Б.қ.: «Құламағайлар» 4. Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар белде. Алдыға қарай еңкею, артқа шалқаю. /6 рет қайталау Б.қ.: «Серіппе» 5. Аяқтарын алшақ қою, жалауша төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/ Тыныс алу жаттығулары:«Отын» - балалар ағаш шауып,жатқан тәрізді болады.мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу. Қорытынды: Бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № № 12 /орамалмен, әуенмен/
Кіріспе бөлімі: Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап, адымдап жүру. «Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып жүру. «Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.Шеңбер бойымен жай жүру.Шеңбер бойымен тұру. /шеңберге тұрарда себеттен бір орамалдан алу/ Негізгі бөлім: Б.қ.: «Көбелек ұшты» Аяқтар алшақ қойылған, орамал бүйірде. басты оңнан – солға, солдан - оңға қарай айналдыру. /6 рет / Б. қ.: «Көңілді орамал» Аяқ иық көлемінде, орамал иықта, иықты артқа –алдыға, төмен –жоғары қозғау. /6 рет қайталау/ Б.қ.: «Ғажайып кемпірқосақ» Аяқтар алшақ қойылған, орамал белде. орамалды оң - сол жаққа қисайту, әр иілген сайын «ғажайып» деп айту. / 6 рет қайталау./ Б.қ.: «Шапалақ» Аяқтарын алшақ қою, орамалды жанға созып, жоғары көтеріп алақан-ды соғу. «Шапалақ»- деп айту. /6 рет/ Б. қ.: «Орамалды ілу» Аяқтарын алшақ қойып, тізе бүгу. Орамал төменде. Орнынан тұрып, орамалды жоғары көтеріп, орамалды ілу қимылын жасау «ілдім» деп айту. /6 рет қайталау./ Тыныс алу жаттығулары: Шеңбер бойымен тұрып араның дыбысын салу (з-з-з), мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару..Бастапқы қалыпқа келу. Қорытынды: Маршпен шеңбер бойы жүру./орамалды себетке салу/ Адымдап жүру. «Достар» - жұптасып жүгіру.