Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Тест: «Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай?»



бет42/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Тест: «Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай?»
Нұсқау: Сіздің өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді қаншалықты дұрыс бағалайтыныңызды анықтайтын тестті орындаңыз. Берілген сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз. Жеке бетке өз жауаптарыңызды жазыңыз (мысалы, 1-а, 2-ә, З-а т.с.с).
1. Қоршаған әлем жақсарады деп санайсыз ба?
а)иә;
ә) жоқ;
б)иә, бірақ барлығы емес.
2. Қоршаған әлемді айтарлықтай өзгертуге өзіңіз үлес қоса аламын деп ойлайсыз ба?
а)иә, көп жағдайда;
ә) жоқ;
б)иә, кей жағдайда.
3. Сіздің пікіріңізше, сіздің кейбір ойларыңыз өзіңіз таңдаған салада айтарлықтай прогресс туғызады деп ойлайсыз ба?
а) иә;
ә) жағымды жағдайларда, иә;
б) тек кейбір дәрежеде ғана.
4. Сіз болашақта түбегейлі өзгеріс жасауда соншалықты маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба?
а) иә,
ә) мүмкіндігі өте аз;
б) мүмкін.
5.Сіз бір іс-әрекетті жасауда өз бастамаңызды аяғына дейін орындай алатыныңызға сенімдісіз бе?
а) әрине;
ә) жасай алатыныма жиі күмәнданамын;
б) сенімсіздіктен сенімім жоғары.
6. Сіз өзіңізге мүлдем таныс емес іспен жиі шүғылданғыңыз келе ме?
а) иә, өзіме беймәлім нәрсе мені қызықтырады;
ә) жоқ, қызықтырмайды;
б) барлығы істің өзіне және жағдайға байланысты.
7. Сізге өзіңізге таныс емес іспен айналысуға тура келді делік. Сізде сол істі жоғары дәрежеде орындап шығу сезімі пайда бола ма?
а) иә;
ә) қаншалықты үлгеріп істегеніме қанағаттанамын;
б) егер бұл маған ұнаса, иә.
8. Егер іс өзіңізге таныс болмаса, сіздің ол туралы бәрін білгіңіз келе ме?
а) иә;
ә) жоқ, ең бастысын ғана білу керек;
б) жоқ мен тек қана өз қызығушылығымды қанағаттандырғым келеді.
9. Егер сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз:
а) ақылға қонымсыз болса да, біраз уақыт табандылық керсетіп тырысасыз;
ә) істің өнбейтінін сезісімен, қолыңызды бір-ақ сілтейсіз;
б) кедергілердің қиындығын көріп тұрсаңызда ісіңізді жалғастыра бересіз.
10. Мамандық таңдауда … ескеру қажет:
а) өз мүмкіндіктеріңізді және өзіңіздің болашағыңыз үшін маңыздылығын;
ә) мамандықтың тұрақтылығын, маңызын, қажеттілігін, мамандыққа деген сұранысты;
б) оның Сізді қамтамасыз ететін артықшылықтарын.
11. Егер сіз саяхаттап жүрсеңіз, бұрын жүрген бағытты оңай бағдарлай аласыз ба?
а) иә;
ә) жоқ, жаңылып қалудан қорқамын;
б) егер ол жер маған ұнаған болса, иә.
12.Сіз әңгіме аяқталғаннан кейін бірден әңгіменің не туралы
болғанын еске түсіре аласыз ба?
а) иә, еш қиыншылықсыз;
ә) бәрін еске түсіре алмаймын;
б) маған қызықты көрінгенін ғана еске түсіремін.
13.Сіз бейтаныс тілде айтылған сөзді оның мағынасын түсінбесеңіз де, буын бойынша қатесіз қайталап бере аласыз ба?
а) иә, еш қиыншылықсыз;
ә) иә, егер ол сөз тез жатталса;
б) онша дұрыс болмаса да, қайталаймын.
14. Бос уақытыңызда сіз ... қалайсыз:
а) жалғыз қалып ойланғанды;
ә) компанияда болғанды;
б) жалғыз боламын ба, әлде компанияда боламын ба, маған бәрібір.
15. Сіз бір іспен айналысып жатсаңыз, оны тоқтатуды шешесіз, егер:
а) ісіңіз аяқталып және сізге өте жақсы орындалған болып
көрінгенде;
ә) сіз орындалған іске қандай болса да көңіліңіз толғанда;
б) сіз әлі толығынан орындап болмасаңыз да.
16. Сіз жалғыз болғанда:
а) қандай да бір, мүмкін абстрактілі нәрселер туралы армандағанды жақсы көресіз;
ә) өзіңіз қалай болғанда да бір нақты іс тапқыңыз келеді;
б) кейде өзіңіздің жұмысыңызға байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасыз.
17. Сізді бір идея баурап алса сіз ол туралы ..............ойлайсыз:
а) қайда және кіммен бірге болғаныңызға қарамастан;
ә) тек жеке қалғанда;
б) тыныштық болған жерде ғана.
18. Сіз бір көзқарас (пікірді) дәлелдеу кезінде:
а) оппоненттеріңіздің дәйектемелері сізді иландыратын болып
көрінсе, өз пікіріңізден қайтасыз;
ә) қандай дәлелдерді естісеңіз де өз пікіріңізде қаласыз;.
б) қарсылас өте күшті болса пікіріңізді өзгертесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет