Энергетикасы



бет2/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс №6

1-сурет. Ас тұзының қолданылуы



2-сурет. Күкірт құрамды шикізаттың қолданылуы


Жанғыш минералды шикізат – көмір, мұнай, табиғи газ, торф, жанғыш сланецтер жəне т.б. Жанғыш шикізаттан əртүрлі химиялық өнімдер алынады:

3-сурет. Көмірдің қолданылуы





4-сурет. Табиғи газдың қолданылуы



5-сурет. Мұнайдың қолданылуы


Өсімдік жəне жануартекті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық жəне техникалық болып бөлінеді. Тағамдық шикізат – ауыл, орман, балық шаруашылықтарының өнімдері (картоп, қант қызылшасы, тағамдық майлар, сүт т.б.). Тамақ өнеркəсібіне жарамсыз, бірақ тұрмыстық немесе өнеркəсіптік тұтынуға қажетті өнімдерге өнделетін материалдарды техникалық өсімдік, жануартекті шикізат деп атайды. Мұндай шикізатқа мақта, ағаш, зығыр, сабан, былғары, жүн, жануар сүйектері, кит жəне треск майлары жатады (5-сурет).
Екіншілік материалды ресурстар. Екіншілік материалдық ресурстар – химиялық шикізаттың негізгі көзі болып табылады.
Өнеркəсіптік өндірісте оларды қолданудың негізгі жолдары: əрекеттеспеген шикізат жəне материалдарды регенерациялап өндіріске қайта жіберу; өндіріс өнімі ретінде бағалы компоненттерді бөлу; компоненттерді бөлу жəне оған арнаулы операциялар көмегімен тауарлық құндылық беру; қалдықтарды басқа өндірістерде немесе өнеркəсіп салаларында бастапқы зат жəне материалдар ретінде қолдану. Барлық жағдайда бастапқы компонент ретінде екіншілік шикізаттың екі орны бар: қандай да бір өндірісте екіншілік шикізат аздап немесе толығымен біріншілік шикізатты алмастырады; екіншілік шикізат негізінде жаңа химиялық-технологиялық үдеріс жасалады. Екіншілік шикізат табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, табиғи селитраны табиғи газ жəне ауадан өндірілетін аммиактан алынатын селитра толығымен алмастырады. XX ғасырдың 30-жылдары Өзбекстан мақтасын тыңайтқышпен қамтамасыз етуде проблема болғанда, су жəне ауадан селитра алу өндірісі жасалды. Су – электролиз əдісімен сутек алу шикізаты. Ауа – терең салқындату арқылы азот алу шикізаты. Су – энергия сыйымдылықты көп қажет ететін үдерістер үшін энергия көзі. Осының барлығы аммиак синтездеуге, одан азот қышқылын жəне одан əрі аммиакпен азот қышқылынан бағалы тыңайтқыш селитра алуға жеткілікті. Күкірт қышқылының ~30% түсті металлургиядан шығарылатын жəне мұнайды күкіртсіздендіру үдерісінде бөлінетін газдардан алынады.
Оларға өндіріс қалдықтары, тұтынудан қалған қалдықтар, жəне қосымша өнімдер жатады.
Өндіріс қалдықтары – өнім өндіру үдерісінде түзілетін аздап немесе толығымен өзінің сапасын жоғалтқан жəне стандартқа сəйкес келмейтін шикізат қалдығын, жартылай өнімдерді, материалдарды айтады. Химиялық жəне мұнай өндейтін өнеркəсіптің қалдықтарын құрамы мен қасиетіне байланысты үш топқа бөледі: бастапқы шикізатқа жақын, мақсатты өнімге жақын, басқа өндіріс немесе салалардың шикізаты. Бірінші топ қалдықтарына əрекеттеспеген шикізатты немесе аралық өнімдерді бөліп, регенерациялаудан кейін қайтадан циклге жіберуге болатын қалдықтар, екінші топқа кейбір операциялармен тауарлы өнімге айналдыруға болатын қалдықтар, үшінші топқа басқа салаларда өндеуге болатын қалдықтар жатады. Атмосфераға, қоршаған ортаға тікелей шығаруға, жерге көмуге немесе теңіз, мұхит суларына жіберуге болатын зиянсыз немесе толық залалсыздандырылған қалдықтар ерекше топты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет