3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
«Негізінен «қамшы» сөзі түбір мен қосымшадан тұрады. Диахрондық тұрғыдан бұл сөздің түбірі – «қам», «-шы», малшы, қойшы, егінші, деген тәріздікездесетін қосымша».
Емтихан билеті № 11
Сөзжасамдық конверсия
Конверсия(Қазақ тілі) - транспозицияның бір түрі. Ешқандай аффикстің көмегінсіз-ақ түбірдің не негіздің басқа сез табына алмасуы арқылы жасапатын сөзжасам тәсілі. Конверсия аффикссіз сөзжасам әдіс ретінде аффиксацияға қарсы қойылады. Конверсия тәсіл арқылы жаңа мағына алып, жаңа сөз жасалу ең көнеден келе жатқан, көзінде өте өлшемді тәсіл болған лексико-семантикалық сөзжасам амалы. Конверсия зат есім мен етістік, зат есім мен сын есім, сан есім мен үстеу арасында үзілмей болып отыратын табиғи тілдік процесс. Басқа да сөзжасамдық процесстер сияқты конверсия сезжасамда пайда болған номинативті мағынаның өзіне тән жаңа семасы болады, бірақ оның ішкі семантикасында перифериялық өрісте себепші түбірдің не негіздің мағынасы сақталады да, себепші негіз бен жаңа номинативті атаудың арасында мағынлық сабақтастық, текстестік, түбірлестік сақталады. Конверсия сөзжасам нәтижесінде пайда болған жаңа денонттық мағына тек басқа сөзбен тіркескенде немесе контексте өзінің толық мағыналық, қалыбымен айқындалады. Сөздің морфология парадигмасы арқылы оның қай сөз табына жататыны көрінед. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар: 1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі; 2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі, ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. М., қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б.
Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, көтеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған.
Достарыңызбен бөлісу: |