Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)


МӘТІННІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ: БҮТІНДІК ПЕН ДАРАЛЫҚ



бет38/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

МӘТІННІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІ: БҮТІНДІК ПЕН ДАРАЛЫҚ

Мәтін және оның құрылымдық-семантикалық бүтіндігі, ауқымды мазмұн мен мол ақпарат беруі терең зерделеуді қажет етеді. Әлемдік тіл білімінде бұл тақырып кеңінен зерттелу үстіндегі өзекті ғылыми мәселелердің бірі. Мәтін теориясында «семантикалық кеңістік» терім сөзі мәтіннің мазмұндық ерекшелігі мен ішкі мәнін анықтауда қолданылады. «Мәтіннің семантикалық кеңістігі» көркем шығарманың өзі мен тілдік бірліктер арқылы таңбаланатын автордың айтар тілегі (интенция), мақсаты және оқырманның өзінше қабылдауы, түсінуі, талдауы арқылы анықталады. Сондықтан семантикалық кеңістік автордың өз көзқарасы мен дүниетанымын, оқырманның оны қабылдаудағы ерекшелігін қамтиды да, өзіндік менталдықты танытады. Мәтін мазмұнын жүйелі зерделеу үшін, оның семантикалық кеңістігін барлаудың мәні ерекше, өйткені, көркем мәтіннің мазмұны ауқымды, ашық, кейде нақты деректермен, нақты мағынамен эмплицитті мән таңбаланса, кейде ауыспалы мағынамен, астарлы сипатталып, имплицитті мән таңбаланады.


Мәтін бүтіндігі - ой бүтіндігіне толықтай тәуелді. Ой, әрине, субъективті, ол әлі сөзбен таңбаланбай тұрғанда, тек ой иесінің өзіне ғана аян. Мәтіннің құрылымдық бүтіндігі – мәндік және коммуникативтік бүтіндіктің сыртқы көрінісі. Ал мәтіннің мәндік бүтіндігі тақырыппен, жалпы мазмұнмен, мазмұн арқылы берілетін негізгі идеямен байланысты анықталады. Мәтін бүтіндігі «даралық» ұғымымен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып, өзара сабақтасып жатады. «Даралық» (дискре́тность: латынның discretus – бөлінген, үзік) – бөлінбеу ұғымына қарама-қарсы қойылады. «Даралық» негізінен жалпы материяның қасиеті ретінде жаратылыстану ғылымдарында жиі қолданылатын терімсөз. Әсіресе, биология, математика сынды ғылым салаларында кең мағынада жұмсалады. «Даралық» (дискретность) терім сөзі жалпы тіл білімінде контекстегі тіл бірлігін ерекше бөліп көрсетуде дәстүрлі түрде қолданылып келеді. Ф. де Соссюр таңбаның негізгі қасиеттерінің бірі белгіленушінің сызықтық сипаты деп есептейді. Осы жолды басты негіз ретінде қабылдаған кейінгі ғалымдар ойдың таңбасы ретінде бағаланатын Сөздің бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі жағы бар деп есептейді – даралық сипаты және бүтіндік сипаты.
Сөздің даралық мәні тілдік семантикада ерекше көрініс табады және өзінің бүкіл мән-мағынасымен контексте ашыла түседі. Таңбаның мағыналық сипаты гауһар тастай жарқырай көрінетін, даралық семаға ие болатын жері – мәтіндегі не лебіздегі контексте немесе сөйлем ішінде ғой. Жеке тұлғаның (ақынның не жазушының) әлем бейнесін өзіндік тану үлгісін айшықтап, ерекше дүниетанымдық сырын ашатын, жариялайтын, өзге тұлғалармен байланыста келіп, әртүрлі мәнде жарқырай көрінетін тұсы – мәтіндегі сөздің жекелік мәні.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Жоғарыда талданған Абай дана өлеңінің жолдары. Өлеңдегі әр сөз қажетті мағына арқалап, жалпы ойдың жүгін ортақ көтерген. Осы жолдардағы «наданның» сөз тұлғасының қолданысына назар аударыңызшы! «Надан» сөзінің орнына қазақ, Тобықты, жұрт, кісі, адам т.б. тұлғалар неге қолданылмады? Өйткені бұл сөздердің даралық мағынасы мен «надан» сөзінің жекелік мағынасының арасында үлкен айырма бар. «Надан» жалпылық мән беретін сөзінің өзіндік салыстырмалы азайтқыш мағынасы бар. Яғни адамдардың бәріне емес, солардың ішінде жүрген надандардың көзін ашу – мақсат! Надандық руға не ұлтқа бөлінбейді. Надан - ол надан, бітті. Бұл оның басты анықтамасы. Оны бөліп алып, біздіңше айтқанда, астын сызып айту автор үшін аса маңызды болған. Екіншіден, мақсат – наданның көңілін ашу, көңілін көтеру емес, көзін ашу! «Көзін ашу» тіркесінің бірнеше мағынасы бар. Контекст арқылы берілген сөздің мағынасы қазақ баласына түсінікті.
Көзін ашу:
• Негізгі және тура мағынасы: ұйқыдан тұрып көзін ашу;
• Ауыспалы мағынасы:

  • оқыту;

  • бұлақ көзін ашу;

  • шындыққа көз жеткізу;

Осы мәтіндегі «көңілін қойып» тіркесіне назар аударалық. «Көңілін қойып» тіркесі арқылы берілген мағына мен «көзін ашпақ» тіркестері қатар тұрып, бір-біріне оппозициялық мән туғызған. Окказионалды оппозиция. Мұндай формадағы оппозициялық қатынас болады дегенді біз грамматикалық зерттеулерден таба алмаймыз, өйткені ол жүйелі қолданылатын тұлға емес, авторлық қолданыста, жасалған окказиональдық мән. Мұндағы қарама-қарсылық «қою» етістігі мен «ашу» етістігінің мағынасы арқылы айқындалады. Қарама-қарсылық кумулятивті деңгейде, тыңдаушының рационалды көзқарасына байланысты этикалық, эстетикалық, эмоционалдық нұсқаумен жалғасады. «Көңілін қойып, көзін ашпақ» тіркесінде алғашқы синтагмаға кейінгі синтагма мәндік қарсылық туғызған.
Қарсылық әртүрлі себептермен уәжделіп, ақынның өз көзқарасын, интенциясын айқындай түседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет