Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет21/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Мені мен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі - ол баяғы.
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Өлең мәні күрделі. Шындықтың түбіне жету үшін түзу ой мен терең ақылды қажет ететін, білсең де қабылдағың келмейтін, айтуға бата алмайтын, адами болмыстың қабырғасын қақыратып, шындықтың бетін ашқан өлең бұл. Өлең мәтініндегі бағалауда, біздіңше, эмотивті компонент басым. Адам санасындағы әлем бейнесінің ішкі сипаты анық таңбаланады да, шындық болмыстағы кейіп нақты кескінделеді. Рационалды ойлауға рационалды бейне сәйкес келгендей. «Адам бір боқ, көтерген боқтың қабы» - ақынмен келіспейсіз бе? Ойланыңыз, түсінесіз, ұғынасыз, келісесіз!
«Менімен сен тең бе деп мақтану» – білімсіздік белгісі. Тағы да ойлану жөн болмақ. Айналамызда мұндай адамдар да баршылық. Қазақи дүниетаным мұндайда «жақсылар жақсымын деп айта алмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды» дер еді. Ойлау мен әрекеттің көрінісі ішкі әлемнің тілдік бейнесі арқылы осылайша таңбаланып, нақтыланып, ойлануға қайтадан ықпал етеді. Өлең мәтінінде адам тіршілігінің мәнін анықтап, жөнін белгілеудің авторлық критерийі (шегі) көрсетілген. Авторлық бағалаудағы данышпандық таңдау: «Адамды сүю, Алланың хикметін сезу». Сөздердің орынды қолданысы, етістіктердің мағыналық құрылымының түзілген ойдың мағынасын тиянақты бейнелеуі үлкен таланттың ғана емес, дананың ғана қолынан келетін өрнек екенін түсінесіз, мойындайсыз, таңданасыз. Қуанасыз! Бағалайсыз! Қуанатын себебіңіз – қазақи дүниетаныммен, қазақи түсінікте, қазақ тілінде жасалып жатқан адами құндылықты көріп, тамашалап, риясыз көңілден туған ризалық сезімнің сыртқа шығуынан.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Өлең мәтінінің тұжырымы – осы. Бұл жастарға, балаларға арналмаған, көзі көп нәрсеге ашылған, талай жасқа келгендерге арналып айтылған. «Адамды сүю, «Алланың хикметін сезу» деген тіркестердегі «сүю», «сезу» етістіктерінің терең мағыналық құрылымы мен сөз тіркесінің беретін мағынасының арасындағы семантикалық байланыс соншалықты нақты, анық, сәтті. «Адамды сүюден» артық адам баласының қолынан келетін бір жақсылық бар ма? Барлық адамның қолынан келетін жақсылық атаулының негізгісі – сүюден басталып, сүюмен тұйықталмай ма?! Адамды сүю – жақсылық қасиет атаулының басында тұратын тегеріштей. Сүю бар жерде жамандық атаулыға орын жоқ. «Сүю» жалған болса, оның жанынан «қызғаныш» атты қызыл ит қалмай ілеседі де, өзге жаманшылықтарды ілестіре әкеліп өзінше салтанат құрады. Онда «сенімге» орын қалмайды да, сорлайды. Ал «Алланың хикметін сез» тіркесіндегі «сезу» етістігінің келуінің де семантикалық мағынасы ерекше. Алланың хикметін сезу арқылы тіршіліктің мәні туралы түсінігіңіздің өзгеретіні өлеңде анық көрініс тапқан.
Өлең мәтініндегі бағалаудың шындық болмыспен, адами кейіп-болмысымен сәйкес келуі – объективтіліктің көрінісі мен субъектілі көзқарастың нақты бейнеленуінен. Бұл тағы да адами болмыстың ағымдағы нақты жағдайына негізделуінен. «Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы». Адамның жағдайы осылай, бұл – пенденің физиологиялық ағзасына қатысты; «Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі - ол баяғы» - адамның психологиялық жағдайы. Тіршіліктің қоңыр күйін тыңдай жүріп, адам баласы кіммен араласпайды, көріспейді, әңгімелесіп сырласпайды дейсіз! Сірә, мақтанбайтын, мақтана алмайтын бір қазақ баласын көрмедім. Абай данышпан қателеспеген, бұл ұлттық ділге еніп кеткен бір пенделік қасиет. Мақтанып, мен далаға қараймын, мақтанып қалаға қараймын, мақтанып зәулім үй саламын, мақтаныш тұтып мешіт саламын, мақтанып ... мақтанамын...
Ия, ендеше, Абай данышпан айтып отырған сөзде жалғандық бар ма, немесе бұл маған қатыссыз деп айта аласыз ба? Бағалаудың басты мазмұнын анықтайтын критерий - күнделікті болған жағдаят пен шындық әрекетке негізделуі. Енді бағалаудың қорытындысы немесе нәтижесіне тағы назар аударалық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет