Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет41/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып
Жасы үлкендер бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала
Жағалайды шешесін:
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен:
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белденген,
Асау мініп теңселген,
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңмен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы,
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жоқ,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.
Өлең мәтіні, әрине, толық беріледі. Өлеңді оқып шыққанда дала қазағының қоңыр тіршілігі, жаз жайлауға көшіп, ел аяғы кеңіп, мәре-сәре болып жатқан ауыл көрінісі айнымай көз алдыңызға келеді. Тағы да бір рет оқып шығыңызшы. Көзімен көрген ауыл баласы, өлеңді оқып шыққан соң, орнынан тұрып, ауылды есіне алар болар еді, қала баласы аузын ашып, көзін жұмып, бойындағы гендік ақпараттар арқылы мынау керемет пейзажды көз алдына келтірер еді. Бір тақырып көлемінде, яғни жазғы күнгі шілде айындағы бір ғана сәтті көркем тілмен бейнелеу арқылы ақын тамылжыған табиғат көркі мен адамдардың әрекетіне терең барлау жасайды, айналаны бақылай қарап отырып, бәріне мән береді, көріністің кез келгеніне назар салып, ондағы шуақты көңіл күйді, бейғам бір тіршіліктің қарекетін соны бейнелейді. «Жаздыкүн шілде болғанда» деген бір ұғымға сыятын өзіндік сюжеті бар, үлкен пейзажды фон туғызады. Сондай-ақ, жаздыгүні, ауыл, адам сияқты кілт сөздерінің аумағында, дара мәнді контекст құрылып, әрекет пен жағдаятқа толы сурет салынған. Сөзбен салынған сурет. Мысалы,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап, - деп жалғаса береді.
Әр жолдың артында әрекет тұр, әрекет тіршіліктегі нақты шындықты бейнелейді. Асып-артып троп түрлері қолданылмайды, артық жамау-жасқау жоқ, боямаламайды. Қарапайым ғана көрінетін бейнелеуіш сөздер мен еліктеуіштерді шебер пайдаланып, соншалықты табиғи сурет таңбаланған. Әр сөз өз мағынасын анықтап, өз орнында қолданылған. Суреткерлік деген осындай болар, сірә!
«Жаз» кілт ұғымы мәтінде семантикалық өріс жасайды, осы өріске жаз көрінісінің бәрі сыйғызылады: жаз, шілде, ауыл, адамдар, ауыл көрінісі, жай ғана көрініс емес, қарапайым, мамыражай тіршілігі т.б. Бұл өлеңдегі мәндік лейтмотив. Өлеңнің кез келген шумағы, кез келген жолы орталық мәндік бір ұғымға бағынып, соның айналасынан шықпайды, сол ойды, яғни – жазғы тіршілікті баяндайды, суреттейді, танытады, бейнелейді. «Жаз» ұғымы өлеңдегі негізгі ойдың басты ұйытқысы, тірегі, осы семантикалық өрістегі сөздер мен сөз тіркестері жинақталып, күрделі бүтіндікті туғызу, тақырыпты ашу мақсатында жұмылдырылады да, өлеңнің тақырыбы ашылып, сюжеті нақтыланып, көркем безендіріліп, бүтіндікке жетеді. Кілт сөздер мен кілт ұғымдар мәтіннің басты семантикалық жүйесіндегі орталық әрі маңызды бірліктері саналады, осы сөздер арқылы автордың негізгі идеясы ашылып, өзіндік қолтаңбасының ерекшелігі мен стилі көрінеді. Ақынның ұлылығы сонда, ол «жаздыгүні» сөзімен өлеңнің алғашқы шумағын бастайды да, қайтадан екінші рет қайталамай-ақ, барлық мәтінді осы ұғымның аясына шоғырландырып, осы сөздің мәнін ашуға салмақ салады. Осылайша-ақ, «жаздыгүні» сөзінің бүкіл табиғаты ашылып, мәні тереңдеп, мәтіннің мазмұны мен өзекмәнін анықтаушы басты сигналға айналып шыға келеді. Өлеңнің құдіреті, сөздің құдіреті деген ОСЫ! Сөзді бағалау дегенді осыдан, осындайдан көремін.
Мәтінді біріктіруші элементтер - мазмұн деңгейіндегі авторлық бағалау мен оның позициясын айқындайтын тілдік тұлғаның зерделеу бағыты, шығарманың жалпы композициясы. Мұның бәрі мәтін мақсатымен байланысты анықталатын дүниелер.
Сонымен, мәтіннің негізгі екі белгісі ретінде бір-бірінен ажырағысыз құрылымдық байланыстылығы мен мазмұндық бүтіндігін көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет