Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет23/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Сөздің көп мағыналылығы

Сөздердің көп мағыналығы, полисемия - сөздің бірнеше мағынаға ие болуы. Сөздердің көп мағыналығы:

  1. Заттардың ұқсастық негізі;

  2. Заттардың шектестігі;

  3. Бүтіннен бөлшекке немесе бөлшектен бүтінге ауысуы; болып үшке бөлінеді. Сөздердің көп мағыналығы омонимдермен ұқсас. Сөздердің көп мағыналығы сөздердің бастапқы мағыналарының ұқсастығынан туса, омонимде керісінше мұндай байланыстар жоқ.

Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.
Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; айАйша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — зат есім, ат — етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың ара-сында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбы-лыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет