Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет36/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең, - деп Абай баба өсиет етіпті. Ойланайық. Осы айтылған ойдың ар жағында не тұр? Бұл не гәп?!
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үдесінен шыға алмайсың.
Демек, сөздің соңы бұл емес, артында үлкен мәнді тұжырым, мазмұны терең ой жатыр.
Кез келген есі дұрыс пенде сәби шақтан соң сөйлеу қабілетіне ие болады, сөйлейді. Сондықтан білімі мен білігінің, көргені мен түйгенінің қандай екеніне қарамастан, қарапайым болса да, қарадүрсін болса да, әйтеуір ойын анықтап айтады, лебізде өз пікірін, көзқарасын білдіреді. Әркімнің көзқарасы мен пікірін білдіретін ана тіліндегі сөздер лебізде өзінен-өзі автоматты түрде шығады. Сондықтан да әр сөздің қалай пайда болғанын, қайдан келгенін, арғы мағынасы мен уәжі нені толғайтынын аңғармай, бұл жайында ойламай-ақ тіршілік ғұмыр жалғаса береді. Оны ойлап бас қатырудың көпке керегі де шамалы. Жеке субъектінің лебізі оның көзқарасымен, дүниетанымымен тығыз байланысты. Бірер ауыз тіл қатысып отырып-ақ, кісінің шамасын шамалауға болар еді, өйткені ойдың, танымының көрінісі ретінде ақпарат белгілеуші тіл өзі-ақ сөйлеушінің ой аңғарындағы көріністі байқатады. Бейсаналық деңгейде автоматты түрде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, көбінесе, өзгеріске түсе қоймайды да, жеке сөйлеушінің ерекшелігін таныта алмайды, дей тұрғанмен, қай қабаттағы сөздерді пайдаланып отырғаны (көркем сөз, әдеби тіл, қарапайым лексика, арго, жаргон, диалектілік ерекшеліктер, сленгтер т.б.), кісінің сөйлеу мәнері көп жайттан хабар берері сөзсіз.
Ойлау өзінен-өзі қалыптасатын процесс емес, сөйлеумен қарым-қатынаста, байланыста болатыны туралы жазылған ғылыми еңбектер баршылық. Әртүрлі ғылыми бағыттағы зерттеулерде ойлау мен сөйлеудің арасындағы арақатынас пен байланыс әртүрлі зерделенеді. Қалай десек те, ойлау мен сөйлеудің арасында байланыс анық. Ойлап алып сөйлейміз, сөйлеп тұрып ойлаймыз, ойлап тұрып сөйлейміз! Адамдардың бәрі осылай болар! ...
Яғни, белгілі уақыт аралығында, дүниетанымның жетілуі мен дамуына сәйкес қалыптасатын, халықтың дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактілі, ассоциативті бейнесі мағына болады. Мағына арқылы нақтылы зат не құбылыстың өзі емес, сол туралы халық қалыптастырған ұғым қабылданады. Табиғаттағы зат, құбылыстың адам танымында танылған және танылмаған белгілері мен қасиеті болады. Танылған белгілер мен қасиеттер арқылы ұғым қалыптасып, кейін бұл ұғым бірте-бірте дамиды, жетіледі. Ұғым дамуы арқылы, сөз мағынасы да дамып, синонимдік, көпмағыналық, антонимдік қатарлар қалыптасады. Тіл бірден жасалып қалыптасқан номинативтік белгілердің жиынтығы емес. Тіл – ойлаудың жемісі болғандықтан, ұғымның, танымның үнемі дамуы арқылы, адамдардың қарым-қатынасы нәтижесінде, белгілі уақыт аралығында жетіліп отырған күрделі үдерістің жемісі.
Э.Д. Сүлейменова: «Язык, независимо от национальных вариантов, был и остается и универсальной базой мышления. Язык – это непременный атрибут человека и глубинная структура языков едина», - деп жазады [77, 126]. Ғалымдардың пікірінше, әлемдегі әр тілде сөйлейтін адамдардың бір-бірімен түсінісе алуының негізінің өзі тілдердің әмбебаптық және біртектілік қасиетімен сипатталады. Әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың түсінісуінің шарты - логикалық ойлау базасының бірлігі деп түсінген ғалым тұжырымдарымен келіспеуге болмайды. «... единая логика-мыслительная база человека имеет своей основой и единство социального опыта и единство физиологической природы человека», - дей келіп, адамның танымдық қызметі мен бізді қоршаған табиғи ортаның бірлігіне орынды назар аударады [77, 126-127].
Тілдердің құрылымдық бірлігін номинация теориясы арқылы анықтаған зерттеуші пікірін жалғастыра отырып, сөздердің (таңбаның) ішкі мағыналық құрылымын терең тарихи тұрғыдан зерделей келе, тілдердің ортақ генетика-семантикалық кодын айқындауға болады деп есептейміз. Тілдің терең құрылымдық жүйесінде болатын этимон түбірлер мағыналары көп қырлы, сан-салалы, макролық жүйеде келіп, даму барысында әр түрлі тілдік бірліктерге жіктеле ыдырағанда, семалық ортақтық, бірлік сақталады. Адам танымының ортақтығы негізінде жасалған әуелгі этимон түбірлер мағынасы дыбыстық және мағыналық даму нәтижесінде әр түрлі таңбалана бастайды, бірте-бірте танығысыз дәрежеде өзгеріп кетеді. Ұзақ уақыт аралығында өтетін бұл үдеріс тілде үнемі жүйелі түрде орындалып отырады. Танылған заттар мен құбылыстардың сансыз қасиеті мен сипатын атау әртүрлі дәрежеде өзгеріп кетеді. Ұзақ уақыт аралығында өтетін бұл үдеріс тілде үнемі жүйелі түрде орындалып отырады. Танылған заттар мен құбылыстардың сансыз қасиеті мен сипатын атау әр түрлі дәрежеде, әр түрлі дәрежеде, әр түрлі адамдар арасында өтетіндіктен, тілдердің кейінгі қалпы бір-біріне мүлде тәуелсіз өзгерістерге түсіп, бір-бірінен ажырай береді. Ал көне түбірлер мағынасын номинация теориясы негізінде зерттеу нәтижелері сөздердің генетикалық бірлігін анықтауға мүмкіндік береді, әрі генетика-семантикалық код арқылы әуелгі түбірлерден өрбіген сөздердің тұлғалық және мағыналық сипатын айқындауға болатынын көрсетеді. Адам танымының бірлігі мен табиғи құбылыстардың – аспанның, күннің, айдың, судың, жердің, оттың ортақтығын да еске алалық. Ұғым мен мағына ортақ болса, сол мағынаны таңбалаушы сөздің де бірлігін дәлелдеуге болары сөзсіз. Біз ұсынып отырған генетика-семантикалық код арқылы әуелгі сөз мағыналарының макросемалары арқылы, одан туындайтын мағыналар ортақтығы негізінде сөздердің біртектестігін, генетикалық бірлігін анықтауға толық болады. Сөздердің ортақ мағыналары арқылы, терең тілдік құрылымдарда тілдердің де жақын туыстығы дәлелденеді. Сөз мағынасын кешенді түрде терең семантикалық құрылымда зерттеу нәтижелері олардың арасындағы генетикалық байланысты тануға, сөйтіп барлық сөздердің дамуына ортақ желі болып табылатын генетика-семантикалық кодты анықтауға көмектеседі.
Мен білетін бір қарапайым ғана жайт орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми грамматикалар мен оқулық, оқу құралдарында берілетін грамматикалық анықтамаларға барлық тілдік деректер сәйкес келе бермейді, сондықтан ондағы өзгешеліктер әр бетте ескерту ретінде беріліп отырады. Әсіресе, ағылшын тілінде көптеген сөздер мен сөзтұлғалар ережеге бағынбағандықтан оларды тек жаттап алу керек болады. Ия, солай! Түркі тілдерінің басты ерекшелігі барлық сөздер мен сөзтұлғалар ережеге толықтай сыйып, бағынып тұрады. Кейбір кірме сөздердің жазылуын ескермесек, төл сөздердің қай-қайсысы да тілдік гармонияда жарасып, бір-біріне бағынып, жанасып, қабысып жатады. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымы дамудың толық сатысынан өткен, бүтін бітімге айналған деуге толық негіз бар.
Қазіргі уақытта тіл мен лебіз, тіл мен ойлау мәселесі адамзаттық деңгейде де, жеке бастың мәселесі ретінде үлкен ғылыми мәселеге айналған. Әлеуметтік өмірдің күрделілігі нәтижесінде жеке адамдардың арасындағы қатынас та, жалпы қатынастың да сипаты өзгерген. Кешегі үй есігін құлыптауды, ішінен іліп алуды білмейтін қазақ баласы бүгінде жан-жағынан тұмшаланған, жабылған. Бір-бірінен алшақтау, жатсыну бар. Қазір сөйлеу азайып, жазу мен тыңдау, қарау (теледидар, компьютер) көбейген тұс қой.
Ұлы Абайдың өз заманына қарап:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет