Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет29/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

МӘТІН СЕМАНТИКАСЫ

Мәтін жалпы қызметтік категория жүйесінде қарастырылғанда ең үлкен лебіздік категория ретінде танылады. Мәтін – лебіздік жағдаятқа сәйкес автордың ниетін, пікірін танытатын, лебіздік-қызметтік элементтерден тұратын бүтін бірлік. Мәтін лебіздік жүйенің негізгі заңдылығына бағына отырып, белгілі бір жағдаятты, әрекетті, оқиғаны бейнелеп көрсетеді, танытады, ақпарат береді. Сондықтан мәтіндегі лебіздік бірліктерді және ондағы иерархиялық жалпы құрылымды анықтау мәтіннің негізгі мәнді сипатын ашуға, яғни мазмұндық мәнін, қызметтік ерекшелігін, коммуникативтік қасиетін айқындауға көмектеседі. Мәтін бірлігі ретінде танылатын айтылым (высказывание) сол шағын мәтіндегі жағдайды, әрекетті ғана айтып, анықтап көрсетеді. Мәтінде де өзге лебіздік (тілдік) бірліктер сияқты өзінің микро және макро семантикалық өрісі мен микро және макро құрылымы бар.


Мәтін семантикасы ақпаратты жеткізудің мақсаты мен міндеттерін таразыласа, мәтін құрылымы оның ішкі ұйымдасу ерекшелігін, бірліктердің айтылу және жазылу заңдылықтарын, бүтін бір хабарды жеткізудің мүмкіндіктері мен ерекше сипатын зерделейді. Семантика-құрылымдық деңгейдегі мәтін бірлігі – айтылым (айтылған немесе жазылған сөйлем), фразаралық бірлік (семантикалық және синтаксистік жағынан жақын бірнеше айтылымдық бөлік). Фраза аралық бірліктер айтылу мақсатындағы бүтіндікті нақтылау үшін, ойдың мәні мен мағынасын жеткізу үшін бірнеше үлкен-үлкен бөліктерге бірігеді. Ғылыми зерттеулерде, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, мәтіннің композициялық қатары – абзацтан, параграфтан, тараудан, тараушадан, бөлімнен т.б. тұратыны белгілі, әрі бұл жөнінде жазылған зерттеулер баршылық, сондықтан оларды жекелей таратып айтудың қажеті аз. Семантика-грамматикалық (синтаксистік) және композициялық деңгейдегі бірліктер бір-бірімен байланысты, сабақтас. Олар кейде кеңістіктік қатынаста бір-бірімен сәйкес келеді.
Көркем шығармадағы тілдің қызметін лебіздің ерекше бір ішкі сыры мен сымбаты келіскен түрі деп бағалаймыз. Мұның басты ерекшелігі тіл көркем сөз өнерінің құралына айналғанда, эстетикалық қызметіне ауысып, идеялық-бейнелік мазмұнды ашады. Жалпыхалықтық қоңыр қолданыста білінбейтін сөз бірліктері көркем сөздің құралы ретінде қызмет атқарғанда өзгеше реңкке еніп, тотықұстай құлпырып шыға келер еді. Қарапайым лексикалық бірлік ерекше байланысқа, өзгеше қарым-қатынасқа түсіп, өңі кіріп, түрленіп, сымбаттана түседі. Бұл ерекше бір сиқыр әлеміндей. Бұл өлең-сөз патшалығы! Мұның өз құдіреті бар. Сөз эстетикалық өң алып, күнделікті қолданыстағы тура, негізгі мағынасынан ерекшеленіп, идеялық-бейнелі мән беру мүмкіндігіне ие болады. Сөйтіп, жалпы қолданыстағы сөздің бойында семантикалық өзгерістер қалыптасады да, контекстік жаңа ерекше мәнге ие болады. Бұл жаңа сападағы тілдік бірлік. Оның контексте жаңадан жасалған мағынасы осы сөз тұлғасына бірте-бірте бекінуі де, сөйлем құрылымында орнығуы да немесе тек сол контекстік мағынада ғана қалуы да ықтимал.
Айталық, Абай данышпанның «Отыз жетінші» сөзінен мысал:
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың т.б.
Көңілдегі көрікті ойдың көркі мен келбеті бұзылмай әдіптелген бұл сөйлемдердегі сөздердің мағыналық құрылымы контекстегі қолданыс орнына қарай, мәні тереңдей ашылып, ой айқындығын нақтылай көрсетіп, әр сөз өз мағынасында бүтінделе бітімделген. Әр сөз ойдың иірімін дәл беруге, нақ таңбалауға қызмет етіп, ішкі грамматикалық үйлесім мен семантикалық гармония тапқан. Анықтай қарағанда, мәтіндегі сөз мағыналары өздерінің нақты тура мағынасында жұмсалып, ойдың нақ, дәл жетуін қамтамасыз еткендей. «Татымсыз» сөзі ғана атрибуттық мағынадан -ға барыс септігінің жалғануы арқылы контексте заттанып, субъектілік мәнге ауысқан. Сөз мағыналары тура мағынасында жұмсалып-ақ, өзіне тән эстетикалық қызметті белгілеп, бойына үлкен философиялық мән жүктеп, халықтық дәстүрлі ділді Абай сөзімен жеткізуге қызмет етіп тұр. Қарапайымдылықтың ұлылығы да осында жатқан болар. Демек, эстетикалық сұлулықты туғызу үшін сөзді құлпырта қолдану керек деп, метафоралата беру тапқырлық болмаса керек.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес – деген сөйлемде предикативтік қатынастың берілу жолында прагматикалық мән басым. Негізгі нақты ой сөйлемнің бірінші сыңарында - адамның адамгершілігі істі бастағандығынан білінеді; әрекет нақты, сөйлемнің баяндауышы тиянақты, ой аяқталды, предикативтік қатынас орнықты. Екінші сыңар ойдың жалғасы болғанымен, тиянақты емес; әрекет аяқталмайды, предикативтік қатынас көмескі. Бұл тек сөйлеу тіліне тән прагматикалық шара деп пайымдау аздау. Абай ойы ұшқыр, әрі жазып отыр. Демек, екінші сөйлемдегі әрекеттің нақтылығы аздау, ол заңды да, өйткені басталған нақты жақсы істің кейін жалғасын табатыны, әртүрлі формада түрленіп жалғаса беретіні заманауи шындық. Басталған адамшылық іс өшіп-жанған шам сынды, қайталана, жаңғырыға дами отырып, жалғаса береді, жалғаса береді. Бастауы таза болса, жалғасын тауып, дамып, жетіліп, жетісіп, уақыт шаңына төтеп беріп шыңдала бермек. Екінші сөйлемдегі предикативтік қатынастың көмескілене аяқталуын осылай топшыладық.
Айтылар ой шындық болмыстағы әрекетке негізделіп, тиянақты орындалу қажеттігі болғанда, мұнда көмескілікке орын болмайды. Күрделі сөйлемдердің екі сыңары пропозициялық қатынаста бірдей бекініп, тарамдала түсіп, тиянақталып, нақты предикативтік қатынаста келіп, ойды шашыратпай жұптап, анықтай түседі. Бейне таза піскен сүтке қосылар ашытқыдай, көпке арналып, молаюды, көбеюді, қозғалысты, әрекетті көксейді.
Оқырманға нақты әсер ететін Сөздің күші, біздіңше, нақтылығында, күнделікті өмір тәжірибесіндегі жағдаяттарға сәйкес келуінде, нақты деректермен дәлелденуінде. Халық мақал-мәтелдерінің өміршеңдігі осылай түсіндіріле алады. Келтірілген мысалдардағы Абай ұлағатының формалық сипаты да, семантикалық мәні де мақал тектес:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет