Емтихан сұрақтары Философия пәнінің бағыттары мен әдістері


)Еркіндік және жауапкершілік. (Ж-П. Сартр)



бет16/31
Дата07.12.2022
өлшемі246,66 Kb.
#55479
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Философия сессия 2022-1

49)Еркіндік және жауапкершілік. (Ж-П. Сартр)
Бостандық әрекеттің нәтижесі, жетістігі емес, ол ұмтылыстың өзінде қамтылған. Сартрдың ойынша, ешбір объективті жағдай адамды өзіне тән бостандығынан айыра алмайды. Ол кез келген жағдайда сақталады және таңдау қабілетінде көрінеді. Сонымен, еркіндік ұғымын Сартр субъектінің өзінен тәуелсіз ортаға қатынасы ретінде анықтайды.
Сартр өзінің еркіндік концепциясымен тіпті тұтқынның өзі таңдауда, өзін босату, қашу, өз жобасында әрқашан еркін екенін көрсетеді. Ал бұл адам үшін сөзсіз қиын өйткені – адам бостандығынан айырылған. Бостандық арқылы кедергілер пайда болады және олар арқылы бостандық еркіндік ретінде көрінеді. Бостандық таңдау, бірақ еркіндік таңдалынбайды. Сартрдың бостандық концепциясынан шығатын қорытынды ұран: міндет – әлемді өзгерту емес, оған деген көзқарасыңды өзгерту. Барлық жағдайда әрекет еркін және адамның өз таңдауы және сонымен бірге дүниенің ашылуы болып табылады.
Жан-Поль Сартр 20 ғасыр мәдениетіндегі ірі философ, дарынды жазушы, драматург және сыншы ретінде енді. Көптеген салаларда оның еңбегі айтарлықтай із қалдырды. Ол атеистік экзистенциализмнің бастапқы теориясын жасады, әлемге философиялық романның жаңа түрін берді. Сартрды өзіне тартып, оның дүниетанымын, саясатқа қатынасын, мораль, философиясын, адам мінез-құлқын анықтайтын, эстетикасы мен көркемдік тәжірибесін қалыптастырған жеке бас бостандығы болды. Бостандық дегенді Сартр сананың еркіндігі деп түсінді, ол адамға дүниеде шынайы сенімділік береді және сандырақтан құтқарады. Сандырақтан шығудың жолын іздестіру, оған қарсы бас көтеру емес, әрекет арқылы бостандыққа шығу жолын іздестіру материализмге, тәндік құмарлыққа батқан адамды суреттеудегі пессимизмді жояды.
Сартр үшін еркіндік сіздің еркін таңдауыңыз, жобаңыз үшін жауапкершілікпен тығыз байланысты. Әрбір адам үшін барлық адам баласының көзі өзіне қарағандай және бәрі оның іс-әрекетіне сәйкес болып жатқандай болады. Барлығы оған қарап, оның әрекетіне баға береді, ал ол өз кезегінде басқаларға қарап, оларды бағалайды. Осылайша, әркім әркім үшін және барлығы үшін жауапты. Сәйкестендіру еркіндігі – әрқайсысының жеке жауапкершілігімен өз бетінше құруға ұмтылу.
Жауапкершілік – таңдауына берік болу. Қалай болғанда да, адам не істесе де, бәріне толық жауап береді. Сартр адамға жүктелетін жауапкершіліктің ерекше түрін белгілейді. Сартр жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, адам өзі бұрыннан қалыптасқан құндылықтарға да сене алмайтынын, ол өз іс-әрекетінің дұрыстығына ешқашан толық сенімді болмайтынын атап көрсетеді. Бірақ соған қарамастан адам таңдау жасайды. Бірақ «... өзімізді таңдай отырып, біз барлық адамдарды таңдаймыз. Шынында да, біздің бірде-бір іс-әрекетіміз бізден болғымыз келетін тұлғаны жасай отырып, сонымен бірге біздің идеямызға сәйкес болуы керек адамның бейнесін жасамайды. Өзімізді қандай да бір жолмен таңдау бір уақытта біз таңдаған нәрсенің құндылығын растауды білдіреді, өйткені біз ешқашан жамандықты таңдай алмаймыз. Біз таңдаған нәрсе әрқашан жақсы. Бірақ бәріне жақсы болмайынша, біз үшін ештеңе жақсы бола алмайды». Таңдау бәріне қатысты болса, жауапкершілік бәріне қатысты. «Біздің жауапкершілігіміз біз ойлағаннан әлдеқайда жоғары, өйткені ол бүкіл адамзатқа тиесілі»
Қорытындылай келе: Сартрдың барлық толғаулары болмыстың мәнін, өзімен-өзі жалғыз қалған адамның болмысын, тірексіз, түсіндірусіз азапты іздеу. Ал оның өз бостандығын сезінуі, еркіндікті өзінің адами болмысындай түсінуі, бостандық шекарасын ұғынуы одан кем емес. Сартрдың басты кейіпкері - өмірдің мәні үшін күресетін сана. Бұл оның шығармаларының интригасы мен психологиялық драмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет