Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет24/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек.
Ашуың - ашыған у, ойың - кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?


Жас - қартаймақ, жоқ - тумақ, туған - өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.


Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.


Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек.
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық, көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.


Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?


Наданға арам ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.


Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек,
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.


Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.


Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.


Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.


Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?


Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.

Өлең мазмұны оқушыны бірден баурап ала қоятындай емес, күрделі, ойлануға шақырып тұр. Ұғымдық ақпарат кісі тіршілігінің мәнін бағалауға құрылғандықтан да, ақылмен терең барлауға жетелейді. Ақыл мен ақылсыздық, кісілік пен надандық, шайтан өрнек пен періште ісі қатар қатталып келіп, адамгершілік нормаларының қалыптасқан, қоғами сана қабылдаған жолы мен жүйесінің кедір-бұдыры бағаланып көрсетіліп, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жирен дейтін» халықтық сана қалыптастырған дүниетаным негізінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі нақты аталады. Ия, Абай бағалауы біреудің жақсылығы мен жамандығын, адамдығы мен надандығын көрсету үшін жазылмайды, ол жалпы кеңістіктегі адамның орнын, қызметін, тіршілік үшін күрестегі рухани өлшем мен саналы тірліктің бағасын арттыру үшін жазылады.


Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер, - деп отыз жетінші Қара сөзінде қалай сабырмен салмақтап, өткінші тіршіліктің мәнін сараласа,
«Жас - қартаймақ, жоқ - тумақ, туған - өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек - деу арқылы да күйбеңдеп жүріп, күніңнің қалай өткенін білмей, «қамшының сабындай» ғана деп баға берген тірліктің өзгермелілігін толғайды, толғанады, Сізді де толғантады. Адами құндылықты айқындайтын аксиологиялық бағалау, біздіңше, осында жатыр, өйткені адам баласы үшін ең маңызды құндылық – Алланың өлшеп берген «өлшеулі ғұмыры», тіршілігі. Адами осы құндылықты ақылды кісі мен наданның қалай өткеретіні кезектесе тізбеленіп, салыстырылады, өлең өрнегімен зияткерлік өресі айқындалып, адам қызметінің күнделікті тәжірибесі көз алдыңыздан сырғы-ы-п өтіп жатады. Яғни бағалау жалпы емес, нақты жағдаятқа құрылып, надандық артып, ел іші дүрмекке ерсе, «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек» екенін ерекше ескертеді. Аксиологиялық бағалау «жақсы мен жаманды» қарама-қарсы қою арқылы негізделіп, құндылықтың бағалауы тілдік таңбамен осылайша өрнектеледі.
Абай бағалауында қалыптасқан стереотип болмайды, өлең өзегі нақтылыққа, бүтіндікке құрылады да, әрбір бағалау кісі мінезіндегі дерекпен уәжделеді. Мәтінде көрінетін әрекеттің жалғаны жоқ, осындай мінез, осындай адами болмыс біздің елдің баласында жоқ деп (немесе қазір жоқ деп) ешкім де айта алмас еді. «Ауруын жасырғанның» не боларын айтып дүниетаным қалыптастырған Абай бағалауын әрқайсымыз қабыл алып, нәтижелі іске ұмтылсақ, сол игі. Мұндағы бағалау субъектісі - жалпы қоғам. Абай ұлылығы сонда, ол қоғамның ойын, тұжырымды пікірін сөзбен таңбалайды. Бағалау нысаны – адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет