Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)


ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУДЫҢ МӘНІ НЕМЕСЕ



бет49/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУДЫҢ МӘНІ НЕМЕСЕ
«АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ» КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абай поэтикасы туралы көп жазылды...


Абай поэтикасы әлі толықтай зерттелмеді ...
Теріске шығару - логиканың даму заңы.
Адам баласы дүниетанымы дамуының бір жолы, мүмкін, теріске шығарудан басталатын болар. Бұрыннан қалған дәстүрлі жол-жоба бар, ол өз дәрежесінде жоғары да лайықты бағалануы тиіс. Оған сөз жоқ. Алайда. Алайда тек бір соқпақпен жүре берсең, дүниенің шеті мен шегі белгісіз мол болмысын тани алар ма едік? Дәстүрден шығу, бұрынғы танымды теріске шығарып, жаңадан жол салу, із салу, іздену, ұмтылыс – өмірге жаңалық сыйлайды, жаңалықпен бірге жаңа сипатты тіршілік, жаңа сипатты дәстүр, жаңа салт қалыптасады. Американы ашу орта ғасырда өмір сүрген энциклопедист ғалым, ойшыл Абу Рейхан Мухаммед ибн Ахмед Аль-Бирунидің ғылыми нақты ізденуінен (бұл туралы американдық профессор, Орталық Азия тарихының маманы Фредерик Старр жазған арнайы ғылыми зерттеу бар), итальян текті испан теңізшісі Христофор Колумбтың 1492 жылы Еуропалықтарға ашуы бораннан адасып, жер табуынан басталма па еді?!
Кісінің өмірден көргені мен байқағандарының түйіні, өз тәжірибесінен және өзгелердің тәжірибесінен түйгені, әртүрлі күрестер пен қарсылықтардан алған сабағы, бағалауы – теріске шығару арқылы да өрнектеледі. Теріске шығару – бұл келіспеу, қарсылық, қарама-қайшылық, белгілі бір пікірмен, көзқараспен келіспей, өзіндік пікірін, көзқарасын ұсыну. Теріске шығару – дамудың басты да қажетті шегінің бірі, жаңалықтың бастауы, танымның жаңа белесі. Осындай жалпы теріске шығару факторлары данышпан Абай шығармашылығында мол кездеседі.
Жалпы көркем шығармадағы теріске шығару - өзіндік ерекшелігі мол, күрделі де кешенді құбылыс. Теріске шығарудың лебіздегі бейнесінің өзіндік ерекшелігін саралау, тағы да сөздегі мағыналық және мәндік құрылымын зерделеумен тікелей байланысты. Лебіздегі модалдылық, эмоционалды-экспрессиялық, бағалауыштық, байланыстылық, шарттылық мағыналар кейде теріске шығарумен қойындаса жымдасып, араласып кетеді. Қазақ тілінде семантикалық теріске шығарудың бірнеше грамматикалық тұлғалану жолдары бар:
Іс-әрекет пен қимылдың орындалмайтынын таңбалайтын тұлғалардың өзіндік жасалу жолдары бар:
а) синтетикалық тәсіл: түбір, негізгі және туынды етістіктерге -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық мағынасын білдіретін жұрнақтың жалғануы: кетпе, жүрме, тұрма, отырма, оқытпа, айтқызба, ой салма, көз салма, дірілдетпе, сөйлеткізбе, ойлантпа, айта салма, бара қалма, сартылдатпа, сыртылдатпа т.б.
ә) аналитикалық тәсіл: есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады: білген жоқпын, тұрған жоқпын, ой салған жоқсың, алып болған жоқпын, тұрып кеткен жоқсыз, келген жоқ, оқыған жоқ, келген емес, білген емес, жатып жүрген емес т.б.
Болымсыздық тұлғалары етістік түбіріне не негізіне жалғанғанда, оның мағыналық құрылымына айтарлықтай семалық өзгеріс енгізеді. Іс-қимылдың болмайтынын, орындалмайтынын білдіру арқылы атаудың мағынасына жаңа сема қосып, танымдағы болымдылық пен болымсыздықты таңбалауда үлкен рөл атқарады. Болымсыздық тұлғаларының күрделі етістікке жалғану сипатында айтарлықтай ерекшелік бар: кейде күрделі етістіктің бірінші сыңарына жалғанады (айтпай жүр, оқымай келді, барғызбай қойды, сөйлетпей жатыр, бітіртпей отыр, келмей кетті, ойланбай айтты, білмей сөйледі т.б.); кейде күрделі сөздің екінші сыңарына жалғанады (айтып қойма, күліп жіберме, білдіріп қойма, сөйлеп отырма, ойнап жүрме, беріп жіберме, керіп қойма, ойланып отырма т.б.). Болымсыздық тұлғаның бірінші немесе екінші сыңарға жалғануында стильдік мән бар. Егер болымсыздық мағына беретін тұлғалар күрделі сөздің екі сыңарына бірдей жалғанса, онда бірін-бірі теріске шығару нәтижесінде болымдылық мән туғызады: келмей қалма, оқымай қойма, білмей келме, сұрамай болмайды, түсінбей қойма, шығармай қойма, келмей кетпе т.б. Терістеу мағынасы болымсыздық есімдігі еш сөзінің кейбір есімдіктерге жалғануы арқылы да: еш, ешкім, ештеңе, ешқашан, ешбір, ешқандай, ешқайсы, дәнеңе; болымсыздық демеуліктері – түгіл, тұрсын, тұрмақ арқылы да жасалады; Теріске шығарудың түрлері әртүрлі: белгілі бір ақпаратты ғана теріске шығару бар да, кумулятивтік мәнді жалпы терістеу бар.
Абайдың мына өлеңіне назар аударалық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет