Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Зерттеу кезеңдері: 
Бірінші кезеңде
(2016-2017 ж.ж.) зерттеу мәселесіне сай зерттеу тақырыбы 
анықталды, жалпы білім беретін мектептің құжаттарына, негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, 
математика пәнінің oқу бaғдaрлaмaлaрына, оқулықтарына талдаулар жасалды; 
мектеп 
оқушыларының 
қаржылық 
сауаттылығын 
қалыптастырудың 
тәжірибесіндегі қарама-қайшылықтар айқындалды; зерттеу мақсаты мен 
болжамының нұсқасы тұжырымдалды; оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және теориялық-әдістемелік 
негіздері айқындалды; қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді 
шығаруда математикалық білімін қолдану деңгейін анықтау мақсатында 
диагностикалық жұмыстар, яғни, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар 
арасында сауалнамалар, №1 жиынтық бағалау жұмысы жүргізілді. 
Екінші кезеңде
(2017-2019 ж.ж.) зерттеу тақырыбының мәнін ашуға 
қажетті әдіснамалық және теориялық негіздері айқындалды; теориялық және 
эмпирикалық мәліметтер жүйеленіп және сыни тұрғыда талдаулар жүргізілді, 
тұжырымдамалық деңгейде айқындалып және жалпыланды, зерттеу болжамы 
нақтыланды; математика мен экономиканың байланыстары көрсетілді; 


10 
оқушылардың өмірлік тәжірибеге бағытталған қолданбалы есептерді игерудің 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері 
зерттелді; 
тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар іске асырылды және оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастырудың ұсынылған әдістемесі сынақтан өткізілді. 
Үшінші кезеңде
(2018-2020 ж.ж.) жалпы орта білім беретін мектеп 
оқушыларын мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу эксперименттері іске асырылды, №2 
жиынтық бағалау жұмысы жүргізілді, зерттеу барысында алынған 
эксперименттік және теориялық материалдар қорытындыланды, оларды оқу 
процесіне енгізу бойынша ұсынымдар жасалды, диссертациялық жұмыс 
рәсімделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет