М.И. Боргояков алдымен
Сөгеті (ива, тальник) аталған
атаулар кейін
Сүтті (молочный) түріне көшкен деп қарайды
(М.И. Боргояков. К
вопросу этимологии гидронима «молоч
ный». Жур. «Советская тюркология». 1970, №5, стр. 85-87).
СУРГУТ - Солтүстік Қазақстан
облысы
Соколовка
ауданындагы Никулин көлі маңындағы жер аты.
Осы жерде
экспедицияда болған іздеуші инженер Г. Русанов жергілікті
өлке зерттеушісі Ф.Я. Показаньевтің аузынан бүл сөз хан
ты тіліндегі соркути (сорная рыба) сөзінен қойылған дегенді
естиді. Инженер Г. Русанов Тюмень облысындағы Обь өзенінің
бойындағы Сургут каласы да осы сөзбен түбірлес болуы
ықгимал деп есептейді. Петропавловск (Қызылжар) қаласын-
дагы облыстык Өлкетану музейінің
аға ғылыми қызметкері
Г.Б. Зданович те осы пікірді толық қолдайды («Тайна Сургу
та». Статья, газ. «Ленинское знамя» от 17/IX-69, № 210). Осы
авторлардың пікірі дұрыс болуы да ықтимал, өйткені ханты-
мансий үлт округінің территориясы бұл жерден онша қашық
емес.
СУЯБ - Шу өзенінің бойындағы тарихи қаланың аты. Бүл
кала туралы мынадай тарихи деректер бар. 563-567 жылдары
түркілер эфталиттерді жеңіп, мемлекеттік басшылыкты
қолына
алды. 581 жылы түркі қағанаты екіге бөлінді: шығыс қандығы
(орталығы Монголияда), батыс хандығы (орталығы-Жетісуда
Шу езені бойындағы Суяб деген қала). Батыс түркі қағанатына
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандары енді.
Бұған үйсін, қаңлы, қарлық, түргеш, шығыл, яғма (жайма)
сияқты үлкен тайпа одақтары енді. Бұл тайпалардың бэрі түркі
тілдес болды (Қазак ССР тарихы. 1 том, орыс тілінде. Алматы,
1957, 56-57 беттер).
Акад. В.В. Бартольдтің пікірі бойынша Суяб қаласының аты
түркі-соғди сөздерінен бірігіп жасалған. Оған мынадай тарихи
және географиялық факторлар себепші болған. Суяб қаласы Шу
өзені мен Чоң-кемин өзендерінің түйіскен жерінде салынған.
182
Шу өзенің бойында келімсек соғдилар болған.
Осы екі өзеннің
қосылуы және Шу өзенінің бойында соғдилардың болуы Суяб
деген атаудың жасалуына себепші болған (В.В. Бартольд.
Очерки истории Семиречья. Фрунзе, 1943,
21
бет).
Сөйтіп, бүл атау екі сөздің қосындысынан жасалған: түркі
сөзі - су+соғди сөзі -аб. Соғди тіліндегі аб бүл Да су деген сез.
Суяб қаласының аты «су бойындағы қала» деген мағынаны
білдірген.
СҮМБЕ
-
Алматы
облысындағы
өзен,
Целиноград
облысындагы тау аты. F. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бұл
монғолдың сүме (монастырь, күмбез) деген сөзінен қойылған.
Осы аталған жерлерде осындай күмбездер болған (Г. Қонкаш-
паев. Географические названия монгольского происхождения...
Известия АН КазССР. Серия
филологии и искусствоведения,
Вып. I (11), 1959,94 беті). Монғолша-қазақша сөздікте сүм сөзін
меші деп аударган. Ал бүган бе компоненті қалай қосылған
белгісіз.
Сондықтан сөз этимологиясын біз басқаша қараймыз.
Осы сөздікте сүмбэр сөзін «биік, қүзар, зәулім» деп аударған.
Сондықтан Целиноград облысындағы және Қаратаудағы тау
аты монғолдың осы сүмбэр сөзімен де байланысты болып,
«биік тау» дегенді білдіруі мүмкін. Монгол тілінен жасалған
бұл атауды түркі
тілдес халықтар қолданганда, сөз аяғындагы
р дыбысын түсіріп айтуы да ықтимал. Өйткені р, л, н дыбы-
стары түркітілдерінде түрақсыз екені белгілі (Н.К. Дмитриев.
Неустойчивое положение сонорных р, л, н в тюркских языках.
ИСГТЯ, 1,
фонетика, М., 1955, стр. 265).
Достарыңызбен бөлісу: