Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет32/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Адам деп есеп қылма Ағыбайды,
Анттан қорқып, құдайды танымайды.
Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай, бір орыннан табылмайды.
Өлеңдегі сатиралық сыз бір сөздің астарында емес, жалпы мәтіннің өн бойынан естіледі. Жалпы қолданыстағы «адам емес», «адам деп есептеме», «адам қатарына қоспа» сынды мағынаны ақын «Адам деп есеп қылма» тіркесі арқылы береді. Антта тұрмайтын, құдайын танымайтын мінезді әжуалау арқылы алғашқы сөйлемдегі ой негізделе, уәжделе түседі. Берген антта тұрмайтын, Хақты шын деп танымайтын кісіден екінші сөйлемді оқығанда, оқушы да жирене бастайды. «Сабын жаққан терідей» - керемет авторлық теңеу. Ақын бұл сөйлемде бастапқы ойды қоюлата түсіп, кейіпкер мінезін аша түседі. Көз алдыңа иленгелі жатқан теріге сабын жаққанда, қолдан шығып әуре етері келеді. Сөзін ұстатпай, қолға түспей жылмаңдап тұрған жанға оқушы да теріс айналады. Бір сөз бір сөзбен жүйелі тіркесіп, жүйелі ойдың жетегін қолымызға ұстатады. Кейіпкер туралы нақты образ қалыптасып, көз алдыңызға оралады. Көріп тұрғандай боласыз. Ол сіздің қасыңызда жүрген әлдекімге ұқсап кете ме қалай? Ия, Патша Сөздің иесі осылайша бейнелі сөздің қанжарын сілтегенде аз сөзбен ойын уәжді жеткізіп, сөз мағынасының бабын келтіре қолданады. Қасиетті ұғымдарды оппозицияда қолдану арқылы да ойының тиянақтылығын арттыра түскен. Ұлттық ділдегі «ант», «құдай» сияқты қасиеті берік ұғымдарды танымайтын кісінің жанын арашалайтын не қасиет қалды дейсің? Ойлантады өлең, ойландырады, толғантады. Бір шумақтық өлеңде жасалған образдың күштілігі соншама, осы бейнені үлкен бір романда осылайша бейнелеу үшін де үлкен талант керек болар еді. Классика деген осы! Кісінің мінезі, әрекеті, рухани келбеті төрт жолға, бір шумаққа сыйған. Ағыбай сынды Ағыбайлар аз ба арамызда? Баршылық ...
Ақын өз ойына, әрекетіне сенімді. Сондықтан сөйлемнің баяндауыштары тиянақты, нақты әрекетті белгілеп, предикаттық қызметте жұмсалған атауыш сөздер (негізінен етістіктер және еліктеуіш сөз) тура мағынасында қолданылып, әрекеттің сипатын нақты ашады да, әлем бейнесінің қарапайым түсінігіне Сіздің көзіңізді жеткізе түседі.
«Дүйсенқұлға» атты өлеңіне назар аударалық:


Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып,
Бір пәлеге жолықтың шырқау барып,
Алажаздай көгалды бір көрмедің,
Сары жұртқа қондың бір ірге аударып?

Бір қарағанда, мәтіндегі сөз қолданысында пәлендей семантикалық өзгеріс жоқтай. Назар сала бағамдасақ, «саудайы» сын есімі субъект мәнінде жұмсалып, контексте заттанып, қаратпа сөз ретінде жұмсалған. Осы сөздің қолданысы арқылы өлеңдегі жалпы сөз әуені өзгереді де, юморлық сипат алған. Автор «с» дауыссызы арқылы берілетін аллитерациялы қолданысты пайдаланып тағы да ұтады, «саудайы» сөзіне көңіл аударту үшін жасалған бұл бейнелілік ұтымды шыққан. «Сары жұрт» тіркесі де соны қолданыс. Меніңше, «сары бел», «сары жайлау», «сары жұрт» тіркестеріндегі «сары» сөзінің мағынасы ортақ. Күзгі жайлаудың сипаты. Ақын кейіпкердің жаз жайлауға шықпай отырып қалғанын, күзде «сары жұртқа ірге аударғанын» айтып отыр. Кейіпкердің болмашы ғана әрекеті арқылы сол заманның әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық болмыс-бітімі мен ділі көрінеді. Мұндағы сөздер мен сөз тіркесі арқылы кейіпкердің эмоциялық-психологиялық, әлеуметтік жағдайы, әрекеті анықталады.


Абай өлеңдеріндегі сөз қолданысының және бір ерекшелігі - лексикалық бірліктер семантикасы өзгеруі өлеңнің бір жолында немесе бір тіркесте ғана көрініп қалмай, өзгерген мағына мәтіннің өн бойына әсер беріп, тізбектеле жалғасып, ұласпалы түрде жалпы бүтін мәннің шешіміне ерекше өң береді. Сөзді сән үшін емес, мән үшін түрлендіретін, сұлу қолданыс үшін емес, іші сыры мен сымбаты келісімді болу үшін өзгертетін ақын әр сөздің қолданысына тым жауапкершілікпен қарағанын аңғарасыз да, қайран қаласыз. Бір сөздің мағыналық өзгерісі мәтін мәнінде көрініс тауып, мағына мен мән ұласып, байланысып, іштей жұптасып, үндесіп жатады. Өлеңдегі негізгі өзекмән ойды анықтаушы тілдік бірлік мәтіндегі басты мазмұнды да айқындайды.
«Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңін алайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет