Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет33/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.
Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды,
Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.
Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс,
Ойға тойма, қызықты қиялдан күс.
Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен,
Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?
Төңкеріліп құбылған, жұрт - бір сағым,
Шынға шыңдап, қоса алмас ынтымағын.
Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,
Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым!

Өлеңнің синтаксистік те, семантикалық та құрылымы күрделі. Алдымен мәтіннің формалық ерекшелігіне назар аударалық. Қазақ сөзінің негізгі мазмұнын анықтаушы етістіктердің парадигмалық қатысын байқалық. Мұнда алғашқы жолдардың предикаты – «жүріппін» бұрынғы өткен шақ, «тыншытпайды» ауыспалы осы шақ, одан соң, заттық ұғымдармен көмкерілген ой ағымы айналып келіп, шартты рай тұлғасымен жалғасып, бұйрық раймен аяқталады. Демек, өлеңнің мазмұны өткен шақтан басталып, осы шақпен жалғасып, келер шаққа ұласады. Бұл мәтіннің грамматикалық құрылымының күрделілігінің айғағы. Шағын мәтінде үш шақтың да элементі беріліп, әрекеттің мекеншағы өткен-бүгін-болашақтың сипатын да бірдей танытып, грамматикалық тұрғыдан таңбалап, күрделі синтаксистік бүтіндік құрайды. Ең бастысы, әрекеттің қайталануы, тіршілік болмысының жалпылай көрінісі, уақыт өлшемі бойынша, яки мекеншақта бүтіндікке жеткен.


Өлеңнің тақырыбы мен басталуы «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» деп жай алынбаған сыңайлы. Бұл өлеңдегі өзекмәнді анықтайтын бастапқы және негізгі бап сынды. Өлең мәтінінің мазмұндық желісінде эстетикалық заңдылық негізінде ұйымдасқан, сындарлы сөздің жүйесін сақтаушы, жүйеге негізделген, идеялық-образды иерархия бар. Бұл иерархия синтаксистік аяда шақ тұлғалары арқылы көрінсе, уақыт пен кеңістік үндесуі көркемдік мекеншақ арқылы тиянақталып, семантикалық аяда сөздердің ішкі мағынасы мен мәннің қанаттаса сәйкесуі негізінде жүзеге асады. Мәтін тақырыбы ретінде алынған тіркес өлең мазмұнын анықтайды, әрі семантикалық тұрғыдан ерекшеленіп, өзіндік бояуымен сымбаттанып, символикалық мағынасымен нұрландырады. «Қуарған жапырақ» және «ескі үміт»! Бір-біріне сәйкес келмейтін заттық ұғымдарды поэзия тілінде сәйкестендіріп, арасынан жақындық шығарып, сөздердің арасына сәулелі нұр түсіреді, автор. Қуарған жапырақ пен ескі үміттің арасынан логикалық жақындық тауып, оларды салыстыра, шектес ұғымдар ретінде жұмсай отырып, ерекше авторлық қолданыс туғызады да, салмақты ойды әрекетпен айшықтай отырып, сөзді әріден бастайды. Жапырағы қуарған ескі үмітпен, Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппінәрекет бұрын басталған, қиялмен сүрген өмір, бос жүріс ... өкініш... Ал бүгін көңіл тыныш емес, өткен күн есеп сұрай ма? Кім білсін... Әйтеуір ақын көңілі тынышсыз ... Үміт алдады ма, алда ма? Үміттің жапырағы қуарып бара жатқаны көңіл алаңдатқан болар. Өткен өмір-дәурен бір көрген түстей. Ия, ақын жүрегі тым сезімтал. «Өтіп дәурен бара жатыр» деген қазақи дүниетаным көз алдымызға келеді, бұл жаңалық емес, әфсанадан келе жатқан адами ақиқат. Өткен өмірді қайтара алмайтының тағы да ақиқат, алайда «ойға тоймау» дегенді Абай жаңарта, жасарта айтады. Үміт ескі болғанымен, ойға тоймау, қиялдау, қиялмен шыңға қарай биіктей түсу. «Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен» - ақын өзіңді-өзің бағалауды ұсынады. Өзіңнің қайда, кіммен, не үшін жүргеніңді, қандай екеніңді бағалау қажет деп ақыл айтады данышпан. Тыңдап бағалық, бағалайық та бағамдайық. Қай жаста да, қайда да, қашан да өзін дұрыс бағалау – толық адам болудың бір белгісіндей болып көрінеді, маған. Айнаға қарап өзіңді тани аласың ба? Ия, айнаға қарау туралы айтқан М. Әуезовтің сөзі есіме түсті. Өзіңнің өн бойыңдағы «ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш» -ті байқа, бағала дейді. Енді бұдан артық не деп ақыл айтсын, қайран бабам! Есіме бір жолдасымның тойымсыз қанағатсыздығы түсіп кетті: Біз Америкада жүргенде, үлкен бір шегерімді сатылым уақытына тап келдік, дүкендегі заттардың бәрі 90-95 пайызға шегерілген. Жүз доллардың киім-кешегі он доллардан жарқырап тұр. Бір ақшамыз жеткенше, көтергенше алып, үйге келе жатырмыз. Өзіміз іштей қуанып та келеміз ғой. Сөйтсем, қасымдағы жолдас отандасым «Американың шегерімі деген осы-ақ па? Еш арзан емес қой» - демесі бар ма. Жанымда келе жатқан досым Раушан оған жұлып алғандай, «Енді бұларға өл дейсің бе? Тоқсан пайыз скидка ғой! Мұндайды қашан көріп едің?» - демесі бар ма. Қыран топан күлкіге баттық.
Сондай-ақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет