Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
мәселесін
айқындайды. 
Осы тұжырымдалған қарама-қайшылықтарды орта білім беретін мектеп 
оқушыларының қаржылық сауаттылығын мәтінді есептерді шығаруға оқытып-
үйрету арқылы қалыптастырудың әдістемесін теория мен практика 



сабақтастығын құру арқылы шешу зерттеу жұмысымыздың өзектілігін 
айқындады. 
Зерттеудің 
мақсаты: 
орта 
мектеп 
оқушыларының 
қаржылық 
сауаттылығын 
мәтінді 
есептерді 
шығаруға 
оқытып-үйрету 
арқылы 
қалыптастырудың әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде іске асыру. 
Зерттеу нысаны: 
жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту 
процесі. 
Зерттеу пәні: 
орта білім беретін мектеп оқушыларының қаржылық 
сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі. 
Зерттеудің ғылыми болжамы: 
егер жалпы білім беретін мектепте 
математиканы оқыту процесінде оқушыларды мәтінді есептерді шығаруға 
үйрету арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бойынша әдістемелік 
жүйе компоненттері білім беруді жетілдіру талаптарына сәйкес сабақтастықта 
құрылса, онда математиканы оқытудың қолданбалы бағыттары іске асырылып, 
оқушылардың игерген математикалық білімдерін өмірлік тәжірибелік мәні бар 
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығаруда қолдану дағдылары 
мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейі және білімді 
меңгеру сапасы артады. 
Диссертациялық жұмыстың мақсаты, пәні және болжамы 
зерттеудің 
келесі міндеттерін 
шешуге мүмкіндік берді: 
- зерттеу тақырыбы мәселелеріне арналған шетелдік зерттеу жұмыстарына
талдау жасау арқылы әдістемелік зерттеудің теориялық негізін айқындау мен 
практикалық маңыздылығын зерделеу; 
- математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың қазіргі жағдайын зерделеу, оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде мәтінді есептердің орны мен 
маңыздылығын айқындау; 
- орта білім беретін мектептің оқушыларына қаржылық-экономикалық 
мазмұнды есептерді шығаруды оқытып-үйретудің әдістемелік негіздерін 
айқындау; 
- математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыру мазмұны мен әдістемесін, қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді шығаруға оқытып-үйрету әдістемесін жасау; 
- мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
әдістемесінің тиімділігін педагогикалық эксперимент жүзінде тексеру және оны 
оқу процесіне енгізу. 
Берілген міндеттерді шешу үшін келесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет