Энергетикасы



бет7/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс №6

10-сурет. Азот қышқылы концентрациясының үстіндегі ( CHNO3 )-ның NОx тепе-теңдікті парциалды қысымына тəуелділігі (а) жəне адсорбцияық колоннаның сызбанұсқасы (б)


Фракциялы рециклді – бастапқы реагенттер толық емес айналу кезінде қолданады. Бөлу жүйесінде реактордан кейін əрекеттеспеген реагенттерді бөліп қайта өңдеуге жібереді. Мысалы, аммиак синтезінде – аммиактың конденсациясымен сепарациясынан кейін қалған азоттысутек қоспасын қайтадан реакторға бағыттайды. Мұнайхимиялық синтездің көптеген үдерістерінде көп бірқатар өнімдер түзіледі. Оларды көп колонналы жүйеде бөледі жəне бөлінген бастапқы компонент жаңа қоспамен бірге жүйеге жібереді. Бұл жағдайда реакторда реагенттің айналуы толық жүрмеген кезде, жүйеде бастапқы компоненттің жалпы өзгерісі толық болады.
Рециклмен регенерация. Қосымша материал қолданғаннан кейін ре генерацияланып, қайтадан үдеріске жіберіледі. Мысалы, аммиак өндірісіндегі азоттысутек қоспасынан көміртек диоксидін тазарту сызбанұсқасында сіңіргіш ретінде моноэтаноламин (МЭА) ерітіндісі қолданылады. Моноэтаноламин ерітіндісімен көміртек диоксидін абсорбциялағаннан кейін, ерітіндіні қыздырып десорберге жібереді (10-сурет). Мұнда көміртек диоксиді бөлінеді де, регенерацияланған ерітінді қайтадан абсорбцияға жіберіледі.

11-сурет. Азотты-сутекті қоспадан көміртек диоксидінің абсорбция сызбанұсқасы: 1 – абсорбционды колонна; 2 – рекуперативті
жылуалмастырғыш; 3 – десорбционды колонна; 4 – қыздырғыш; МЭА – моноэтаноламин; карб.МЭА – карбонизирленген моноэтаноламин

Этилбензолды стиролға дейін дегидрлеу өнімдерін ректи ка циялағанда стиролдың полимерленуін болдырмау үшін айдау колоннасына элементтік күкіртті қосады. Сонда да полимерлену аздап жүреді. Оның өнімдері күкіртпен бірге стиролды ректификациясынан қалған кубтық қалдықта жинақталады. Күкіртті көмірсутекті ортада регенерациялап, 5-100С температураға дейін салқындатып кристалдайды. Полимерлі өнімдерден жоғары температурада (400-4500С) термодеструкция арқылы стиролды регенерациялайды. Реакция циклдері 12-суретте көрсетілген. Бұл процесте күкірт жəне стиролдың регенерациясы 90-95%-ға жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет