Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет47/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді уерд қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.
Кім білсін, мұндағы ішкі мән – ақын жүрегінде мәңгі қалған болар.
Өлең мәтінінің ішкі мәнін, оның ақын жасырған кодын ашу қажеттілігі бар ма? Патша көңіл оқырманның ойлау қызметі, сөз мәнісін түсіну деңгейі қандай? Ол не дейді? ... Автор – мәтін – оқырман. Ал лебіздің ішкі мәнінің кілті кімде? Ақында ма? Ақын – үнсіз. Мәтінде ме, әлде оқырманда ма? ... Мүмкін өлең жолдары оқырманның өз жүрегінің мұңын толқыту үшін де қажет болар ...
Абайдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар...» - атты өлеңі 1886 ж. жазылған. Барлығы 16 жол, 4 шумақ.


Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу - маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.


Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.


Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.


Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Оқып шықтық. Мағына қайсы, мән не дейді. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар, - сөздің негізгі және тура мағынасымен түсініп, үстірт мән іздесеңіз, күнделікті қоңыр тіршілік көз алдыңызға келеді. Базарға бармайтын, одан керек-жарағын алмайтын адам бар ма? Күнделікті қоңыр тіршілік – қарапайым, қарапайым күнделікті өмір, ал осы қарапайымдылық өмірдің ұзақ жолын құрайды. Демек, базар-қарапайымда ұлылық та, ізгілік те, жақсылық та, жамандық та, кісілік те, кішілік те, ерлік те, ездік те бар. Мәтіннің ішкі мәніне ене бастаймыз. Өмір – базар. Ғұмырың базарда өтіп жатыр. Әркім өз керегін іздейді, табады, мүмкін таппайды, бірақ іздейді, біреу астық алады, біреу жастық алады, біреу бастық болады, біреу қастық етеді, біреу жастық етеді, біреу білім іздейді, біреу тірек іздейді. Өмір-Базар бәріне бірдей нәрсе ұсынады, не іздесең соны табасың. ТАҢДАУ – сенде, өзіңде! Пенде өмірде өзінің не іздеп жүргенін біле ме? Базарға неге келгеніңді білесің. Ал өмірге неге келгеніңді, не іздеп жүргеніңді ойландың ба?


Абай данышпан тағы да:
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар, - дейді.
Данышпандығы осында. Сөзді ұғып, бағасын пайымда деп айтып отыр ғой. Кім өзін сөз ұқпас, пайымсыз деп ойласын. Ойлана қарасақ, бәріміз өмір-базарда жүрміз, алдымызда сан тарау таңдау бар. Таңдау - адам баласына берілген басты және негізгі мүмкіндік, ерік. Бірдей етіп жаратылған адам баласына әртүрлі тағдыр сыйлайтын, бәлкім, өзінің осы таңдау еркі болар. Өмір-базардағы мақсат не, мүдде қандай, не іздедің, нені тапқың келеді – таңдау еркі кісінің өз қолында.
Бірнеше жыл бұрын досыммен Дубай қаласына барғанымыз есімде. Туристер мінген автобус іші толған. Қаламен таныстырып келе жатқан гид - орыс жігіті аузы-аузына жұқпай шешен сөйлеп келеді. Бір кезде түрменің жанынан өтіп бара жатып оның айтқан сөзі менің құлағымда қалыпты: «Адам құқығы сақталған бұл мемлекетте түрме неге бар деп ойлап қалмаңыз. Мұнда түрмеге жасаған қылмысы үшін емес, жасаған таңдауы үшін отырғызады» - деді. Мәні терең сөз емес пе? Бұл - таңдау ғой. Әркімнің өмір-базарда өз таңдауы бар. Өмір-базар - қазақ дүниетанымының дәстүрлі концепті. «Біріміз базарға енді бара жатырмыз, біріміз базардамыз, біріміз базардан қайтып келеміз» деген танымдық мәні терең сөзді аузы дуалы қариядан естімеген құлақ болмас. Абай данышпан дала дүниетанымына жаңа «шекпен жауып», мәнін тереңдетіп, мазмұнын жаңартып қайта өзіне қайтарғандай.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет