Энергетикасы



бет11/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс №6

Энергияны пайдалану коэффициенті – бірлік өнім алуға жұмсалатын, теориялық есептелген энергия мөлшерінің практика жүзінде жұмсалған энергия мөлшеріне қатынасына тең. Ол:
Kɷ
былай өрнектеледі.
Мұндағы, WТ , Wпр − бірлік өнім өндіруге теория бойынша жəне практика жүзінде жұмсалған энергия мөлшері.
Көптеген өндірістерде энергия үнемсіз жұмсалады, сол себептен пайдалану коэффициентінің мəні өте төмен болады. Сондықтан пайдалану коэффициентін көтеру жолдарын іздестіру қажет. Іздестіру жолдары екі топқа топтастырылған: энергия үнемдейтін технологияларды жасау жəне өндірістік үдерістерде қолданылатын энергияны жақсарту. Бірінші топты жүзеге асыру шаралары:

  • жаңа энергиялық-экономикалық технологиялық сызбанұсқаларды жасау;

  • катализаторлардың активтілігін көтеру;

  • өнімдерді бөлу əдістерін энергияны аз қажет ететін əдістерге алмастыру;

  • комбинирленген энергиялық-технологиялық сызбанұсқаларды жасау.

Екінші топты жүзеге асыру шаралары:

  • аппарат бетінің сəулелену жəне тиімді жылу изоляциясы есебінен жылу шығынын төмендету;

  • электрохимиялық өндірістердегі кедергі шығынын төмендету; – екіншілік энергетикалық ресурстарды қолдану.

Химия өндірісінде барлық энергиялардың ішінде көп қолданылатыны – жылу энергиясы. Оның пайдаланылу дəрежесі жылулық пайдалы əсер коэффициентімен анықталынады.
Жылулық пайдалану əсер коэффициенті – негізгі химиялық реакцияны жүзеге асыруға пайдаланылатын жылу мөлшерінің жалпы жұмсалған жылу мөлшерінің қатынасына тең.
Химия өндірісінде реакциялық аппараттан шыққан газдардың, сұйықтардың, қатты заттардың жылуын (жылу регенерациясы) жəне газдармен сұйықтардың сығылу энергияларын (энергия регенерациясы) қолдану химия өндірісінің негізгі міндеті.
Шығарылатын ыстық газдардың жылуын – реакциялық аппаратқа түсетін материалдарды алдын ала қыздыруға немесе өндіріске қажетті бу алу үшін қолданады. Бұл мақсатты жылу алмастырғыштар (рекуператор мен регенератор) жəне утилизатор-қазандық арқылы жүзеге асырады.
Рекуператор (13-сурет) – кəдімгі цилиндрлі аппарат (2), ішіне түтікшемен вальцирленген плита (1) орналастырылған. Реакциялық аппараттан шығатын ыстық газдар рекуператордың түтікшелерімен (3) өтеді, ал реакциялық аппаратқа жіберілетін суық газдар түтікше аралық кеңістікпен қозғалады. Нəтижесінде жылу алмасу түтікше қабырғасы арқылы жүзеге асып, ыстық газдар салқындайды да, суық газдар қыздырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет