Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Оң - сол» Аяқтары иық мөлшерінде. Доп қолда. Допты оң жаққа қозғап, басты оң жақ иыққа қою. «Оң жақ» деп айту. Допты сол жаққа қозғап, басты сол жақ иыққа қою. «Сол жақ» деп айту. /6 рет қайталау/ Б.қ.: «Секіргіш»Аяқтары алшақ қойылған. Доп кеуде тұсында. допты жоғары лақтыру ./6 рет қайталау./ Б. қ.: «Құламалар» Аяқтары алшақ қойылған, қолдағы допты жоғары созу. Доппен оңға- солға иілу. /6 рет қайталау/ Б.қ.: «Дән» Жиырылып отырады, доп қолда. Күн қыздырып, жауын жауады. «Дән» ақырын допты жоғары созып керіледі. Орнында тұрып айналады. Өкшемен тұрып керіледі. /6 рет қайталау/ Б.қ.: «Серіппе» Аяқтарын алшақ қою, доп қолда. Денені тік ұстайды. Орнында отырып - тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/ Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу. Терең тыныс алып, демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу. Қорытынды: Шеңбер бойы еркін жүру.(допты себетке қою) .Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру.