Б. қ.: «Жыланның қозғалысы» 2.Аяқ иық көлемінде, қолды жанға созу. Жыланның қимылын жасау. иықты ирелеңдете айналдыру. /6 рет/ Б.қ.: «Қайшы» 3.Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жан-жақта, қолдарды қайшылау./6 рет / Б. қ.: «Жұлдызша» 4. Қолдары белде. Аяқты бірге ұстау. Орнында секіріп аяқты және қолды жанға созу «ха-а-а» деп айту, орнында секіріп аяқты біріктіру және қолды белге қою, «хоп» деп айту. /6 рет / Тыныс алу жаттығулары: Шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару. Қорытынды: Шеңбер бойы жүру. Еркін жүру. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүгіру. ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ № 3 /лентамен,/ Кіріспе бөлім. Сапқа тұру. Шеңбер бойымен еркін жүру. Қол белде, аяқтың ұшымен жүру. Көгершінге ұқсап ұшу . Шеңбер бойымен тұру / шеңберге тұрарда себеттен екіден лента алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау Негізгі бөлім: Б. қ.: «Оң-сол» 1.Аяқтары алшақ қойылған , ленталар төменде. басты оңнан-солға қарай бұрып «сол жақ» деп айту, солдан-оңға қарай бұрып «оң жақ» деп айту. /6 рет/ Б. қ.: «Шеңбер жасау» 2. Аяқтары алшақ қойылған , ленталар жанда, лентаны жоғарыдан-төменге, төменнен-жоғарыға иықты айналдыра отырып шеңбер жасау./ 6 рет / Б.қ.: «Айқастыру» 3. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталарды жанға созу. оң қолдағы лентаны сол иыққа апару, сол қолдағы лентаны оң иыққа апару. «айқасты» деп айту. /6 рет/ Б.қ.: «Жасыру» 4. Аяқты алшақ қоямыз. Ленталар белде. Алдыға қарай еңкейіп ленталарды созу «бар» деп айту, артқа шалқайып, ленталарды жасыру «жоқ» деп айту. /6 рет/ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ