Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
зерттеу әдістері
пайдаланылды: 
- оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған 
ғылыми-теориялық 
мәселелерге, 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық, экономикалық, оқу- әдістемелік әдебиеттерге, негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, 
математика пәнінен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, оқу құралдарына және 
оқу-әдістемелік кешендеріне, PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерінің 
нәтижелері мен тапсырмаларына, экономикалық-қаржылық білім беру мен 
тәрбиелеу бойынша озат тәжірибелеріне талдау жасау; 



- зерттеудің болжамын тексеру үшін педагогикалық эксперимент жүргізу 
және олардың нәтижелерін өңдеу; 
- зерттеудің нәтижелерін әдістемелік семинарларда, ғылыми-практикалық 
конференцияларда талқылау. 
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: 
қарастырылып отырған мәселеге 
қатысты таным және оның философиялық қағидалары, оқу процесін 
ұйымдастырудағы тұлғаға бағытталған теориясы; оқушылардың оқу іс-әрекетін 
қалыптастыру теориясы; жалпы білім беретін мектепте пәнаралық байланыстар 
негізінде математиканы оқыту, оның ішінде оқушыларға қаржылық-
экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығаруды оқытып-үйрету 
мәселелері бойынша белгілі ғалым-педагогтардың, әдіскерлердің жұмыстары. 
Зерттеудің теориялық негіздері: 
зерттеу мәселелеріне қатысты 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық, 
әдістемелік 
және 
математикалық, экономикалық еңбектер; жалпы білім беретін мектепте 
қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығаруға оқытып-
үйретудің әдіснамалық негіздері. 
Зерттеу көздері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 
«Қазақстан-2050» стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020-2024 
жылдарға арналған халықтың қаржылық сауаттылықты дамыту тұжырымдасы, 
Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» 
ұлттық жобасы, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарттары, математика пәнінен оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-
әдістемелік кешендері, математиканы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша 
философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектер
математика мен экономиканы байланыстыратын озық педагогикалық 
технологиялар бойынша ғылыми еңбектер мен озат тәжірибелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет