Энергетикасы



бет4/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс №6

7-cурет. Ылғалды гравитациялық байытудың сызбанұсқасы:
1 – араластырғышы бар бак; 2 – тұндырғышы бар камера; (І - ІІI) гравитациялау (ылғалды)


Электрмагниттік байыту ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепараторынан өткенде магнитке тартылатыны жəне тартылмайтыны екі фракцияға бөлінеді.
Электрмагниттік байыту əдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір тас, қоңыр темір тас, темір колчедан жəне т.б. байытуға қолданылады, осы əдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған темірлерді, темір жаңқасын қоладан бөліп алуға болады.



8-cурет. Электрмагнитті сепаратор
1 – транспортер лентасы; 2 – транспортер барабаны; 3 – барабан ішіндегі электрмагнит; 4,5 – бункерлер


Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлі бөлшектердің электр өткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген. Электрстатистикалық сеператорларда магнит өрісінің орнына жоғары вольтты ток түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродтар орнатылады. Электр өткізгіштігі жоғары минерал бөлшектері теріс зарядталады да, тебіліп алыстағы бункерге түседі, ал диэлектриктер транспортер лентасының астындағы бункерге жиналады. Осылай электр тогын өткізетін кендерді өткізбейтіндерден айырып алады (8-сурет).
Флотация – физикалық-химиялық байыту əдісі, əрі көп қолданылатын əдіс. Флотация ағылшынша “Flotatіon” – қалқып шығу деген сөз. Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген. Флотация үдерісін жүргізу үшін кенді өте ұсақ етіп ұнтақтап, сумен араластырып пульпа (қойыртпақ) түрінде арнаулы ыдысқа құяды, суға екі полюсті органикалық зат қосады (1 т кенге 400 г есебінде). Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланады, өйткені олар – жұғатын гидрофильдік заттар. Кеннің, əсіресе, күкіртті металл бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланады.
Пульпа құйылған флотация машинасының астыңғы жағынан сығылған ауа жібергенде, ауа көпіршіктері түзіледі, сол ауа көпіршіктерінің сыртқы қабықшасына жұқпайтын (гидрофобты) кен бөлшектері жабысады. Осындай ауаның көпіршіктері жоғары көтеріліп пульпа бетіне концентрат түзеді (маймен адсорбцияланған кеннің бөлшектері).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет