Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Нәтижелерді өңдеу және түсініктеме беру



бет43/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Нәтижелерді өңдеу және түсініктеме беру
Әрбір «а» жауабы үшін 3 балл,
«ә» жауабы үшін 1 балл,
«б» жауабы үшін 2 балл беріледі.
1, 6, 7, 8 сұрақтар сіздің білімге деген құмарлығыңыздың шектерін көрсетеді,
2, 3, 4, 5 сұрақтары өзіңізге деген сенімнің белгісі,
9 және 15 сұрақтары – тұрақтылық белгісі,
10 – амбициялық белгісі,
11 – көргенді есте сақтау белгісі,
12, 13 - естігенді есте сақтау белгісі,
14 - тәуелсіз болуға сіздің құлшынысыңыз,
16, 17 – абстракциялану қабілеті,
18 – зейіділік дәрежесі.
Баллдардың жалпы қосындысы шығарылады. Жинақталған жалпы балл саны сіздің шығармашылық әлеуетіңіздің көрсеткіші.
49 және одан жоғары балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз айтарлықтай, бұл сізге шығармашылық мүмкіндіктерін еркін таңдауға негіз бола алады. Егер сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді іске асыра алсаңыз, шығармашылықтың қай түрі болса да қолыңыздан келеді.
24-48 баллға дейін. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз нормаға сай, сізде шығармашылықпен айналысуға барлық қабілеттер бар, алайда кедергілер де бар. Егер сіз тек қана табысты болуға бағытталсаңыз, сіз үшін ең қауіптісі - қорқыныш. Сәтсіздіктен қорқу сіздің қиялыңызды - шығармашылықтың негізін қыспаққа алып, матап тастайды. Қорқыныш әлеуметтік те болуы мүмкін, бұл - қоғамның айыптау қорқынышы. Кез келген жаңа идея адамның айналасындағылардан күтпегендік, таңдану, танымау, мойындамау кезеңінен өтеді. Өзгелер үшін тосын жаңалық, әдеттегіден тыс нәрселерді мойындамаушылық сіздің шығармашылық белсенділігіңізге бөгет болады, ал мұның нәтижесі шығармашылық тұлғаның деструкциясына әкеліп соғады.
23 және одан да төмен балл. Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз өкінішке орай көп емес. Мүмкін Сіз өзіңізді жете бағаламайтын шығарсыз? Өз күшіңізге сенімнің жоқ болуы Сізді өзіңіздің шығармашылық ізденіске, жаңалыққа қабілетті емес деген ойға жетелейді. Ондай ойдан арылыңыз да мәселенің шешімін табуға тырысыңыз.
Міне, осындай көптеген диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап, сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа баулудың бір жолы – оларды шығармашылық позицияға қоятын педагогикалық поцестің элементарлық бірлігі болып табылатын педагогикалық ситуация. Әр педагогикалық ситуация білім алушының толыққанды дамуына, шығармашылықа ынталандыруға ықпал беруі қажет.
Қалыптасқан, орнығып қалған оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдер жүйесінен шығу жолдарының бірі жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу, оларды өз тәжірибесінде қолдана білу. Қазіргі кезде білім беру саласындағы оқыту, тәрбиелеу технологиялары оқушы тұлғасын белсенді позицияға қойып, оның ішкі қабілеттерін барынша дамытуға бағытталған.Болашақ мамандарға үнемі өзгеріп тұратын жаңа тұжырымдамалар, реформалардың мән мағынасын жете түсіне білулері де маңызды. Сонымен қатар студенттік жастан бастап ғылыми-зерттеу жүмыстарына белсенді қатысу да шығармашылықты шыңдауға көмектеседі.
Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі қажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жинақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашқы мұғалімдік қызметінде жақсы септігін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына қатысты Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды.
Болашақ ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға
олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді педагогикалық басылымдарды өз беттерінше зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері, құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің педагогикалық қорын байытулары жақсы ықпал етеді, олардың кәсіби табысты нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық практика кезінде студенттерге нақты мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім міндеттерінің сан алуан түрлерімен танысып оларды шығармашылықпен шешіп көруіне, өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге, өздерінің педагогикалық шеберліктерін сынап көруге, «ұстаз-шәкірт» қарым-қатынас жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең маңыздысы осындай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандығының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

  1. «Шығармашылық» терминін қалай түсінесіз?

  2. Педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?

  3. Жаңашыл-педагогтардың идеялары туралы не білесіз?

  4. Шығармашылық іс-әрекет қандай кезеңдерден құралады?

  5. Стратегиялық міндеттерді қалай түсінесіз?

  6. Тактикалық міндеттерді қалай түсінесіз?

  7. Оперативтік міндеттерді қалай түсінесіз?

  8. Қандай жаңашыл педагогтарды білесіз?

2

№ 12 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет