Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет20/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Қазақ халқының рухани төл мұрасы, баға жетпес байлығы, қасиетті қос ішекті домбырасы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр.
туынды сөздер: рухан –и , жет- пес , байлық-ы. мұра-сы, домбыра –сы, ұрпақ- тан, ұрпақ- қа, бер-іл-іп, кел-е , жат-ыр
Емтихан билеті №10
1.Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі — сөзжасамдық тізбек.
Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде аталған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті.
Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сезжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт.
Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі — түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде бола береді.
Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлас;зар-зарла-зарлат-зарлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны анықталды. Бұл екеуі де — сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшелері.
Мысалы: біл —> білім —> білімді —> білімділік, жи —> жиыр —> жирыл —> жирылгыш —> жиырылгыштыц, өн —> өнім —> өнімді —> өнімділік, бос -> боса —> босац —> босацдьщ —> босацдат —» босацдаткыз, ен -> енші —> еншілес —> еншілестік, кіш —> кішір —> кішірей —> кішірейт —> кішірейткіш, сүй —> сүйін —> сүйініш —> сүйінішсіз —> сүйінішсіздік т.т.
Сөзжасамдық тізбектің әр буынынан әрі қарай тағы да басқа тізбектер жасалуы тілде жиі кездеседі. Жоғарыда келтірілген біл етістігінен тараған сөзжасамдық тізбектің екінші буынынан әрі қарай басқа тізбектер өрби береді. Мысалы: біл —> білім —> білімпаз —> білімпаздан, біл —> білім —> білімдар —> білімдарлық. Бұдан сөзжасамдық тізбектің бірнеше тармақты болып келетінін көреміз. Ондай тармақтар екінші, үшінші буындардан басталады.
Сөзжасамдық әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөз және негіз емес сөз біреу, қалғандары негізді сөздер болады. Тізбектің алғашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады. Мысалы, біл —> білім —> білімсіз —> білімсіздік деген сөзжасамдық бір ғана қатарды алсақ, онда біл-білімнің, білім- білімсіздің, білімсіз — білімсіздіктің негізі. Ал осы қатардағы негізді сөздер — білім, білімсіз, білімсіздік. Сөйтіп, келтірілген сөзжасамдық қатарда төрт сөз бар, бірақ негіз сөз де үшеу, негізді сөз де үшеу ғана. Әр қатардың бірінші мүшеден бастап, соңғы мүшеге дейінгі сөздер негіз сөз бо-лады, екінші мүшеден бастап, қалған мүшелердің бэрі негізді сөзге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет