Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)


АДАМДЫ ОРТАЛЫҚ НЫСАН ЕТКЕН БАҒЫТ



бет58/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

АДАМДЫ ОРТАЛЫҚ НЫСАН ЕТКЕН БАҒЫТ
Тіл біліміндегі әлемдік беделді ғылыми зерттеулерде антропоорталық ғылыми зерттеу бағыты туралы көп жазылған. Мәтінді терең зерделеуде де бұл бағыт бірінші орынға шығады, да барлық зерттеулерде өзінің іргелі орнын алып, алдыңғы қатардан қоныс тепкен. Яғни, тілді, лебізді зерттеуде адам орталық нысан ретінде алынатын бағыт деген сөз. Ойландым. Таңғалдым. Көп ойландым. Ішкі ойымда оппозиция басым. Бірақ атағынан ат қана емес, «мерседес» үркетін атағы әлемге белгілі ғұламалардың айтқанына қалайша дау айтпақсың деген ой «сап-сап көңілім, сап көңілімді» айтқызады.
Дегенмен, ақылға салып тағы бір бажайлап, пайымдап көруге бел шештім. Мәтінді (лебізді) жазушы, айтушы, тыңдаушы, оқушы, бағалаушы, оның кейіпкерлері – бәрі АДАМ. Адам баласының маңдайына жазылған сөйлеу қасиеті бар, Шаһкәрім данышпан айтқандай «Алладан шыққан бу» бұл. Мәтінді жазатын - адам, адам туралы жазылады, адам үшін жазылады, адамның дүниетанымы, болмысы, сезімі айнадай мөлдіреп сөзбен сурет салынады, суреткерлік шеберлікпен сөз Патшалығында көркем құндылық жасалады. Ол да адам үшін, адамның мәдени-рухани игілігі үшін. Мәтінді оқитын, түсінетін, қабылдайтын, тұжырым жасайтын да - адам. Мәтіннің айналасынан адамнан басқа тілдік тұлғаны таба алмайсыз. Ол жоқ. Болуы да мүмкін емес. Ендеше оны осы адами, антропологиялық бағытта қарамағанда басқа қандай бағытта зерттеуге болар. Ендеше, тілді антропологиялық бағытта қарау керек деп жаңалық ашуды қалай түсінуге болады? Тілден, лебізден адами факторды іздеп, ғылыми жаңалық ашуға болар ма? Ол онсыз да адамнан шығып тұрған жоқ па? Тіл мен адамның арасында тұрған өзге субъект немесе өзге үшінші объект жоқ. Тіл адамның ғана сөйлесу құралы ретінде қызмет атқарады. Сұрақтар ... сұрақтар... сауалдар ...
Ия сонымен, антропологиялық бағыт, антропологиялық аспект, антропологиялық әдіс дегеніміз не? Оны кім енгізіп еді? Аздаған ракустық ізденіс жасап көрелік: «Антропоцентризм (от греч. άνθροπος — человек и лат. centrum — центр) - ненаучное идеалистическое воззрение, согласно которому человек есть центр Вселенной и цель всех совершающихся в мире событий» - бұл Википедияда берілген ақпарат. Антропоорталық бағыт бойынша ғаламдық тіршіліктің бәрі Адам феноменіне қызмет етеді. Биология, экология т.б. ғылым салаларында кездесетін «антропоорталық» ғылыми бағытын түсінуге, түсіндіруге болады, өйткені жер бетінде тіршілік етіп жатқан тек адам баласы емес, жаратылған он сегіз мың ғаламның бәрінің «тіршілік» нәпақасы осы қасиетті қара жерден бұйырған. Ғылым өз деңгейінде соның жөнін анықтап, ішкі заңдылығын зерделеп, ақиқатын тануға ұмтылады. Мұның ішінде адам баласын бөліп алып, оның жаратылысындағы ерекшеліктерді анықтаса, бұл тек адамға ғана қатысты болғандықтан, әрі басқа жаратылыс түрлерінен ерекшелеп көрсету үшін, антропологиялық зерттеулер деп аталса, онда еш өрескелдік жоқ.
Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап, әрбір жаратылыстың барын бағалаудың орнына, адам ролін жоғары бағалап, И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек", - деген ұранымен жүріп те ұзаққа ұзамағанымыз, қайта қасиетті жер ананың төсін тескілеп, берекесін алғанымыз есімізде болуы керек. Ал экологиядағы «антропоөзектік» қайда әкелгенін әркім-ақ біледі, ХХ ғасыр ғылымында болған антропоорталық бағытының «жақсылығы» бұл. Бозала таңнан бозторғаймен жарысып, шабытпен ән салғанмен, құрттай ғана бозторғай дауысына дауысымызды жеткізе алмаймыз.
Зерттеушілердің салмақты еңбектерінің сарғайған беттерін парақтап қарай бастаймын. «Антропоорталық» сөзінің тарихы тым ертеден, ежелден басталған екен. Протогор айтқан «Человек есть мера всех вещей» бұл бағыттың негізгі базалық ұранындай. Ал тіл ғылымындағы антропоорталық парадигманы айту – бір қарағанда жөн пікірдей көрінері хақ, бәріміз де күні бүгінге дейін осылай жазып, тілді адами-орталық бағытта зерделеп жүрміз деп есептедік.
Тіл - тек адам баласының ғана сөйлесу құралы. Оны жасаушы, пайдаланушы, сол арқылы бірін-бірін түсінуші - адам. Тілді таңбалар жүйесі деп бағаласақ та, ол таңба тек адамға арналған, солар ғана түсінеді. Тілдік таңбалардан өзге адамның өз қолымен жасалған өзге таңбалар да адамға ғана қызмет етеді, адам ғана түсінеді, түсініседі. Өзге мақұлқатқа ол ақпарат көзі емес. Бір кездердегі (орта ғасырларда, мәселенки) ғылыми зерттеулерде «антропоорталық парадигмасы – адам бәрінің кіндігі, әлемдегі ең биік жаратылыс - адам» екенін таныту үшін жазылса, мұнда да, заңдылық бар. Өйткені адам мен өзге жаратылысты салыстыра отырып, Адамның артықшылығын таныту үшін жасалады. Ал тіл ғылымында адами тілді өзге қай нысанмен салыстырып, қай нысанның тілімен салғастырар едік. Ол тек адами ғана. Демек, осы төңіректе ойлану қажет.
Бір қарағанда, бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді. Тілді, сөйлеуді антропологиялық бағытта зерделеу. Оның артықтығы жоқ сияқты. Бірақ, екінші жағынан тіл мен адамның арасын бөліп жарып зерделейтіндей, оған бөгет болатындай немесе олардың арасын өзге нысанмен салыстыратындай, тіл мен адам арасында тұрған үшінші зат жоқ, сондықтан ол өзінен-өзі адами. Тек осы ғана.
«Антропоорталық» терімсөзі қазіргі ғылымда былайша түсіндіріліп жүр:
1. Антропоорталық - тілдің негізгі қасиеті (антропоморфизм), яғни тіл айналамыздағы объективті болмыс шындығын адамның ішкі жан дүниесі арқылы таңбалап, онда адамның қызметі мен танымы, сезімі мен сенімі көрініс табады; әлемнің тілдік бейнесі деп қарастырылып жүрген барлық зерттеулерді қамтитын бұл бағыт «Адам барлық заттың өлшемі» деген постулат негізінде өрбиді.
2. Антропоорталық - тілдік құбылыстарды талдаудың арнайы бір тәсілі.
3. Антропоорталық – тіл біліміндегі философиялық позитивизмді анықтай қарастыратын әдістің (метод) бірі.
Антропоорталық теориясы тіл білімінде Вильгельм фон Гумбольдт есімімен байланысты. Ғалым орнықтырған «салыстырмалы антропология» бағыты тіл теориясында орталық бағыттардың бірі ретінде қабылданды. «Салыстырмалы антропология» терімсөзін В. Гумбольдт ұлттарды салыстыру және олардың рухани төлтума жаратылысын анықтау деп түсінген. Оның пайымдауынша, тілдерді бір-бірімен салыстыра зерттеу арқылы жеке адамды да, бүкіл ұлтты да түсінуге болады. Гумбольдт тіл арқылы ең жоғарғы және терең саланы да, әлемнің барлық сан салалы бейнесін де бақылау мүмкін деп есептеді. Баск, полинезия тілдерін зерттеп, ондағы тілдік деректерді, тарихи, антропологиялық, этнопсихологиялық ерекшеліктерді салыстырып, тілдердегі өзгешеліктер мен негізгі сипатын айқындады. Ғалым тек лебізді ғана емес, тілді де зерттеу нысаны ретінде қарастырып, тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты, сезіммен қабылдау мен тіл арасындағы қатынасты анықтап, тілдің шығуы туралы ойларын тұжырымдады. Салыстырмалы антропоорталық бағытының зерттейтін басты міндеттерінің бірі ретінде мынаны атап көрсетті:«языка в самом широком его объеме – не просто в его отношении к речи…, но в его отношении к деятельности мышления и чувственного восприятия» [Гумбольдт, Язык и философия культуры.: «Прогресс», 1985. – 450 б. 75]. Гумбольттік антропоорталық бағыт бойынша тілді түсінудің басты негізі - рухани қызмет. Адамдардың бірін-бірі түсінуі, түсінісуі олардың бір-бірін қабылдауымен, сөйлесу барысында адамдардың тіл табысуы әлеуметтік-мәдени деңгейімен сәйкес; тіл арқылы көрінетін сөйлеуші мен тыңдаушының дүниетанымымен, сөйлеуші кісінің сөйлеу барысында қолданатын сөздерінің сипатымен байланысты. Ғалымның пайымдауынша, «тіл – сыртқы әлем мен адамның ішкі әлемінің арасында жататын әлем», «тіл –адамдардың бір-бірін тек түсінісу құралы емес, сонымен бірге, зат пен өзінің арасына қойылған ішкі рухани күш жұмысының нағыз әлемі» [Гумбольдт: Избранные труды по языкознанию. – М. : ОАО ИГ «Прогресс», 2001:57]. Тіл тек заттық әлемді бейнелеуші емес, ол осы заттық әлемді адамға таныстырудың тәсілі де. Бұл тәсіл, бұл көзқарас арқылы халықтың әлемге көзқарасын да, сондай-ақ, жеке адамның ерекше көзқарасын да анықтайды.
В. фон Гумбольдтың «Язык и философия культуры» деп аталатын зерттеуінің орысша нұсқасы қолымызда. Оның бізге қажет болып отырған «салыстырмалы антропология» туралы ілімі осы еңбекте негізделген. Гумбольдт Гёте, Шиллер, Виланд сынды классиктермен замандас болып, олармен пікірлес болған екен. Жары Каролина фон Дахерёден бай және атақты отбасынан шыққандықтан, болашақ философ ғалымға немістің беделді ақсүйектерімен танысуға, пікірлесуге мүмкіндік туған. Гете өлеңдерін оқу, талдау кештері жиі болған, мұнда Гумбольдт өз пікірін айтып, ерекше көзге түскен, кейін, Гете шығармашылығы туралы бірнеше мақала жариялаған.
Зерттеудің «План сравнительной антропологии» деп аталған бөлімін бастауда салыстырмалы анатомия сияқты адамдардың әралуан типтерінің моральдық ерекшелігі мен өзгешелігін бағалап, оны бір-бірімен салыстыра қарауға болатынын атап көрсетеді. Өмірдің өзі ұсынып отырған бай деректерді салыстырмалы антропология бағытымен анықтап, оның өзіндік ерекшеліктерін саралап, маңызды және маңызды саналмайтын сипатын көрсетіп, маңызды ерекшеліктердің себебін анықтап, оған баға беріп, жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін белгілеп, даму жолын көрсетуді ғалым бұл бағыттың басты міндеті ретінде таниды. Демек, бағыт жалпыны емес, жекені қарастыруды мақсат етеді. "Природa прекрaснa вообще лишь в той степени, в кaкой ее предстaвляет себе фaнтaзия" (171-бет) – деу арқылы да адамның жеке қабылдауының маңызын айқындай түседі.
Салыстырмалы тіл білімінің теоретигі ретінде ғалым былай деп жазады: «Разные языки — это отнюдь не различные обозначения одной и той же вещи, а различные видения ее» (349-бет). Біздіңше, бұл тұжырымның маңыздылығы ерекше. Жоғарыда талданғандай, типологиялық лингвистиканы, әмбебаптық грамматиканы осындай тезистердің негізінде зерделеу, зерттеу үлкен жүйелі нәтижелерге қол жеткізбек.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының аяғына қарай ресейлік теориялық тіл білімінде «тіл - ұлттың рухы» деген Гумбольдттың антропоорталық идеясы белсенді қолданылды. Оның әсері қазақ тіл білімінде де ептеп байқалды. Антропоорталық парадигма бойынша зерттеулер жүргізу когнитивті тіл білімі, әлеуметтік тіл білімі, психологиялық тіл білімі, лингвомәдениет бойынша белсенді бола түсті. Бұл зерттеулердің халық санасына етке әсерін де ешкім жоққа шығара алмайды.
Мәтінді антропоорталық парадигмада қарау, Адамды басты позицияға шығару - мәтіннің семантикалық кеңістігіндегі автор мен ондағы кейіпкерлердің тіршілігі арқылы ғана емес, оқушы мен тыңдаушы, бағалаушы адам арқылы да кеңейе түседі. Адам – көркем шығарманың орталығы, оны жазушы субъект те, танымның көркемдік-эстетикалық нысаны да, оны оқып-бағалаушы да...
PS.

Табиғаттағы кез келген жанды-жансыз нәрсенің бәрі құнды, бекерге жаратылған ештеңе жоқ, әрбірінің қажеті бар, орны бар. Ал адам қолымен жасалған құндылықтардың қайнар бұлағы мәдениетте, қоғамда және жеке тұлғалардың таланты мен биік рухани қасиеттерінде жатыр. Құндылықтар жүйесі адамның әлемге деген қарым-қатынасын білдірудің негізгі тірегі. Әр заманға сай қоғамдық сана өзгергенде құндылықтардың да иерархиясы өзгеруі мүмкін екенін бүгінгі уақыт шындығы алға тартуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет