БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ОАМ – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету
комитеті
МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖББМ – жалпы білім беретін мектептер
ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу
ЭЫДҰ – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
PISA – Programme for International Student Assessment
TIMSS – Trends in Mathematics and Science Study
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технология
ЭТ – эксперименттік тобы
БТ – бақылау тобы
5
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің отыз елінің
құрамына кіру стратегиясын жүзеге асырылуы мен әлемдік біртұтас білім
кеңістігіне ену жағдайына байланысты жалпы білім беретін мектептерде білім
беру сапасын арттыру, шынайы өмірдегі түрлі кезеңдерге бейімделу, күнделікті
өмірлік жағдаяттарға байланысты дұрыс шешімдер қабылдауды үйретуді қажет
етеді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз алдымен сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп білім
саласының дамуына өте үлкен міндет жүктегендігі белгілі [1]. Демек, дәлірек
айтсақ, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектеп кезінен бастау алып,
бәсекеге қабілетті маман даярлау білікті ұстаздардың қолында.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел игілігінің берік іргетасы» атты
Жолдауында
Қазақстан
халқының
әл-ауқатын
арттырудың
негізгі
басымдықтарын атап көрсетіп, еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі –
білімді, ақыл-парасаты мол, мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігіне ерекше
тоқталды [2].
Осы аталған міндеттерді шешудің құқықтық негіздерін Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы [3], негізгі орта және жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары [4], Қазақстан
Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы [5], «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық
жобасы [6] және басқадай нормативтік құжаттар құрайды.
Дамыған елдердің тәжірибесі әрбір елдің экономикалық дамуы сол елдің
білім беру жүйесіне және азаматтарының алған білімдерін болашақ қызметі мен
күнделікті тұрмыс-тіршілігінде практикалық тұрғыда қолдана білуіне
байланысты екенін көрсетті. Дүние жүзіндегі білім беру стандарттары мен білім
беру бағдарламалары математикадағы пәндік білімді күнделікті өмірде қолдана
білудің маңыздылығын атап айтады.
Сондықтан, Қазақстанның PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерге қатысуы
еліміздегі мектеп оқушыларының өзін-өзі дамытуды жоғары деңгейде іске
асыруы мен қоғам өмірінде өз орнын табу, өздігінен іздену, талдау жасау,
құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалану, қоғамдық және кәсіби өмірдің
барлық салаларында математикалық аппаратты тиімді қолдану, математикалық
сауаттылығы мен сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру, әртүрлі
өмірлік жағдайларда кездесетін практикалық міндеттерді шешу және
математикалық пайымдау дағдыларына ерекше назар аудару арқылы
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда әлемдік деңгейде әрбір мемлекет өз елінің азаматтарының,
әсіресе жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне көбірек көңіл
бөлуде. Осы аталған мәселені шешу үшін халықтың қаржылық сауаттылығын
арттыру және қаржылық білімді дамыту бойынша Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген «Қаржылық
6
сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы»
жасалынды. Бұл тұжырымдама да «Қаржылық сауаттылық қаржылық білім
берудің үздіксіз процесі арқылы іске асырылады, ол халықтың хабардар болуын,
қаржылық білімі мен дағдысын, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару
бойынша дұрыс әрі сараланған шешімдер қабылдауға көмектесетін әрекет ету
модельдерін жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың элементі ретінде қаржылық сауаттылық азаматтардың әл-ауқатының
және тұрмыс сапасының жақсаруына әкеледі, тұтынушыларға арналған
ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтеді, сондай-ақ халықты қаржылық көрсетілетін
қызметтермен барынша қамтуды және олардың қолжетімділігін қамтамасыз
етеді», - делінген [6].
Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын өлшеу үшін жыл сайын
әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеудегі статистикалық
мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде
халықтың қаржылық сауаттылық деңгейі 39,52% болды. Бұл көрсеткіш
қаржылық білім мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалану
дағдыларының деңгейлерін, өз қаржы қаражатын басқара білуін және
тұтынушылардың қаржы жүйесі туралы хабардар болуын бағалайды», - дегенді
білдіреді [7].
Осылайша, нарықтық экономика жағдайында оқушыларға сапалы білім
берумен қатар, мұғалімдердің алдында балаларды қоғамның қаржылық
жағдайын дұрыс бағалауға, қолда бар қаражатты үнемді және тиімді жұмсауға,
қайталанатын экономикалық дағдарысқа сәйкес қаржылық шарттар мен оның
механизмдерін түсінуді үйрету міндеті тұр. Бұл оқушылардың болашақ кәсіби
қызмет үшін ғана емес, сонымен бірге отбасы үшінде өте маңызды міндеттің бірі
болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
қаржылық білім беруді мектеп бағдарламасына енгізу бүкіл жас ұрпақ үшін
тиімді және кеңінен қолжетімді әдіс екенін алға тартады. Мектептерде қаржылық
сауаттылық сабақтарын енгізу қажеттілігі қазіргі оқушылардың ерте жастан
сауда саттықпен айналысуы арқылы ақша қызметтерін пайдалануы, тауарларды
өз бетінше сатып алуына, пластикалық карталар мен мобильді қосымшалардың
мүмкіндіктерін меңгеру т.б. бойынша сауда-қаржылық қатынастардың белсенді
қатысушылары болып табылады. Демек, бұл оқушылардан белгілі бір қаржылық
сауаттылық деңгейін талап етеді дегенді білдіреді.
Математикалық есептерді шығару және олардың оқу процесіндегі
қолданбалы практикалық маңыздылығы мен міндеттері, соның ішінде мәтінді
есептерді шешуге үйрету мәселесі бойынша ТМД елдерінде Д.Пойа,
Ю.М.Колягин, Л.М.Фридман, В.А.Далингер, Л.В.Шелехова, т.б. еңбектерінде
жарық көрді [8-12].
Қазақстанда математиканы оқытуда есептердің рөлі мен функцияларын,
оқытып-үйрету мәселелері А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Б.Б.Баймұханов,
Л.У.Жадраева, А.М.Мүбараков және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан [13-17].
Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі бойынша шетелдік
ғалымдар зерттеулер жүргізген, солардың ішінде, Е.А.Седова [18], Г.С.Ковалева
[19], А.Lusardi [20], C.Sawatzki [21], S.Hopkins [22], L.E.Blue [23], C.Pournara [24],
7
D.De.Bock [25], Т.А.Алмазова [26] және басқаларын айтуға болады. Ал осы
мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар С.Қалымжанұлы [27], К.Е.Хасенова
[28], В.В.Шестель [29] және тағы басқалар өз үлестерін қосқан.
Т.А.Алмазованың пікірінше, мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылық
негіздерін үйрету математиканы оқыту процесіне енгізілуі арқылы жүзеге асуы
мүмкін. Ол математиканың мүмкіндіктері мен ерекшелігін ескере отырып, бұл
мәселені шешуде қаржылық-экономикалық мазмұнды есептер ерекше рөл атқара
алатындығын атап өтті [26].
Е.А.Седованың айтуынша, білім алушылардың қаржылық сауаттылығы
әлеуметтік зерттеулер бойынша экономиканы оқып-үйрену кезінде де, сонымен
қатар барлық пәндер кешені негізінде де қалыптасуы мүмкін. Алайда математика
пәні оқушыға қаржылық – экономикалық білім беруде ерекше рөл атқарады,
өйткені тәжірибеге бағытталған қаржылық есептерді шешу мектептегі
математика курсының теориялық негіздерін және практикаға бағдарланған
тапсырмаларды шешу оқушылардың өмірлік жағдайларына бейімдеуге
мүмкіндік береді [18].
С.Қалымжанұлы «Егер халқымыздың санын 19 миллионға жақын десек,
оның 90 пайызы дерлік өзінің жеке қаржысына көңіл бөлмейді деп айтуға
болады»-деп, халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі, қаржылық
сауаттылықты арттыруға байланысты жұмыстар жүргізу керектігін атап
көрсеткен[27].
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептің оқушыларына математика
сабақтарында экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне К.Ж.Аганина [30],
Р.А.Садвакасова [31], Г.Р.Кощанова [32], Г.Т.Жақсылықова [33] және т.б.
ғалымдардың ғылыми-зерттеулері бар.
Бұл жұмыстарды талдау нәтижесінде жалпы білім беретін мектептерде
математиканы оқыту мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру
стандарттарындағы оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
жүзеге асыруға бағытталғаны, алайда математика курсын оқытуда оқушылардың
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне қатысты жеке зерттеулер
жеткілікті түрде жүргізілмегені айқындалды.
Осыдан математикалық білім беруді жетілдірудің бағыттары – математика
курсының қолданбалы бағытын күшейту, оның мазмұны мен оқыту әдістерін
практикамен ұштастыру, елімізде жүргізілген PISA халықаралық зерттеулерінің
нәтижелерін бағалау тұрғысынан талдау оқушылардың алған математикалық
білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдану біліктері мен дағдыларының
жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан
математика сабақтарында оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды
есептерді шешу арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі мен
оны жүзеге асыратын әдістеменің жеткіліксіз әзірленуі арасындағы белгілі
дәрежедегі объективті қарама-қайшылықтардың бар болуы біздің зерттеу
жұмысымыздың
Достарыңызбен бөлісу: |