Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет46/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жаққа?

Абай өз дегенінен, өз пікірінен қайтпайды. Мұнда да,


«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек» - деген тұжырымды тереңдете түседі. Бұл – бүтін болам, ел болам деген елдің болашағына айтылған үндеу дегенбіз. «Әсемпаз болма, әрнеге» өлеңінде де қайрат пен ақыл кімге де болса, жол табуы мүмкін, дегенмен, әділет пен шапағат болмаса, алдың - жалындаған от, артың – мұз қайда барар едің дегенді баса айтады. Өлеңдегі әр сөздің мағынасы негізгі сема деңгейінде қабылданады. Мәтін - бүтін, бөліп-жаруға келмейді. Бастапқы екеу, соңғысыз: бастапқы екеуі – қайрат пен ақыл. Олар қашқанға да, қуғанға да жол табады. Алайда әділет пен шапағат – ол жүректің қасиеттері. Жүрек әмірін айтпаса, жүрек өзінің шапағатына бөлеп, әділдік жолын көрсетпесе, адаспақ та оңай іс. Кез келген әрекетті, жағдайды күшпен, ақылмен жасауға болар, бірақ шешімін жүрек шығарса, сол – мақұл іс болмақ. Бұл толық адамның, бүтін бітімнің нәтижелі ісі болмаққа керек. Мағына – әр тілдік тұлғаға бекітілген мазмұн, сөйлеуде қалыптасқан нәтиже, жалпы халыққа түсінікті. Мәтіннің ішкі мәнінде сөз мағынасы жаңа мазмұнға ие болып, бір ғана ерекше семасында көрініс береді. Сол мағынаның көрініс иірімін, сема бөлшегін тани отырып, түсінуге, аңғаруға, кейін ұғуға жол ашылады.
«Мағына» - тілді білетін барлық қолданушыларға ортақ, болмыстың көрінісін, сипатын, белгісін белгілеуші, относительді объективті. Сөз мағынасы сөздіктегі реестр арқылы тізбеленеді, анықталады, белгіленеді, жүйеленеді, реттеледі. Мән үнемі өзгерісте болады. Сөздердің мәтіндегі қолданысы, бір-бірімен байланысқа түсуі, жалпы ойдың берілу сипаты – мәнді анықтайды. Мән жүйеленбейді, реттелмейді, тізбеленбейді. Ол әр мәтінде әр алуан қолданысы арқылы көрінетіндіктен, санауға, реттеуге көнбейді.
Оқырман мәтіннен өз білім-білігіне сәйкес керегін көреді, таниды. Кейде, автордың өзі де байқамаған, аңғармаған жағдаяттарды көруі, қабылдауы, сезінуі, түйсінуі, аңғаруы, пайымдауы ықтимал. Немесе, керісінше, автордың мәтін ішіне жасырған сырын танымай, тек сыртқы формада берілген жалаң ойды малдануы да мүмкін. Н.В. Гогольдің атақты «Ревизорды» сахналаған қойылымына көрерменнің сырттай қабылдауына қынжылыс білдіргенін, өз ойын таныта алмағанына, көрерменінің түсінбегеніне көңілі қалғанын көзі қарақты оқырман біледі. Көрермен авторлық ойдың сырына емес, сыртқы формасына назар салды, соны ғана түсінді, оның ар жағында тұрған терең мысқыл мен салмақты ойға жетпей қалды.
Абайдың «Көлеңке басын ұзартып» атты өлеңінде:
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой, - деп неге айтты дерсіз?
Терең ой жеткізер ме пендеге. Адасқан күшік, ұлыған ой - тіркестерінің беретін коннотациялары да ауыр, үлкен тұлғаның тұла бойын басқан ауыр ойдың шекпенін шешу қажет болмас.
Мәтін мен ішкі мәннің арасы алшақ та жақын. Бұл оппозицияның болуы заңды. Олардың арасын жақындататын да, алшақтататын да оқырман, оқырманның түсінігі, танымы, көзқарасы. Мұндай мәтіндердегі ойдың тереңіне бойлау үшін, танымдық талдау керек, сөз мағыналарының ішкі сырына үңіліп, контекстік сипатын ашуға ұмтылу жөн. Ішкі мәнді іздеу керек.
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Абай өз шерінің, өз мұңының сырын көпке ашқысы келмеді де екен, әлде сөз астарындағы ішкі мәннің кілтінің оңай ашыла алмасына сенді ме екен. Әйтеуір айнала сұрғылт тартып, бейуақ болғанда төмен қарап, мұңға батады. Кім білсін, шер мен мұң – кімге, неге қатысты болды екен? Өлең жолдарын оқи отырып, оқырман ретінде өзіңнің, өз ойыңның тұңғиығына батасың, бата бересің. Келесі жолында, уақыт өткенде, күн қызарып, көкжиектен асып барып, батуға айналғанда, «өткен өмір - қу соқпақты» қайта бір ой елегінен өткізіп, жүрекке өңкей у жинайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет