Энергетикасы



бет3/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс №6

6-сурет. Ағаштың қолданылуы


Тұтыну қалдықтары – қайта қалпына келтіру экономикалық тиімсіз тұтынылған əртүрлі бұйымдар мен заттар. Мысалы, толық пайдаланылған істен шыққан машиналар, шыныдан жасалынған өндірістік бұйымдар, резиналар мен пластмассалар, жұмсалған реактивтер, катализаторлар жəне т.б. (өнеркəсіптік тұтыну қалдықтары) немесе жеке жəне тұрмыста қолданылып жарамсыз күйге келген қалдықтар (тұрмыстық тұтыну қалдықтары).
Қосымша өнімдер өндірістік үдерістің мақсатты өнімі болып табылмайды, бірақ өндірістің негізгі өнімдерімен қатар шикізатты өңдеу үдерісінде түзіледі. Бірақ қосымша өнімдер сапалы дайын өнімдер ретінде қолданылуы мүмкін. Олар көбінесе, мемлекеттік немесе салалық стандарттар мен техникалық жағдайларға сəйкес келетін тауар түрінде болады. Негізгі шикізатты өндіру немесе байыту кезінде алынатын қосымша өнімдерді жолай (серік) өнімдер (мысалы, мұнайға серік газдар) деп атайды. Қосымша жəне сол үдерістің жолай өнімдері басқа өндіріс үшін мақсатты өнімдер болып табылады.
Өндірісте екіншілік материалдық ресурстар біріншілік шикізатпен материалдарды толығымен немесе аздап алмастырады. Мұнайхимиялық өнеркəсіпте əртүрлі көмірсутекті компоненттер, пайдаланылған катализаторлар мен реагенттер екіншілік ресурстар болып табылады. Оларды қолдану нəтижесінде жалпы тұтынудың 25%-ға дейін шикізатпен материалдарды үнемдеуге болады.
Өнеркəсібі дамыған елдерде қайтадан өндіріске пайдалану мысалы, болатты – 70%, мысты – 55%, алюминийді – 45%, қалайыны – 45%, мырышты – 21% құрайды. Химия өнеркəсібі табиғи ресурстарды тұтынушы ғана емес, сонымен бірге табиғи шикізатты үнемдеуші сала болып табылады.

Шикізатты өңдеуге дайындау

Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне зиянды бөгде заттар болады. Көптеген жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі. Байыту операциясы – шикізатты өңдеуге жұмсалатын шығынды азайту, өнімнің сапасын жақсарту жəне шикізатты өндіріске тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайту үшін қажет. Шикізатты байыту жəне дайындаудың негізгі əдістері төмендегідей.
Шикізатты өңдеуге дайындаудың маңызды əдістерінің бірі – оны байыту. Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру жəне бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық жəне физикалық-химиялық əдістердің жиынтығы. Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Байытуға қатты материалдар – əртүрлі тау жыныстары; сұйық материалдар – ерітінділер; газдар ұшырайды. Олар шикізат компонентінің физикалық, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерінің əртүрлігіне негізделген.
Қатты материал – пайдалықұрам бөлікпен байытылса, концентрат, ал құрамында бос жынысы бар қалдықтарды «құйыршық» деп атайды. Қатты минералды шикізат – қандай да бір таза түріндегі минерал емес. Жиі оның құрамына əртүрлі минералдар кіреді. Шикізаттың пайдалы құрам бөлігі жəне бос жыныс бір-бірінен физикалық, физикалықхимиялық немесе химиялық қасиеттерімен (тығыздығы, қаттылығы, ерігіштігі, жеке сұйықтармен сулануы, балқу температурасы жəне т.б.) ерекшеленеді. Осы қасиеттердің ерекшелігімен күрделі минералды шикізат концентрат жəне «құйыршық» болып бөлінеді.
Əдістердің көптеген тобы қатты материалдарды байытуға арналған.
Шикізатты байыту əдістері – олардың фазалық күйіне тəуелді.
Гравитациялық байыту (ылғалды жəне құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тəуелділігіне негізделген. Бұл əдіспен негізінен қаттылығы немесе тығыздығы əртүрлі минералдарды бөледі. Көбінесе, ылғалды байыту сулы ортада орындалады. Сулы ортада пульпа үш камераға бөлінген су классификаттарына келіп тұнады: (1)-камерада ірі ауыр бөлшектер, ұсақталған шикізат сумен (1) бакта араластырылады (қойыртпақ); (2)-камерада орташа жəне (3)-камерада ұсақ жəне жеңіл бөлшектер тұнады, тым ұсақ бөлшектер (бос жыныстар) су ағынымен кетеді (7-сурет).
Гравитациялық (ылғалды) байытуға гидроциклон аппараттарын қолданылады.
Бұл əдіс негізінен силикат материалдар минералдық тұз жəне металлургия өндірістерінде шикізатты байытуға кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет