Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет22/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Абай бағалауындағы байлам осы. Таңдау адам баласының пайдасын көздейді. Өлең мәтініне терең бойлап, сүңгіп қарау қажет. Біздіңше, мұнда эпистемологиялық рациональдылық бар. Эпистемиологиялық рациональдылық адам санасында әлем бейнесі мен әлемнің өзінің арасындағы байланысты жақындата түседі, нығайтады. Ақын тұжырымы ілімдік мәнге ие. «Не қызық бар өмірде онан басқа?!» деу арқылы ақын өз тұжырымын, өз байламын түйіп айтады, түйіндеп айтады, өйткені бұл тұжырым ілімге, білімге, тәжірибеге негізделген. Рациональды ойлау арқылы адам өз өмірінде қателікке бой алдырмас еді, айналадағы шындықты орнықты да тиянақты танып, біліп, қабылдап, жағдайды дұрыс анықтаған адам ғана оң ойлап, дұрыс шолып, нақты тұжырым жасай біледі. Абай бағалауында екіұштылық, дүдәмалдық жоқ. Ойды тиянақтап тұратын предикаттық тұлғалар өздерінің көпмағыналық сипатына қарамастан, мәтінде нақты мағына иеленіп, бір ғана тиянақты ойды таңбалайды. Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?! – деген сөйлемдегі «сүй», «сез», «бар» предикаттық тұлғаларының мағыналық құрылымы осы контексте дара мағынасында нақты қолданылған, бұл тіркестегі тұлғаларды екіұшты түсінуге немесе прагматикалық мағынасын басқаша қарап түсіндіру мүмкін болмайды.
Бағалаудың мәнін анықтап, нақтылап тұрған предикаттар негізгі прагматикалық мағынаның қасиетін көрсетеді. Абай көрсеткен адами болмыс шындыққа сәйкес, қолданылған тұлғалардың прагматикалық мағыналары қоғамдағы адамдарға толық түсінікті, әрі олардың әлем болмысы жайындағы дүниетанымымен, өмір туралы көзқарастарымен жақын. Бұлай деуіміздің мәнісі Алланың хикметін сезу мен адамды сүю туралы айтылған толғамды ой тек Абайдан ғана басталмағаны, шығыстық даналықты былай қойғанда, қазақи дүниетаным қалыптастырған әфсаналардан бастап, қазақ мақал-мәтелдері, ақын-жыраулардың шығармалары осындай ойды, осындай бағалауды айтып келе жатқаны, жырлап келгені аян. Абай жаңалығы - Абайша жаңа бағалауында, яғни бұрынғы айтылған білімді, жасалған тілдік тәжірибе мен ойлау жүйесіндегі шұрайлы талғамды сіңіре отырып, жаңа мазмұнда, ерекше формада, жаңа нәтижелермен жеткізуінде. Танымдық тәжірибе негізге алынып, уәжделіп, жаңа сапада халық игілігіне ұсынылуында. Мәтіндегі ойды мүлде жаңа деп айта алмайтынымыз анық, алайда Абайлық бағалаудың маңыздылығы – анықтығында, нақтылығында. Мұнда екіұшты ойға орын жоқ, «мына өмірде» деген тіркестің қолданылуы уақыт пен кеңістік ұғымын қатар меңгеріп тұр. М. Бахтин көрсеткен мекеншақ ұғымы «мына өмір» тұлғасы арқылы беріліп, уақытты да, кеңістікті де қатар уысына ұстайды да, есті, түзу ойлы тыңдаушысын қатар қармайды. Абай болжап, солай болуы мүмкін деген ойда емес, өз ойының анықтығына, туралығына сенімді, сондықтан бағалауы нақты, объективті шындықтың негізгі ой түйер бағамының байлауы осы деген ой танытады.
Ұлттық танымда Абай бағалауын «аксиологиялық өріс» деңгейінде қабылдап, бағалау табиғатын, шындық өмірмен байланысының мәнін жеке тұлға қалыптастыруда кеңінен қолдану, насихаттау қажет. Аксиология - құндылықтардың табиғатын, әлемдік құндылықтардың құрылымы мен олардың шындық өмірдегі орнын зерделесе, Абай тағылымы мен бағалау жүйесі қазақ ұлттық аксиологиялық өрісінің негізін құрауы тиіс. Құндылық, игілік, пайда жайында айтылған ойлардың дені данышпандардан шыққаны, құндылық туралы алғаш пікір айтушының бірі ретінде Сократ танылатыны белгілі. Игілік дегеніміздің өзі - жүзеге асқан құндылық, пайда. Пайда мен құндылықты философияда бір медалдың екі жағы ретінде бағалау бар. Абай ойынан туындап, өлең жолдарында кестеленген бағалы тұжырымдар қазақтың рухани құндылығы, яғни рухани-танымдық қызмет адами игілік ретінде бағаланып, қызмет етсе сол пайда болмақ. Себебі мұнда мол жинақталған рухани құндылықтардың қайта бағалануы бар, себебі мұнда ұлттық психология мен зияткерліктің менталды бағалануы бар.
Тілдік бірліктер арқылы берілетін бағалаудың нақты мазмұны толық мәтін мазмұны арқылы анықталады. Қазақ тіл білімінде бағалау ұғымын анықтайтын тілдік бірліктердің мазмұнын бағалауыштық мағына негізінде барлап, құрылымдық бағытта анықтау бар. Зерттеулерде бағалау логика-семантикалық бағытта қарастырылмағанымен, бағалауыштық мағына беретін тұлғалар сараланып, олардың контекстік мағынасы біршама анықталған. Мұндағы басты сипат қолданыс кезіндегі сөздің мәні емес, сөзге қосымша үстелетін бағалауыштық мағынаның үлесі анықталып, бағалауыштық лексика қатары зерделенеді. М. Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» еңбегінде эмоциялық мағынаға талдау жасай келе, әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылданған информациясы адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығы, оған белгілі баға берілетіндігі шындық деп атап көрсетеді. Бағалауыштық лексика А. Алдашева, О. Бүркітов, Б. Момынова, Ф. Жақсыбаева, Ш. Нұрғожина, Қ. Есенова, З. Құрманәлиева т.б. ғалымдардың еңбектерінде құрылымдық бағытта қарастырылады.
Қазақ дүниетанымын танытатын көркем шығармалардағы бағалау мәнінде бағалау құралдары жеке сөздермен ғана (сын есім, зат есім, етістік т.б.) берілмейтіні анық. Сондықтан бағалауды жеке сөз мағынасынан емес, контекстік мәннен іздеу біздің зерттеуіміздің басты ерекшелігі. Сөз мағынасындағы жақсы/жаман, ұнау/ ұнамау т.б. мағыналары арқылы бағалау категориясын, бағалауыштық мағынаны анықтау тек сөздің сыртқы көрінісін ғана ашып көрсетеді, сөздің ішкі терең мағынасы мен мазмұнын зерделеуге мұндай зерттеу тәсілі аздық етеді. Жақсылық пен жамандық ұғымы тек сындық немесе сапалық мәнді білдіретін сөздердің мағыналық құрылымы арқылы беріле бермейтіні түсінікті. Сондықтан, күні бүгінге дейін жазылған ғылыми еңбектерді жоғары бағалай отырып, зерттеудің кешенді жүргізілуі үшін, оның көкжиегін кеңейте түсуді ұсынар едік. Көркем мәтіндегі бағалауда әлем бейнесін тану мен таныту кешенді және көпқырлы мәнге ие болады. Көркем мәтіннің үлкен зерттеушілерінің бірі М. Бахтин атап көрсеткендей, мәтінде, тек мәтінде ғана бағалау үлкен үнге айналып, полифониялық сипатта көріне алады.
Бағалау категориясының әлемдік тілдік бейнесін танытудағы кейбір лексика-семантикалық топтағы лексика-грамматикалық жүйесі нақты қарастырылғанмен, оның когнитивтік механизмі, тіл мен ойлау арасындағы қатынасы толық деңгейде зерттеу нысанына айналмаған. Осы тұрғыдан, бағалау семантикасының көптеген ғылыми-теориялық мәселелері толық зерттелген дей алмаймыз. Бағалау мағынасының табиғаты, оның өзге мағыналармен (мәселен, модальдық, дескриптивті т.б. мағыналар) салыстырғандағы ерекшелігі қарастырылмаған. Сондай-ақ, бағалау мағынасының динамикалық сипаты, қолданыстағы метафоралық және метонимиялық мәні, бағалау лексикасының сөзжасамдығы зерттеле түсуі тиіс.
Бағалау барлық адам баласына тән қасиет болғандықтан, оның тілдегі таңбалық белгісі де барлық тілдерде бар, лингвистикалық әмбебап құбылыс. Алайда бағалау тек коннатациялық мәнді анықтап, эмоция мен экспрессияны танытушы, немесе жақсы көру мен жек көруді ғана айқындаушы деп көрсетілгенімен, біз оның шегін, жүйесін тереңірек қарастырғанды жөн көреміз. Бағалау адамдардың бірін-бірі бағалауынан бастап, адамның табиғатты бағалауы, адам мен қоғам арасындағы бағалау, адамның материалдық игіліктерді бағалауы болып жалғаса бермек. Сонау бір заманада гректер атақты Олимп тауының биігіне «Өзіңді өзің таны» деп жазса, Орта ғасырда салынған Әзірет Сұлтан кесенесінің солтүстік қақпасына «Өзін білгені – хақты білгені, Құдайдан қорқып, ынсапқа келгені» деген жазу безендірілсе [Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдени негіздер. Алматы, 2013, 66-бет], қазір ХАНТӘҢІРІ басына «ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ БАҒАЛА» деп жазатын шақ келгендей.
Неге дейсіз бе?
Оның себебі көп. Өзіңді таныдың, енді өзіңді бағала, өзіңнің жеріңді, еліңді, тауыңды, тасыңды, жердің асты-үстіндегі материалдық игіліктеріңді бағала, қолыңда барыңды бағала, рухани құндылықтарыңды бағала, арыңды бағала, жаныңды бағала ... бағала, бағала. Демек, бағалауды концепт ретінде бағалау орынды болмақ та, оның қай сөз табынан жасалып, қандай жалғаумен түрленетінін емес, қандай мән беретінін когнитологиялық, гносеологиялық бағытта зерделеу оқушыға тағылым аларлық дән берер, халыққа пайдалы болар деп пайымдадық.
Қазақ зерттеушілерінің бағалауыштық лексика турады жазған зерттеулерін зерделей қарап шығып, құрылымдық, құрылымдық-семантикалық бағытта жазылған жұмыстардағы «бағалауыштық» терімсөзін осында қалдыруды лайық деп тауып, БАҒАЛАУ концептінің өзгешелігін, зерттеу бағытының басқаша екенін таныту мақсатында «бағалау» және «бағалауыштық» терімсөздерінің арасын бөліп көрсету қажет деп таптық. «Бағалауыштық» терім сөзі қазақ тіл білімінде жазылған ғылыми зерттеулерде О.С. Ахманованың (Ахманова 1969) сөздігінде берілген анықтаманың негізінде өрбіп, эмоционалдық, экспрессивті мән беретін коннатацияның бір бөлігі ретінде танылады. Келістік. Бағалауыштық лексиканы тілдік бірлік ретінде осылайша қарастыру орынды болмақ.
Ал бағалауды лебізде зерделеу, мәтіндегі толғамды ойдың ретінде меңгеру де ғылыми қажеттілік деп пайымдаймыз. Бағалауды лингвистикалық ғылыми зерттеулерде логика-психологиялық құбылыс ретінде тану үрдісі бар, сондықтан бағалау мәтіндегі тілдік мәселе ретінде қарастыруға келмей, лебіздің, тілдің шекарасынан шығып, философиямен астасып жатады, мән мен мағына проблематикасымен шектесіп, өзіндік парадигма құрайды. Оның ар жағында мағына мен мән туралы да бірізді пікір, тұжырым жоқ екені аян. Осы арада айта кететін нәрсе, О. Есперсен, И. Мещанинов бағалауды ұғымдық категория ретінде таныған еді (Есперсен 1958: 57; Мещанинов 1978: 236).
Есперсеннің мынадай сөзін ұсынып, түсінуді жөн көрдік: «Если вы хотите вызвать в сознании собеседника совершенно определенное понятие, вы обнаружите, что это понятие само по себе очень сложное. Оно состоит из большого количества отдельных признаков - настолько большого, что вы не сможете их перечислить даже в том случае, если продлите этот перечень до бесконечности. Вам приходится выбирать, и, естественно, вы останавливаетесь на таких признаках, которые, по вашему глубокому убеждению, более всего пригодны для того, чтобы вызвать в сознании собеседника то же самое понятие. Более того, вы подбираете такие признаки, которые помогли бы определить понятие наиболее простым и удобным образом и избавили бы вас от не-обходимости длинных пояснений» (Есперсен 1958: 57). Автор күнделікті тіршілікте біздің көретініміз, ұстайтынымыз нақты заттар екенін «яблоко – алманың» мысалымен ой елегінен өткізе отырып, нақты емес, абстрактылы ұғымдарды жеткізудің қиындығын, айтушы ойындағы ақпараттың тыңдаушының тап солай түсіну мүмкіндігінің қиындығын айтады. Шынында да, адам санасындағы саналы ойды жеткізуге сөздің саны жете бере ме? Сондықтан да сөздердің метафоралығы, метонимиялығы, көпмағыналығы пайда болды емес пе?! Ойдың дұрыс жетуі, оның ішкі терең мәнін түсініп, білуі үшін СӨЗ СЫРЫН терең зерделей білу қажет. «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» - дейді данышпан Абай.
Көрікті ойдың көркін бұзбай танып, түсіну үшін, қабылдау үшін, бағалау үшін не қажет?
Лебіздің тілдік бірліктермен таңбаланып айтылуы бар да, оның тыңдаушы тарапынан түсінілуі тағы бар. Мұндағы мағына мен мәннің ара-жігін ашып, байыпты қарастыру жөн болады. А.А. Потебня айтқандай, тілдік мағына мен ойдағы пікір мазмұны ерекше, тілдік бірліктер ой мазмұнын берудің бір тәсілі. Ғалым: «Язык имеет свое содержание, но оно есть только форма другого содержания, которое можно назвать лично-объективным на том основании, что хотя в действительности оно составляет принадлежность только одного лица и в каждом лице различно, но самим лицом принимается за нечто, существующее вне его. Это его личное содержание стоит вне языка» - деп жазады [Потебня 1977: 118-119]. Әр сөздің мағынасына терең бойлап, ойлап сөйлеу үшін де білім қажет. Айтылған сөзді дұрыс түсініп, одан нақты үйін шығару үшін де білім қажет.
Абай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет