Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет44/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңі. Өзін-өзі танудың әліппесі - осы. Өйткені өлеңде:
• адамзаттық рухани құндылық саналатын жақсы мінез бен білім дәріптеледі;
• рухани-адамгершілік жүйеде нақты білімге қол жеткізуде, тұлғаның танымдық тәжірибесін қалыптастырады;
• жеке тұлғаның рухани дамуы, оның жеке тәжірибесі мен мінез-құлқын байыту, әлеуметтік және жеке тәжірибенің өзара әрекеттестігі, әлеуметтік іс-әрекеттің көп қырлы түрлерінде тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашуы;
• тіршілік философиясы көрініс табады.
«Әсемпаз» сөзінің мағынасы мен контекстік мәніне назар аударалық.
Алдымен, мағынасы хақында: «әсем» - әдемі, сұлу деген мағынада жұмсалатын сын есім де, «паз» – парсы тілінен енген сөз тудырушы кірме жұрнақ. Әсемпаз, өнерпаз, келісімпаз сияқты аз ғана сөз осы сөз тудырушы тұлға арқылы жасалған. Әсемпаз - жеке адамның сәнқойлығын, әуесқойлығын білдіретін сөз [Абай тілі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1968]. Әсемпаздықтың мәні қоғамға байланысты өзгеріп отырады. Бір кездері қазақ ортасы сал-серілерді де әсемпаз деп атаған. Әсемпаздық арқылы адам бойындағы ерекше қасиеттерді ерекше даралап алуға болады [ҚӘТС. 2-том. Алматы: Арыс, 2006]. «Әсемпаз» - сын. Кербездікке, сәнқойлыққа әуес. Нәзіктік, жалған үлбіреу. Келмей-ақ қойды қолымнан. Әсемпаз, майда кейбіреу, сескенді бәлкім сонымнан (Ғ.Қ). [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 640-бет. 1-том. 1974].
«Әсемпаз» сөзінің терең семантикалық құрылымы позитивті, яғни «әсемдіктің» молдығы, барлығы.
Мәні: тағы да контекстке назар аударыңыз: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Абай қолданған өлең мәтініндегі «әсемпаз» сөзінің мағынасы алғашқы жолдағы негізгі ұғымды анықтап, субъекті әрекетінің сипатын танытады (субъект – сен, предикат – болма). Сөйлемнің белсенді мүшелігіне талдар болсақ, мұндағы автор айтып тұрған жаңа ойының негізі, ядросы – әсемпаз болма, әрнеге сөйлемде толықтай ремалық қызмет атқарып тұр. Абай қолданысында «әрнеге әсемпаз болу» жақсы қасиет емес. Ия, мұндағы «әсемпаз» сөзі мен «әрнеге» сөзінің байланысына да ерекше мән беру орынды болмақ. Демек, әрнеге, әр нәрсеге бір елеңдеу, қызығу, әуестену – көрсекызарлықпен көрші екенін ескерту бар мұнда.
«Өнерпаз болсаң, арқалан» жолындағы «арқалан» тұлғасының да мағынасын анықтау қажет. «Абай тілі сөздігінде» (1968): арқалану - өз күшіне сену, масаттану, мақтану деп түсіндірілген. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» бірінші томында (1974): Арқалан - арқа сүйеу, сену деп берілген. Жақсы. Бұл мағыналар арқалан сөзінің негізгі мағыналары. Абай қолданысындағы «арқаланының» мәні қандай? Оның қаншалықты негізгі мағынадан семалық айырымы немесе жақындығы бар?
Сөздікте берілген мағыналар контекстік мәнмен толық сәйкес келе бермейді. Ендігі мәселе қай мағына контекстік мағынаға негіз болып тұрғанын анықтауда. Уикипедиядағы берілген мақалада «арқалан» сөзінің мағынасын «шарлау, іздеу» деп көрсетіп, оған мынадай түсінік беріліпті: «Міне, осындай пікір таласы үстінде ертедегі түркі жазба ескерткіштері дерегінің пайдасын қолма-қол көреміз. Өткен дәуірдегі түркі тілдерінде «арқаланның» біз білетін мағынасымен қоса екінші ұғымы да болған. Ол — ізден, іздену: «біліг чіндә ерсә сіз арқаң» — «даналық Қытайда десе де, сіз іздеңіз». Сөйтіп, Абай «арқаланының» мағынасы «ізден» дегенге нұсқайды. Егер өлең желісін ой таразысына салсақ та, елегінен өткізсек те, өз пікірімізге, көңіліміз кәміл сене түседі. Өйткені «ізденбей», тек «мақтану, масаттанумен» жүрген өнерпаз дүние «кетігін тауып, кірпіш болып қалана қоюы» екіталай. Бұл жерде біз жазба ескерткіштегі бір сөзді тауып алып, ойымызға арашашы болсын деген ниетпен, жармасудан аулақпыз. «Арқа» сөзінің «ізде» мағынасы қазіргі кездегі тофа, тува, алтай іспеттес түркі тілдерінде сақталғандығымен де дәлелдейміз [Уикипедия, Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет