Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет89/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
Дауылбайдың ақ ордасы олимптің төріндегі құдайлардың 
трибунасы тәрізді. Төменде гладиаторлар соғысы. Сақан палуан 
дәу қара айғырға мініп, ылдидан келе жатқан тобырға топандатып 
жетіп барған.
– Қайыршы құсап қайда шұбап бара жатырсыңдар! Ордада 
ояз жатыр. Мына тасыраңбай тағы түрлеріңмен ұлықты 
шошытасыңдар. Қайт! Қайт дегенде қайт! 
Қара айғырды омыраулатып, додаға кіретін көкпаршыдай атты 
қамшылап-қамшылап, ақиландырып, ауыздықпен алыстырып 
қойды. Қара айғыр басып кетер ме екен деп ықтаған жұрт 
ығысып, жапырыла жол шетіне шықты.
– Әй, Қодар, – деді Ахат айылын жимай. – Әкіреңдемей бізді 
Дауылбайдың алдына алып бар. Орыс ұлықты да көрейік. Оған 
да арыз айтайық.
– Ұлықшылын. Ұлықта нең бар?
– Неміз жоқ ұлықта?! Дауылбай арыстай азаматымызды ұрып 
өлтірткізіп отыр. Іздеусіз-сұраусыз сорлы емес, құнымыз бар.
Қара айғыр ауыздықпен алыса-алыса аузынан көбігі 
бұрқырады. Ауыздықпен алыспайын десе үстіндегі адам 
қамшылап тұр. Қамшылап алады да, тағы тізгінді тартады. 
Қамшы салған соң аттың басын қоя берсе болмай ма? Тізгінді 
шірене тартады екенсің, қамшылап нең бар? Ат байғұста тіл 
болса айтар еді, тіл жоқ. Тек ақиланып, көзі шарасынан шытынап 
шығып, ауыздық жырған езуі ырсиып, ақ көбік шашырайды.
– Іздейтін-сұрайтын сонда сендерсіңдер ме? – деді Сақан 
кекесін күлкімен. – Миды ашытпай қайт түге! Өлген адам өлді! 
Оны Дауылбай ұрып өлтірген жоқ. Болысқа жала жапқаның үшін 
алдымен өзің бәлеге қаласың. Итжеккен кетейін деп жүрмесең 
аузыңды жап, аулыңа қайт!
– Ой, Қодар ит, – деп бағанадан бері үндемей тұрған Рысқұл 
сөзге араласты. Астындағы алды биік, жалы сұйық, сидаң торы 
атты жай тебініп Сақанға таяп келді. – Ахат сенің ағаң болад. 
Неге ат үстінде тұрып ақиланасың, көргенсіз. Мына қаралы 
ауыл тұр алдыңда. Надан болмасаң, аруақ атқыр болмасаң, көңіл 
айтпаймысың!


183
Қызыл жебе
Сақан қанша палуан болса да Рысқұл аңшыдан сескенеді. 
Қазір не айтарын білмей тұқшиып қалды. Бірақ бетбақтыққа 
салып, омыраумен алмақ болып, барылдай жөнелді:
– Өлсе – құдайдың ісі. Ажалы жетсе – ешкім де қалмайды. 
Мен ештеңе білмеймін. Болыс қайтсын деп жатыр. Қайтсын 
деген соң қайтыңдар! – деген Сақан аузынан түкірігі шашырап, 
өлер ме күйге түсті.
Сұйық жал торы аяғын киік билегендей бір-бір басып қара 
айғырдың қасына таяна бергені сол еді, Рысқұлдың оң қолы 
сілтеген қылыштай сарт етіп, Сақан палуанның жағасына қона 
кетті. Сұйық жал торыны тебініп кеп қалғанда жануар тастан 
секірген елік құсап, есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды. Мұндай 
нажағай қимыл күтпеген Сақан аттан, борпылдақ топырақтың 
үстіне қалай төңкеріліп бұрқ ете түскенін түсінбей де қалды. 
Есеңгіреп, бет-аузының топырағын да сүрте алмай біраз отырды. 
Сасқанынан:
– Қызыңды... қызыңды, – дей берді.
– Қыздан садаға кет, қыздан садаға кеткір, – деп Рысқұл оның 
бетіне бір түкірді. Қара ат ойқастап, тізгініне шалынып, ауыл 
сыртындағы жылқыға қарай, үстіндегі ер-тоқымымен шауып 
кетіп бара жатты.
Өмірі жауырыны жерге тиіп көрмеген Сақан палуан топыраққа 
аунап аймандай болып түрегелді. Сақан баяғы Соқыр батырдың 
немере інісі еді, күштілігі тартқан, ақылдан құдай кемтар қылып 
қойған. Өз емшектестеріне қарсы қара айғырға міне шауып, 
болыстың бұйрығын орындаймын деп, масқара болды.
– Өңшең сорлы, – деді ол түрегеліп есін жиған соң өз 
туыстарына кекесін зілмен көз тастап: – Ажалды қарға өңшең. 
Бүркітпен ажалды қарға ойнайды деуші еді. Ал, бар болысқа! Бара 
ғой. Бәріңді патшаның солдаттары атып өлтірсін. Менің жаным 
ашып, өзім деп, сендерді оқтан аман алып қалмақшы болғаныма 
сенбедіңдер. Ал, бара ғой, көрейін қарық болғаныңды.
Ахат ойланып қалды.
– Осы Қодар біліп айтса да, білмей айтса да бір шындықты 
шығарып тұр. Ашу үстінде ағылып, аз ауыл түгел шығыппыз. 
Осымыз әбес емес пе екен. Дауға барсаң – бірің бар. Жауға 


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет