Қалдықтардың утилизациясы. Көптеген жағдайда химиялық өзгерістердің нəтижесінде таза өнім алу мүмкін емес. Егерде реакция бойынша бір емес бірнеше өнімдер түзілсе, онда мақсатты өніммен бірге қосымша реакция өнімдерінен де пайдалы өнімдер алуға болады. Аммиак синтезінде циркуляцияланатын азоттысутек қоспасы үздіксіз жүйеден шығарылады. Бұл жаңа азоттысутек қоспасының құрамында аздаған мөлшерде бөгде зат – метан болады. Ол шығарылмайды аммиакпен бірге циклде жинақталады. Оның жинақталуын болдырмау үшін біраз бөлігін жүйеден шығару керек. Бұл шикізаттың толық қолданылуына кедергі келтіреді. Сонымен бірге бұл өндірісте азот алу үшін ауа қолданылады. Ауамен бірге азоттысутек қоспасына аргон да кіреді. Ол да синтез циклінде концентрленеді, оның мөлшері ауаға қарағанда жоғары болады. Шығарылатын газдар құрамынан аргонды бөлу арқылы тағы бір қосымша бағалы өнім алынады.
Фенол жəне ацетон өндірісінде кумольды əдіс – бірнеше кезектесіп жүретін сатылардан (изопропил-бензол, гидропероксид изопропилбензол синтездері жəне соңғысының фенолмен ацетонға дейін қышқылдық айырылуы) тұрады:
Бұл өзгерістерде 1 т фенолға есептегенде 100-200 кг фенол шайыры қалдық ретінде түзіледі. Фенол шайырының құрамындағы көптеген бағалы компоненттерді қосымша тауарлы өнімдерге дейін өңдеуге немесе негізгі технологиялық үдерісте қолдануға болады:
AICI3 C6H5 + CH3CH=CH2 C6H5CH(CH3)2 C6H5C(CH3)2OOH
O2 H2SO4 C6H5OH + CH3COCH3
Фенол шайырын утилизациялау арқылы 85%-ға дейін бағалы химиялық өнімдер алуға болады. Бұл сызбанұсқада изопропилбензол бойынша фракциялау рециклда бар.
Баламалы шикізат. Сарқылатын шикізатты қолданғанда оны толық пайдалану жолдарын іздестірумен қатар, басқа шикізат көздерін табуды міндеттейді. Басқа өндірістердің қалдықтарын қолдану – шикізат көздерін кеңейтудің бір бағыты болса, екіншісі – баламалы біріншілік шикізат көзі болып табылады.
Мұнайхимиялық өнеркəсіптің шикізатын алу негізінен мұнайды өңдеудің екі үдерістеріне – термиялық пиролизге (этилен жəне басқа төменгі олефиндер) жəне каталитикалық риформингке (бензол жəне басқа ароматты көмірсутектер) негізделген. Сонымен бірге мұнай өңдеу үдерістері маңызды мотор отындарымен де қамтамасыз етеді. Өте үлкен көлемде өндірудің есебінен мұнай қорының азаюы, жаңадан ашылған кен орындарда мұнай сапасының төмен болуы салдарынан мотор отындарын алудағы шикізатты баланстың диверсификациясы жүреді жəне құрылымының өзгеруі өңдеуге жұмсалатын шығын мөлшерін арттырады. Сондықтан мұнайға баламалы шикізат ретінде көмірдің келешегі мол.
Көмір – көміртекқұрамды кең тараған пайдалы қазба. Оған соңғы жылдары баламалы шикізат ретінде қызығушылық артуда. Оны сұйық көмірсутекке жəне отынға айналдырудың бірнеше əдістері белгілі. Бұл жөнінде арнаулы бір тарау берілген.
Синтез газды өңдеудің екі негізгі бағыты: синтез газды этилен жəне басқа көмірсутектерге дейін өңдеп, одан өнеркəсіптік маңызды химиялық өнімдер алу; екіншісі синтез газды немесе метанолды тікелей синтездеу арқылы мақсатты өнімдер алу. Баламалы шикізатты өңдеу бір химиялық-технологиялық жүйеде меңгеру мүмкін емес, ауқымы өте кең.
Химиялық өндірістегі энергия
Химиялық өндірісте энергияның бөлінуімен немесе жұмсалуымен, өзара түрленуімен жəне бір түрден екінші түрге ауысуымен байланысты əртүрлі үдерістер жүреді. Химиялық өндіріс көп мөлшерде энергия тұтынады. Энергия тек қана химиялық реакцияны жүргізу үшін емес, сонымен бірге материалдарды тасымалдауға, қатты заттарды бөлшектеуге, ұнтақтауға, сүзуге, газдарды сығуға жəне т.б. жұмсалады. Өнеркəсіптің барлық өнімдеріне жұмсалатын энергия үлесі 2,5%, ал мұнайхимиялық жəне химиялық салалардың өнімдері үшін 8,9% құрайды. Химиялық өндірістегі үдерістер арасында энергия түрлерін тұтынудың көрсеткіштері: химиялық реакцияларда – 5-40%, масса алмасу үдерістерінде – 30-80%, жылу алмасу үдерістерінде – 60-90%.
Химия өнеркəсібінде қолданылатын энергия түрлері: электр, жылу, химиялық, жарық, ішкі ядролық, атом жəне екіншілік энергетикалық ресурстар. Бұл энергия түрлерін тұтыну сипаттамалары: жылу энергиясы – 48%, электр энергиясы – 44%, отын энергиясын тікелей қолдану – 8%.