Бір негізден бір сатыда жасалған осы 7 туынды сөздің жиынтығы бір сөзжасамдық та сөзжасамдық тарам - сөзжасамдық ұяның бір құрылымдық мүшесі. рамға жатады. Бұл сөзжасамдық тарам - сөзжасамдық ұяның бір құрылымдық мүшесі. зжасамдық тарамның орны сөзжасамдық саты екенін білдіреді. Сөзжасамдық тарамның тағы бір белгісі құрамына қатысты. Оны анық аңғару үшін сөзжасамдық ұямен салыстыру қажет. Сөзжасамдық ұяның құрамы ұяға негіз болып тұр-ған түп негіз сөз бен одан тараған туынды сөздердің жиынтығынан тұрады.Ал сөзжасам-дық тарамның құрамына бір сатыда жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сөзжасамдық тарамда бір заңдылық көзге түседі. Ол заңдылық бойынша бір сөзжасамдық тарамда бір жұрнақ екі рет қайталанбайды яғни бір жұрнақ арқылы екі туынды сөз бір тарамда жасалмайды. Сөзжасамдық тарам термині алғаш рет 1979 жылғы еңбекте орыс тіліндегі «словообразовательная парадигма» мәнінде қолданылды. Бұрын «тарам» (парадигма) термині қазақ тілінде септік, тәуелдік, жіктік, шақтық тұлғалардың қатары (жиынтығы) ретінде морфологияда қолданылатын. Сондықтан бұны қазақ тілі үшін төтеннен алынған термин деуге болмас еді. Әрине, морфологиялық тарам мен сөзжасамдық тарамның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, үй – үйдің, үйге, үйді, үйден деген сөздердің түбірі үй сөзі болады да, оған қосылған жалғаулар сол сөзге грамматикалық мағына үстейтін, осы қызметімен бір тарамға жататын қосымшалар тобы болып табылады. Ал күй – күйік, күйін, күйдір, күйіс сөздерінің де түбірі бір күй болғанымен, оған қосылған қосымшалар сол сөзден әртүрлі жаңа лексикалық мағыналы сөз туғызатын жұрнақтар тарамы (тобы) болып есептеледі. Сөйтіп соңғы 4 туынды сөз бір сөзжасамдық тарамға жатады. Бірақ, күй сөзінен туындайтын сөздер бұл төртеуімен шектелмейді. Басқа сатылардың ішінде де сөзжасамдық тарамдар болады. Мысалы, аз түп негізден жасалған ұяда 3 сөзжасамдық саты бар. 1-сатыда аз сөзінен аздыр, азғын, азғыр, азғыш туындыларынан тұратын сөзжасамдық тарам жасалған. 2-сатыда осы сатыдағы аздыр сөзінен аздырыл, аздырт, аздырушы, аздырғыш туындыларынан тұратын сөзжасамдық тарам жасалған. 3-сатыда азғыр сөзінен азғырынды, азғырыл, азғырғыш туындыларынан құралған сөзжасамдық тарам жасалған. Бұл мысалдар сөзжасамдық тарамның әр сатыда жасала беретінін байқатады.