Ересек топ таңҒы жаттығу кешені



бет3/13
Дата11.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#49466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ЕРЕСЕК ТАНГЫ ЖАТТЫГУ

№ 4 / бубенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру.
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Тик-так»
1. Аяқтары алшақ , қолдары белде. «Тик» сөзін айтып басты оңға қисайту , «так» сөзін айтып басты тік ұстау, басты солға қисайтып қайталау. (6 рет қайталау)
Б.қ.: «Иықтың жүруі»
2. Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. Иықты артқа, алдыға қарай айналдыру. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Ағаштар тербеледі»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда. Оң жаққа, сол жаққа тербелу. /6 рет қайталау/
Б.қ.: «Күнге жетемін»
4. Орнында тұрып секіру. (10-15 секунд)
Қорытынды:
 Шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ

№ 5/құралсыз, барабанмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Шеңбер бойымен марш екпінімен жүру.
«Зырылдауық» - кеудені оңға, солға бұрып жүру . Шеңбер бойымен еркін жүру. Шеңбер бойы тұру, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Келісу»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Қолдары артта. Басты жоғары көтеріп, төмен түсіру, «иә-иә» сөзін айту. /6 рет /
Б. қ.: «Балетші»
2. Қолдары белде. 1- оң аяқтың ұшын оң жаққа созамыз, бастапқы қалыпқа келу; 2- сол аяқтың ұшын солға созамыз, бастапқы қалыпқа келу. /6 рет /
Б.қ.: «Зырылдауық»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Белді оңнан – солға, солдан – оңға қарай айналдыру. /5 рет қайталау./
Б.қ.: «Биік, аласа»
4. Аяқты алшақ қоямыз, қолды алдыға созамыз. Отырып «аласа» деп айту, тұру – «биік» деп айту. / 5 рет қайталау/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет