Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Диалектизмдер мен кәсіби сөздердің есебінен пайда болған синонимдер



бет17/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Диалектизмдер мен кәсіби сөздердің есебінен пайда болған синонимдер. Жергідікті жерлердегі диалектілерді біз әдеби тілмен салыстыру арқылы ғана ажырата аламыз. Кейбір лексикалық диалектизмдер әдеби тілде мүлде ұшырамайды, бірақ олардың мағыналас синонимдері болады: байыр: тәуір-жақсы, быдым: жуан-семіз-толық, деңгел: сыбаға-мүше, бақзұр: босқа-жай т.б. Кәсіби сөздер де әдеби тілдегі сөздермен синонимдік қатар түзей алады: қияр(әдеби)-бәдірең, картоп-ботташық, көзілдірік-көзгелдек, бал-әсел т.б.
Фразеологизмдердің есебінен пайда болған синонимдер. Қолды-аяққа тұрмау-тыпыршу-шыдамсыздану, шыр біту-қоңдау-семіру, аузының суы құру-таңдану-таңырқау, қара қылды қақ жарған-тура - әділ-турашыл т.б. Фразеологиялық тіркестер жеке сөздерге ғана балама болып жұмсалмайды, өзара бір-бірімен де синоним бола береді: көзді ашып жұмғанша-қас пен көздің арасында-қабақ қаққанша, алдына жан салмайды-аузымен құс тістеді. Т.б. Мұндай құбылысты тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп атайды.
Табу, эвфемизмдер мен дисфемизмдер есебінен жасалған синонимдер: ит-құс: қасқыр-бөрі, жасыл: найзағай, ұзын құлақ: өсек, аяғы ауыр: екі қабат, шүйке бас: әйел т.б.
3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық
талдау жаса.
Қамшы – әрі құрал, әрі қару, әрі рухани күш­қуат, сый­ - cияпат, жігіт пен қыздың сәні мен салтанаты, азамат айбыны, қолөнер туындысы, шаңырақтың киесі, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра.


Емтихан билеті № 9

  1. Сөзжасамдық тарам

Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қолданылды. сөзжасамдық тарамның құрамында түрлі лексикалық мағынаны туынды сөздер ғана орналасады, бірақ олар - бір сөзден жасалған туынды сөздер. М., күй етістігінен жасалған сөзжасамдық ұядағы күйік, күйін, күйіс, күйдір туынды түбір сөздерді аласақ,бұлар бәрі - күй етістігінен жасалған туынды сөздер, олардың әрқайсысының өзіндік лексикалық мағынасы бар, әрқайсысы тілде лексикалық бірлік болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет