Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет32/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Денотаттық мағына

Жалпы лингвистикада сөз мағынасының қалыптасуында объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар байланысып жатқан мағыналық элементтердің қызметі өте зор. Тіл білімінде бұл мағыналық элемент кейде денотат кейде референт деп аталды. Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалар «Денотат (латынның белгілеу, білдіру), ал референт (латынның хабарлайтын) деген мағынасын береді», деген.О.С.Ахманова, И.А.Стернин, Ч. Моррис сияқты ғалымдар бұл терминдерге анықтама беріп, зерттеген. Моррис референт терминінің орнына денотат терминін, абстракт денотат терминінің орнына десигнат терминін қолданады. Десиг-нат терминін қазіргі кезде денотат терминімен синонимдес мағынада қолданылынып жүр. Денотат та, деснгнат та, рефереит те логикада қолданылатын терминдер. Ал тіл білі-мінде денотат (латынша обозначение)- белгілі бір атаумен аталынатын зат, десигнат (латынша-обозначение)-сөйлеу кезінде білдірілетін сөздің мағынасы; белгілі бір сөз арқылы берілетін зат, объектив. Рсферент (латынша сообщающий) мағынасында қолда-нылады.Егер денотат, десигнат, референт терминдеріне берілген анықтамаларды жина-қтайтын болсақ, онда денотат, десигнат сөз мағынасын, референт ұғымның мәнімен сәйкес келеді. Тіл білімі мен логикаға байланысты жазылған көпшілік еңбектерде денот-ат, референт, десигнат терминдері тең деп саналады.Сөз мағынасын бір ғана объектив дүниедегі заттардың бейнесі деп түсіну дұрыс болмайды.Себебі тіл бір не он ғасырдың жемісі емес. Сөз мағынасы өте ұзақ даму жолын басып өтіп, өзінің о бастағы объектив дүниемен байланысу формасын да өзгерткен. Осы ұзақ және үздіксіз дамудың нәтижесін-де ғана сөз сөйлеу процесінде, белгілі бір заттың атауы ретінде, оның орнына жұмсалып, араларына теңдік қоятындай дәрежеге келеді.
Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты.Адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана денотаттық мағына жасай алады. Адамзат дүниені тануды түйсіктен бастайды. Денотат, десигнат, референт терминдерінің мағыналарында айырмашылық болса да, олар көбінше синоним ретінде бірінің орнында екіншісі қолданыла береді.Тек арнайы зерттеу объектісі етіп алғанда ғана денотат пен референт арасындағы айырмашылықтар есепке алынады.
Ал М. Оразов «осы объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға жақын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін идеалды (адам санасындағы) денотат»,-деп атайды. «Идеалды денотат референт те, шын мағынасындағы зат та емес. Референт болу үшін түйсік арқылы қабылданған информация жалпылануы керек, ал денотат болу үшін объек-тивтік қасиетке ие болу керек.Идеалды денотат тікелей жүйке тамырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация болып саналады.Сөздің лексикалық мағынасын объек-тив дүниемен байланыстырып тұратын, мағыналарға негіз болатын осы идеалды денотат. Идеалды денотат сөздің лексикалық мағынасы құрамына ену үшін жалпыланып өзінің нақтылық қасиетінен қол үзуі керек.Ал ой элементтерінің, түйсіктен басқаларының, бар-лығы да жалпылаушылық қасиетке ие»,-деп тұжырымдаған.
Идеалды денотатты анықтауда, М.Оразов А.А.Потебняның «Жалпы сөздің мағынасына қатысты екі түрлі нәрсе ұғынылады; оның біреуі тіл білімі аясына енеді. Оны біз жақын (ближащее) мағына деп атаймыз;басқа түрін-басқа пәндер тексеретін алыс (дальнейшее) мағына»,-деген анықтамасын басшылыққа алған. А.А.Потебня «жақын мағына халықтық болады, ал алыс мағына болса жеке адамдарға тән болады деп есептеп, мысалға клен (үйеңкі) сөзін келтіреді. Сөйлесіп отырған екі адам клен дегенде екі түрлі ұғымға келуі мүмкін.Сөйлеушінің біреуі үйеңкінің қандай ағаш екендігін, жапырағының үлкен болаты-нын,жемісі жоқ, әрі биік, әрі жуан өсетіндік, т. б. білуі мүмкін де, екіншісі оның жуан жә-не биік өсетіндік екенін білумен шектелуі мүмкін.Сөйлескен екі адамның бірін екіншісі түсіну үшін үйеңкінің барлық қасиетін білуі емес,тек оның аршадан, теректен, қарағайдан, т. б. ағаштардан ерекшелеп тұрған белгілерін білсе болды.Осы сөйлесу кезінде сөйлеуші-лердің өзара түсінісуіне жағдай жасайтын, сөздің мағынасын анықтауда сәйкес идеалды денотаттардың негізінде жасалынған мағына болып саналады да, жеке адамның біліміне, өмір тәжірибесіне, психологиялық жағдайына байланысты қосылатын мағыналары алыс мағынаны жасайды.
Жалпы тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің біріне-сигнификативтік мағына жатады. Снгнификаттық мағына семантикалық үш бұрыштың жоғарғы В бұрышында орналасады да бір жағынан идеалды денотатпен,екінші жағынан ұғым түсінігімен байланысып жатады.М.Оразов «Сигнификаттың денотаттан айырмашылығы-ой субъектив қасиетке ие.Сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді.Ал ұғымнан айырмашылығы-ұғымда мидың қыз-меті негізінде түйсік арқылы алынған информациялар анализ, синтез жасалынып жеке адамның өмір тәжірибесіне, біліміне,рухани қалпына т. б.қарай мағыналық мән қосып күрделенеді.Сигнификатта ондай жеке адамға тән болған индивидуалдылық қасиет бол-майды.Сондықтан сөз мағынасын анализ жасағанда семаларға ажыратады.Осы семалар сигнификаттық мағынаның негізі болады»,-деп тұжырымдаған.Сөздің лексикалық мағы-нас-ның құрамында идеалды денотаттың болғанымен, оның бір өзі сөздің лексикалық мағынасын жасай алмайды.Идеалды денотат сөз мағынасының бір элементі.Түйсік арқы-лы қабылданған информациялар ой талқысына түсіп жалпылануы және абстракциялануы керек, өзінің көрнекілік негізінен ажырауы қажет.Л. А.Новиков сөздің сигнификаттық мағынасы тек объектив дүниедегі заттардың түрлі қасиеттерін бейнелеу мен байланысты мағына деп есептеп,олардың құрамында айтушы не жазушы адамның көзқарасына бай-ланысты эмоциялық-экспрессивтік мән, сөйлем құрамында не сөздердің ара қатынасынан туатын мағыналық элементтер (парадигмалық, синтагмалық), т. б.болады. Бірақ бұл екі мағынаның негізінде сигнификаттық мағына жатады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет