194
(С.А. Аманжолов. Вопросы диалектологии... Алма-Ата, 1959,
стр. 244). Жоғарыда келтірілген фактілер р//л немесе л//р
дыбыстық алмасулары табиғи тілдік құбылыс екенін көрсе-теді.
Ендеше Талас атауының Тараз деп аталуы әбден заңцы.
Ал сөз аяғындағы з//с дыбыстарының да алмасуы түркі
тілдеріне тэн құбылыс. 3 дыбысы огуз тілдерінде тұрақты, ал
қыпшақ тілдерінде эдетте с дыбысына айналады (Ф.А. Абдул
лаев. Указ, раб., стр. 93-94).
Зерттеуші Қ. Өмірәлиев атаудың аяғындағы -ас бөлшегі
фин-угор тіліндегі «өзен» деген мағынаны беретін сөз, «бұл сөз
фин-угорлар мен түркі тілінің алтай дэуірін ортақ белгі де бо-
луы мүмкін» деп қарайды (Қ. Өмірәлиев «Қазықұрт» жэне оған
қатысы бар топонимдер жайлы». «Қазақстан мектебі» журналы,
№ 4 , 1967, 82 беті).:
Талас өзенінің маңында фин-угор халыктары болған; жоқ,
сондықтан бұл манда фин-угор-түркі ортақтықтығына байла-
нысты атау да болуы күдікті, сол себептен автордың бүл пікірін
біз қүптай алмаймыз.
Қорыта келгенде атау этимологиясының кескіні мынадай
талай//далай (түркі-монғол тілдеріне ортақ «су», «өзен» деген
сөз)+с (түркі-монғол тілдеріндегі көптік мағынаны білдіретін
көне жүрнақ).
ТАЛҒАР - Алматы облысындағы тау аты. Талғар - Іле
Алатауының ең биік шыңы, биіктігі - 5017 м. Талғар шыңынан
батысқа қарай да, шығысқа қарай да Іле Алатауы төмендей
береді. Талғар Шелек-Кемин тау торабында орналасқан.
Талғардың Іпе Алатауының ең биік тауы (нүктесі) болуы оның
атының қойылуына да ықпал еткен.
Біздіңше Т а л ғ а р атауы екі компоненттен қүралған: Тал+
гар. Т а л - тәжік тілінде «холм, пригорок, горка, возвышен
ность, бугорок» (Таджикско-русский словарь. М., 1954, стр.
377).
195
Атаудың екінші бөлімі ғар көптеген семья тілдерде, соның
ішінде түрк тілдерінде де тау дегенді білдіреді. Бұл жөнінде
көрнекті топонимист Э.М. Мурзаевтың мына пікірін еске сала
кеткен орынды:
«Внимательный топонимист заметит сходство семантики и
фонетики во многих словах, относящихся к разным языкам ин
доевропейской семьи или даже за пределами ее. Приведу такой
ряд с упоминавшимся термином гора: слав, гора, афг. гар в том
же значении, алб. gur, арм. кар «камень», др.-инд. giris, авест.
gairu «гора», хинди гар «замок, крепость», тибет. гархи «кре
пость», топоним Гардой (Ягноб, Тадж. ССР) «горная земля»,
груз, дога «горка», азерб. отгар «гора с хорошими пастбища
ми» (тюрк, от - «трава»). Пока связь всех этих элементов лег
ко объяснима: в тибетском языке можно думать о заимствова
нии из хинди или санскрита, в азербайджанском и грузинском
из окружающих индоевропейских языков, в первую очередь
из иранских, которые обогатили лексику кавказских языков»
(Э.М. Мурзаев. Местные географические термины и их роль в
топонимии. Сб. «Местные географические термины». М., 1970,
стр. 23).
Э.М. Мурзаевтың бұл пікірінің бірінші салыстыру бөлімі
әбден дұрыс. Бірақ гар//гора термині үндіевропа тілдерінен
басқа тілдерге ауысты деуі талас туғызады, өйткені кар//кер//
қр формадағы сөздер «тау, тас, шың» мағынасында семит-
хамит, картвель, үндіевропа, урал, дравид жэне алтай (түркі
тілдері осыған кіреді) семья тілдерінде кездеседі (В.М. Иллич-
Свитыч. Опыт сравнения ностратических языков. М., стр.
340-341).
Қ а р / / к е р ,
ғ а р / / г е р ,
қ а р а / / ғ а р а / / г о р а элементтерін
біз Керей (IV тарауды қараңыз) этнотопонимі этимология-
сын талдағанда толық тоқтағанбыз. Сол себептен біз Т а л ғ а р
оронимінің екінші ғар бөлегін осы элементтермен тығыз байла-
нысты деп қараймыз.
196
Сонда Т а л ғ а р оронимінің этимологиясы былай: Тал (иран-
ша: «тау»)+гар (көптеген тілдерде соның ішінде көне түркі
тілінде де: «тау»), яғни «тау»+«тау». Мұндай бір мағыналы
сөздің қабаттасуы топонимикада жиі кездесетін құбылыс:
Д а б ы с ы н т ұ з с о л ь (монғолша давен - «түз» + қазақша -тұз +
орысша «соль», сонда: түз+түз+тұз), Қ о я н д ы -Т о л а й (қазақша
қоянды + монғолша т у у л а й «қоян» - қ о я н д ы + қ о я н ) т. б.
Сонымен Талғар атауы өте ертеде кептеген тіл бірлігі зама-
нында жасалган. Мұның ғ а р компоненті ең көнесі, өйткені бұл
жоғарыда көрсетілген алты семья тілдерінде кездеседі. Ал т а л
«тау» мағынасында тэжік (иран тіл семьясына жатады) тілінде
ғана кездеседі, сондықтан бұл кейін қосылған болуы керек.
Алғашқы қауым адамдары ат қойғанда «Алатау», «Қаратау»
деген атаулар болмаған, бұл типтес атаулар тек тау деп қана
аталған. Сол себептен екі семья тілдегі т а л (ирадша)+ғар (түркі
т. б. тілдерде) - «тау»+«тау» типімен жасалуы әбден орынды
жэне Іле Алатауының ең биік шыңын иран тілдестер де, көне
түркілер де өз тілдерінде әр қайсы тау деп атауы да ороним
рельефін анық көрсетіп тұр.
Жергілікті қазақтар тілінде «Талғардың тал шоқысы» деген
сөз тіркесі бар. Мұндағы тал да, иран тіліндегі т ал да иран
тіліндегі т ал деген сөзден алынған сонда бұл «Талғардың тау
шоқысы» (яғни «ең биігі») деген сөз.
Т А Ң С Ы Қ - Семей облысындағы өзен жэне темір жол
станциясының аты. Станция аты өзен атынан қойылған.
Ел аузында «Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу» жырындағы Таң-
сықтың атына қойылған деген аңыз бар. Бұл біздіңше «халық-
тық» этимология.
Ж. Болатов сөз этимологиясы туралы былай деп жазды:
«Таңсық-монғол, қалмақ тілдерінде өткір, ерке, тэлпіш, асау
мағынасындагы сөз» (Ж. Болатов. Тұраты селосында тұратын
қазақтардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер. Сб. «Исследова-
197
ния по тюркологии». Алма-Ата, 1969, стр. 234). Бұл этимоло-
гияны келтіруге автордың мына сөзі себепкер болды:
«Бұл жер-су аттары біздің зерттеу объектіміз болтан өңірде
кездесумен бірге, Қазақстан т. б. жерлерде де бар. Біздің эти-
мологиялық ізденуіміздің олардың да мағыналық төркінін
ашуга белгілі дәрежеде пайдасы тиюі мүмкін» (Сонда, 238
беті).
Монгол және бурят-монгол сөздіктерін қарағанымызда,
т а ң с ы қ сөзінде, оның Ж. Болатов айтқандай «өткір, ерке,
тэлпіш, асау» деген мағынасын да кездестіре алмадық. Ал
«Монғолша-қазақша сөздікте» (Уланбатор, 1954, 117 беті)
«танс (маньч.) - еркелету, мейрімділік» деп берілген. Монгол
тіліне маньчжур тілінен енген бұл сөз Т а ң с ы қ гидронимінің
негізі бола алмайды, өйткені, біріншіден, сөз мағынасы өзен
атына тән емес, екіншіден, -ы қ не екенін түсіндіріп беру қиын.
Біздіңше Т а ң с ы қ гидронимі екі компоненттен жасалған:
таң + суқ> таң сы қ. Мұның бірінші т а ң бөлімі - «ғажайып»,
«ғаламат», «қызық», «таң қалғандай» деген көне түркі сөзі
болуы керек. М. Қашқари т а ң сөзіне осындай түсінік берген
(III, 366 беті). Сөздің осы магынасы басқа да коне түркі
нұсқаларында бар (Древнетюркский словарь. Л., 1969, стр. 532).
Ал екінші белімі суқ>сық коне түркі тілінде «су», «өзен» де
ген сөз. Сонда Таңсұқ>Таңсық гидронимінің коне магынасы -
«жақсы өзен».
ТАРАТЫ - Шығыс Қазақстан облысы Большенарым
ауданындагы жер аты. Ж. Болатовтың пікірінше бұл монғолдың
тарис - «астық, егіс» деген сөзінен алынған (Ж. Болатов. Шығыс
Қазақстан облысы... қазақгар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер
туралы.
«Қазақ
тілі
тарихы
мен
диалектологиясының
мэселелері», жинақ, 5 шыгуы, 1963, 186 беті). Біздің ойымыз-
ша, бұл атауга монғолдың та р и а деген сөзі жақын. Монғолша-
қазақша сөздікте бұган: 1) егін, астық, егістік, 2) екпе деген
түсінік берілген (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша
Достарыңызбен бөлісу: |