Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет54/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ішкі лебіздің когнитивтік мәні ерекше. Қалай болу керек? Не істеу керек? Қалай өмір сүру керек? Қалай бақытты боламын? Кез келген істе нені басшылыққа алу қажет? Бола ма, болмай ма? Кейін қалай болады? Мен кіммін? Мен қандаймын? деген сан сұрақтар кез келген ойлы жастың «жағасынан алары» даусыз. Мұндай риторикалық мәнді сұрақтар адам баласының әлмисақтан бері жауап іздеп келе жатқан ғұмырлық сауалы болар, сірә. Өмірдің мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамның өзінің «менінің» алдындағы есебі сынды толып жатқан сұрақтар туындайтыны шындық. Оның жауабын беру де оңай емес болар. Десек те, Абай өлеңдерінің мәніне терең мән берсек, оқысақ, ойлана оқысақ, нұсқалған жолдың барлығын тануға болар еді. «Білгендердің сөзіне махаббатпен ерудің» өзі көп мүмкіндіктерге жол ашар еді.
Қазақ әфсанасында Қожанасыр «білмегендерің білгендеріңнен сұрап алыңдар» деп жұмбақтаса, мақалда: «білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» деп ізденуге, үйренуге, оқуға үндейді де, «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыстың ең зоры дер еді ақсақалдар.
«Дүние де өзі, мал да өзі» саналған ғылымға көңіл бөлу. Ғылым - ізденістің жемісі, «ізденген жетер мұратқа» дейді халық мақалы. Ұлттық дүниетаныммен ұштасып жататын Абай үні поэтикалық мәтінде эстетикалық тұрғыдан әсер етіп қана қоймай, ой мен сезімнің, үміт пен сенімнің концентрациясын құрайды. Қазіргі қазақ дүниетанымында «Абай топырағынан», «Абай ауылынан», «Абай шәкірттері», «Абай ұрпағы» деген ұғымдардың пайда болуы тегін болмасқа керек. Абайды оқыған, таныған, түсінген жан ғылым мен білімге, өнерге көрші қонып, өзінің рухани жан дүниесін таза сақтауға, нәпсі қумай, білім теңізінің айдынында жүзуге, тіпті болмаса, сол теңіздің дәмін татуға ұмтылады. Қазіргі мақсат Абай танымын бүкіл қазақ баласы танып, біліп, бойына сіңіріп, елітіп, сезініп, түсініп, түйсініп, сол жолмен жүруге талап қылу болмаққа керек.
«Ғылым таппай мақтанба» - поэтикалық мәтіндегі әлемнің концептуалды бейнесін тану жолындағы адам баласының тіршілік мәнін іздеудегі жолын нұсқаушысы. Бұл – феномендік құбылыс! Адам болам десең, адам болғың келсе, бес күнгі тірлікті құр босқа елең-селеңмен өткізбей, жақсылық пен жамандықты айырып, надандыққа бой бергің келмесе, балалықты қиып, ғылымға бой ұр, оқы, үйрен - Абай жолы осы. Абай нұсқаған жөн осы. Абай поэтикасында туған жерге деген ыстық сезім де, адалдық пен әділдік де, бақыт та, махаббат та, намыс та, бағалау да, нақыл да, ақыл да, қарсылық та, надандыққа қарсы дау айту да бар. Өлеңнің ішкі мәнінде иерархиялық байланыс еш үзілмейді. Айтар ой мен негізгі мақсат анық, сондықтан автордың ішкі ойы мен интенциясы осы негізгі мүддеге қызмет етеді. Өз ойының туралығына, айтылған сөздің дұрыстығына толықтай сенген айтушы сөзі оқылғанда, тыңдалғанда соншалықты сенімді шығары анық. Автор ойының нақтылығы - негізгі ұтымдылығы, сондықтан өлеңдегі кез келген сөйлем нақыл сөз, афоризм ретінде қабылданған:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба;


Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.


Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?


Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.


Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.


Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.


Жас уақытта көңіл – гүл
Келтірілген өлең жолдарындағы әрбір ой нақты, тиянақты, нәтижелі. Бүгінде халық көңілінде сайрап тұратын, елдің аузында жүрген, ретіне қарай лебізде жиі қолданылатын ақылды да нақыл сөздер. Бұл сөздердің қызметінің дамып, нақыл сөз ретінде қолданыста болуы, көп қызметте жұмсала алуы ішкі мәнінің бүтіндігімен, эмоционалдық-бағалауыштық қызметінің ерекшелігімен, терең семантикалық құрылымындағы толықтығымен байланысты. Яғни мәндік жағынан да, мағыналық жағынан да бүтін құрылымдығы, бүтін бітімдігі – Патша сөздің қасиетін асқақтатып, ел аузындағы нақыл сөз ретінде жұмсалу дәрежесіне жеткізген. Әрине, мұны феномендік құбылыс ретінде тануға болады.
Бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болуға шақырып, білімді мен наданды қарама-қарсы қою арқылы терістей отырып, әркімнің өз жеке ойы, жеке пікірі, көзқарасының болуы қажеттігіне ерекше назар аудартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет