3. Медикаментозды ем науқастың өмір сүру салтын, емдәмін, сонымен қатар семіздік асқынулары мен жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғарылағанда тағайындаймыз:
3.1. Семіздіктің емі: •орлистат (ксеникал) ішектік және панкреатиттік липазаларды ингибирлейді, нәтижесінде майлардыңғ ыдырауы бұзылып, ішекте сіңірілуі нашарлайды.
• сибутрамин (меридиа) мономиндердің (серотонин, норадреналин) кері қармалуының ингибиторлары болып табылады. Синапстарда осы нейротрансмиттердің жоғарылауы орталық 5-НТ-серотонин және адренергиялық рецепторларды тітіркендіріп, қойым сезімін арттырып, тәбеттің төмендеуіне және жылу алмасудың жоғарылауы әкеледі.
3.2. Липидті спектрді коррекциялау. Осы мақсатпен ГМГ-КоА-редуктаза (статин) және фибраттар ингибиторлары тағайындалады.
3.3. Гипотензивті терапия. ААФ ингибиторлары және т.б. дәрілік заттар тағайындалады.
3.4. Инсулинорезистенттілік және гипергликемия. Қант диабетін емдеу қағидалары 7.6.бөлімде көрсетілген.Метформин кей жағдайларда диабет алды сатысында тағайындалады.
4. Хирургиялық ем: кіші асқазанның түзілуі (гастропластика), асқазанды шунттау, жіңішке ішек резекциясы және т.б.
Болжамы 25–30 жас аралығында дамитын морбидті семіздік әсерінен дамитын өлім көрсеткіші қалыпты дене массасымен адамдармен салыстырғанда 12 есе жоғары. 10 %-ға немесе одан да көпке науқас арықтағанда өлім көрсеткіші 20 %-ға, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары 9 %-ға, қант диабеті — 44 %-ға, онкологиялық аурулар— 40%-ға төмендейді.
11.3. ЖҮЙКЕЛІК АНОРЕКСИЯ
Жүйкелік анорексия (ЖА) (an — жоқ, orexis —тағамқа шақыру) —ауыр айқын эндокринді және соматикалық бұзылыстарға әкелетін, ағзаға түрлі әдістердің көмегімен (жасанды түрде құсу рефлексін шақыру, іш өткізетін, зәр айдайтын дәрілерді қабылдау) немесе тағамнан саналы түрде бас тарту нәтижесінде дамитын тағам қабылдау тәртібінің патологиялық бұзылысы (11.4 кесте).