ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында



бет17/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#13038
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ҚОРЫТЫНДЫ
Шетелдегі қазақтар мәселесі соңғы уақытта Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісіне айналды. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарлауға, теориялық сипат жасауға негіз болады.

Еліміз 1991 жылдан бастап тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Өткен жылдары көптеген жұмыстар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз да мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата-заңымыз қабылданды, демократиялық плюрализмнің құрылымдары пайда болды, ұлттық ақшамыз айналымға түсті, еліміздің қарулы күштері құрылды, жаңа елордамыз бой көтерді т.с.с. Қазақстан қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Соңғы жылдарда ғасырлар бойы ата бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, өз қандастарымызбен мәдениетімізді да-жақты зерттеуге ұмтылудамыз. Осыған байланысты қазақ диаспорасы зерттеп, зерделеу қолға алынды, Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісіне айналды.

Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасы тарихын: саяси-әлеуметтік, мәдени, демографиялық жағынан зертттеуді көптеген ғалымдар қолға алды. Қазіргі таңда интеграция мәселесі, қазақтардың санын көбейту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып келеді. Сондықтан осы мәселелерге байланысты көптеген шаралар қолға алынуда. Ал ғалымдардың тұрғысынан сараптама беру, ғылыми зерттеулер мен диаспоралогияға байланысты монографиялардың жарыққа шыға бастауы құптарлық іс. Бұл зерттеу тақырыбы бүгінгі күні қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, тарихи, рухани және ғылыми жаңаруларға байланысты болып отыр.

Шындығында қазақтар мың өліп мың тірілген халық. Міне, осы халық ХХ ғ. 90-шы жылдары қыран бүркіт көтерген күн сәулелі көк туын Біріккен Ұлттар Ұйымы сарайында желбіретіп, еркін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл халқымызға жаңа қуат, соны серпін берді. Тамырын тереңінен алатын алып бәйтерек сияқты ұлы халық жапырағын жайқалтты. 1992 жылы маусым - мамыр айларында дүниенің төрт бұрышындағы қазақтардың саны он жарым миллионға жетті.

Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтарының бірі. Оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізге шет елден ағылған ұлы көштің алды ата мекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында: «…ұлттық қауіпсіздіктің маңызды приоритеттерінің бірі демографиялық және миграциялық саясат» - деп көрсетіп берді. Бұл дегеніміз қазіргі таңда жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасына да тікелей қатысы бар екендігін біз білеміз. Сондықтан тарихи демографияның, оның ішіндегі жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасын зерттеу Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісі, қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелердің бірі.

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен немесе шекаралардың сан түрлі саясаттарға байланысты өзгеріп, өзеріксіз басқа елдердің азаматтары болып қалған қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр. Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан мемлекетіміз жаңарған кезеңде шетел қазақтары Қазақстанның диаспоралық саясатының объектісіне айналып, қазақ диаспорасы мәселесіне бетбұрыс жасалып, оған тереңірек көңіл бөлінді, жан-жақты сараптап, зерттеуі бұл мәселенің жас еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет