|
Б.қ.: «Араның ұшуын бақылау»
|
бет | 5/13 | Дата | 11.11.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #49466 |
| Байланысты: ЕРЕСЕК ТАНГЫ ЖАТТЫГУБ.қ.: «Араның ұшуын бақылау»
1. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту/6 рет/
Б.қ.: «Қарлығаш ұшты»
2. Аяқтары алшақ қойылған, қолдарын жан-жаққа созып, құстың ұшу қимылын жасау. «Ұшты-ұщты» сөзін айту. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Жел соқты»
3. Аяқтар алшақ қойылған, қолдар жоғарыда, оңнан - солға, солдан- оңға иілу. /6 рет қайталау./
Б.қ.: «Шапалақ»
4. Аяқтарын алшақ, қолды жанға созу. Секіріп аяқты біріктіру. Қолды жоғары созып, шапалақтау. «Шапалақ» деп айту. /6 рет ./
Тыныс алу жаттығулары:
«Әтеш» дыбысын салу, «ку-ка-ре-ку» деп айту. Мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Бастапқы қалыпқа келу.
Қорытынды:
Адымдап шеңбер бойы жүру.
Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.
ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ КЕШЕНІ
№ 8 /құралсыз, әуенмен/
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру
екі жаққа бұрылып жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .
Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Буратино» ойыны
1. Аяқты алшақ қоямыз, Буратинаға әдемі мұрын жасаймыз.
Буратино мұрнымен «күн» салады. /5 рет қайталау/
Б.қ.: «Су тасу»
2. Аяқты алшақ қоямыз, жұдырықты түйіп, қолды жанға қою. Оң және сол иықты кезек жоғары көтеру. / 5 рет қайталау/
Б.қ.: «Үлкен- кіші»
3. Аяқты алшақ қоямыз, қолды жанымызда, отырамыз «кіші» деп айту, тұру «үлкен» деп айту. / 6 рет қайталау/
Б.қ.: «Доп тебу»
4. Орнында тұрып, қол белде, аяқты алдыға кезек серпіп секіру. /15-20 секунд/
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|