өзіне қастандық бола қалса, қорғанышы бар екені 
есіне түсті.
– Егорка! – деп дауыстады.
Сыртта: «Түрт, сайтан!» – деп сойқан тілеп тұрған казак-орыс:
– Слушаюсь Ваше высокоблагородие! – деп үйге тұра жүріп 
еді, киіз үйдің орама есігін түртінектеп аша алмады. Шолақ ойына 
осы бас ұрмаңдар оязды әдейі қамап қойған жоқ па деген күдік 
кірді. Штыкпен киіз есікті бір-екі піскілеп те жіберді. Жыланның 
тіліндей болып жалаң-жалаң еткен штыкты көріп ояз одан бетер 
сезіктенді. Соғыс жүріп жатқандай көрінді. Тәлтіректеп орнынан 
тұрып кереге басында ілулі тұрған револьверіне жармасты. 
Сырттан казак-орыс:
– Ваше высокоблагородие, Сізді мына басурмандар қамап 
қойса керек, есік ашылмайды, – деді.
– Ақымақ, управительді шақыр! – деп шаңқ етті ұлық.
Казак-орыс болысты іздеп жөнелді. Дауылбай ауылдағы 
малшы-жалшыны жайдақ атқа қондырып, Алсай тобының алдын 
орап жатыр еді. Казак-орыстың сұсты түрінен шошып қалды. 
Әдепсіз солдат штыкты мылтығын серпи ұстап, ояз отырған 
жабық орданы нұсқап:
– Айда, айда! – деп зекіді. Дауылбай өз адамдарына:


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет