Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту


Синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі



бет7/10
Дата09.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#100230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Курсовая работы на тему Синтаксисті оқыту жолдары

2.2 Синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі

Жаһандану үдерісі ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына әкелді. Бүгінгі күн талабы антропоцентристік парадигманың нәтижесінде туындаған қағидаттарды бір арнаға тоғыстыруды және оны тілді оқытуда қолдануды қажет етіп отыр. Сол себепті синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды тіл біліміндегі жаңа бағыттармен байланыста ұйымдастыру көзделді.


Синтаксисті коммуникативтік лингвистикамен байланыста оқытудың рөлі ерекше. Өйткені тілдік қатынас синтаксистік бірлік арқылы жүзеге асады. Студент сөйлесім әрекетін тілдік жағдаятта қолданады. Нәтижесінде қарым-қатынастың түрлерін игеру арқылы оны кез келген жағдаятта орынды қолдануға дағдыланады.
Білім мазмұнын танымдық әрекеттер (қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою) арқылы меңгерту синтаксисті оқытудың когнитивтік лингвистикамен байланысын көрсетеді. Когнитивтік лингвистика синтаксистік бірліктердің танымдық аспектілерін әр қырынан айқындап, студенттің таным үрдісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Мысалы, студент сөз тіркесінің танымдық табиғатын түсінумен қатар, оны қалай, қандай жағдайда қолдана білу керектігіне мән береді. Студент білімін тілдік бірліктерді пайымдау арқылы қолдануға жаттығады. Ол тілдік бірліктердің мағыналық реңкін әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізуге дағдыланады. Сөз тіркесі мен сөйлемді және мәтінді меңгертуде ой салатын, өз пайымын дәл, нақты жеткізуді талап ететін тапсырмалар студенттердің танымдық іскерліктерін дамытады.
Функционалды грамматика тілдік бірліктердің қолданылуының мағыналық, мазмұндық жағын, тіл деңгейіндегі қарым-қатынастық қызметін сөйлеу жағдаятымен сабақтастықта қарастырады. Студент синтаксистік бірліктердің қарым-қатынас бірлігі ретіндегі жұмсалымдық қызметі мен өзіне тән белгілерін игереді.
Синтаксистік бірліктердің прагматикалық тұрғыдан зерделенуі студенттің тіл арқылы қарым-қатынас жасау жолдарын меңгеруіне көмектеседі. Синтаксис тілдік бірліктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырса, прагмалингвистика сөйлеу материалын баяншы мен қабылдаушының қалай қолданғанын айқындайды. Студент тілдік әрекеттердің субъектісі ретінде танылады. Прагмалингвистика баяншының белгілі бір міндетті шешу үшін тілдік бірліктерді қалай таңдайтынын қарастырады. Ол үшін сөйлемдегі тема мен реманы, синтагманы, автордың тілдік қолданысын айқындауды қажет ететін тапсырмалар беріледі. Студенттер баяншы мен қабылдаушының назарын аударуға тірек болатын сөз тіркесі, сөйлем, мәтін және тыныс белгілердің прагматикалық мақсатта қолдануын біледі.
Қазіргі таңда студенттің тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіру, рухани жан-дүниесін байыту мәселесіне басымдылық берілді. Ж.Манкеева «халқымыздың материалдық, өндірістік деңгейі мен рухани өрісін бейнелейтін ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау – этнолингвистиканың міндеті» екенін айтады [14, 18].
Синтаксисті оқытуда ұлттың дiни-наным сенiмi, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен дәстүрiн тілдік бірліктерге назар аудара отырып меңгертуге мән берілді.
Паралингвистикалық амалдар баяншының әлеуметтік жағдайы, жас мөлшері, мінез-құлқы туралы қосымша мәліметтер береді. Студент синтаксистегі үнемдеу құбылысы т.б. арқылы мимика, ым, ишара кинемасының тілдік қолданыстағы рөлін таниды. Кинемалық амалдарды игереді.
Сонымен синтаксисті салааралық байланысты негізге ала отырып оқыту синтаксистік бірліктердің танымдық, прагматикалық, паралингвистикалық т.б. қызметімен студентті таныстыруға мүмкіндік береді. Олардың этнолингвистикалық білімін тереңдетуге көмектеседі.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың лингвомәдениеттанымдық негізі. Мәдениет – адамзат баласы қызметінің жемісі. Қарым-қатынас құралдарының адам санасына, іс-әрекетіне әсер етуі, адам болмысын, оның мәдениетінің көрінісін айшықтайды. Қазiргi таңда «тiл мен мәдениет, этнос» мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласындағы зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын танытуға бағытталды. Антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулер «Тіл-Адам-Қоғам-Табиғат» байланысы тұрғысынан қарастырылады. Осыған қатысты келелі тұжырымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Аманжолов, т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімінің болуын талап етеді. Бұл студенттердің тарихын, өз елінің мәдениетін жете біліп, ұлттық құндылықтарды игеруімен байланысты. Студенттің мәдени біліктілігінің болуы олардың мәдениетаралық коммуникацияға түсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде студент дара тұлға ретінде қалыптасады. Тілдің халықтық дүниетанымды, салт-дәстүрді, ұлттық болмысты және т.б. танытатын этномәдени ақпарат құралы ретінде жұмсалуынан мәдени-тарихи және ұлттық болмыс туралы ақпараттарды мәдениетаралық қарым-қатынас тұрғысында игереді. Студент саналы, адамгершілік, қоғамдық қарым-қатынастардың мәдени коммуникация арқылы орындалатынын біледі.
Ә.Әлметова «адамның сөйлеу тілі арқылы көрінетін ұлттық мәдениет қана лингвомәдениеттанудың нысаны» бола алатынын, «тіл ұлттың негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, сол халықтың мәдениетін» көрсететінін нақты фактілер арқылы дәлелдеді. «Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен» шектелмейтінін, «ол лингвоелтанушылық білімді қажет» ететінін дәйектеп, тілді үйретудегі лингвомәдениеттанудың рөлін айқындады. Ғалымның тұжырымы бойынша, «қазақ халқы туралы мәдениеттану мәліметтері сөйлеу әрекетінің кез келген түріне оқытуда, өнімді түрі болсын, баяндау түріне оқыту болсын, маңызды рөл атқарады» [15, 131, 178, 191] .
Синтаксисті меңгертуде дәріс, практикалық, СӨЖ, СОӨЖ сабақтарында халық өмірінің даналығы, мәдениеті және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің тілдегі көрінісінен студент тіл құдыретін сезініп, тарих, мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауында сақталған ұлттық құндылықтарды меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет