Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған


халықаралық стандарттардың талаптарын сақтай отырып, технологиялық процесті, қажетті технологиялық жабдықты таңдауды қоса алғанда, фармацевтикалық кәсіпорындар мен ұйымдардың жағдайында дәрілік заттарды өндіру технологиясын



бет3/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық практика каз (1)

халықаралық стандарттардың талаптарын сақтай отырып, технологиялық процесті, қажетті технологиялық жабдықты таңдауды қоса алғанда, фармацевтикалық кәсіпорындар мен ұйымдардың жағдайында дәрілік заттарды өндіру технологиясын ;


  • ақпараттарды алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялармен іздеу, жинау, сақтау және өңдеу;

  • практика базасында жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын орындау;

  • практика базасында қажетті санитарлық режимді құру жөніндегі бұйрықтың талаптарын орындау;



    білікті болу тиіс:

    • алдыңғы қатарлы химиялық, криминалистикалық және сот сараптамалық мәселелерін шешуде;

    • қажетті құжаттаманы белгіленген талаптарға сәйкес рәсімдеу;

    игере білу:

    • жұмыс берушілер мен серіктестерді қызықтыратын кәсіби құзіреттілігі.



    1.2 Практиканы ұйымдастырып басқаруға, бақылау және қорытынды жасауға оқу әдістемелік нұсқаулық

    Практиканы оқу-әдістемелік басқаруды, практика базаларымен келісім шарт түзу кафедрада жүргізіледі.


    Практиканы жалпы басқару өндіріс ұйымдары мен ұжымдарының кадрлар дайындау бөлімі мен техникалық дайындау бөлімдерінде тағайындалады.
    Білім алушылардың практикалық жұмыстарына тікелей басшылықты өндіріс жетекшісінің шешімі бойынша жоғары білікті мамандар атқарады.
    Практика жетекшісі міндеттері:

    • практиканы бастамас бұрын, өндіріске немесе практика орнына барып білім алушылар келгенге дейін ұйымдастырушылық жұмыстар атқару;

    • практика алдында оны өту тәртібімен таныстыру, техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

    • практиканы жоғары сапалы өткізуді қамтамасыз ету және оның оқу жоспары мен бағдарламамен сәйкестендіру;

    • өндіріс орнынан бөлінген практика жетекшісімен бірге міндетті түрде білім алушыларға оку сабақтарын ұйымдастыру және де экономика, технология, өндірісті басқару, еңбекті корғау, инженерлік психология, стандарттау, патенттеу, өнім сапасын бақылау, құқықтық сұрақтар және т.б. мәселелер туралы лекциялар және семинарлар ұйымдастыру;

    • өндіріс орнының білім алушыларға қолайлы еңбектену және тұрмыстық жағдайлар жасауын бақылау, өндіріс орындарында білім алушылармен міндетті түрде еңбекті корғау және кауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулар өткізілуін бақылау;

    • өндіріс орны ішкі ережесін білім алушылардың орындауын қамтамасыз ету;

    • өндірістік практиканы қорытындылайтын комиссияның жұмысына қатысу және білім алушылардың практика қорытындысының нәтижесінде студенттік конференция мен сынаққа қатысуын қадағалау;

    • білім алушылардың практика туралы есептерін қарастыру, оларды бағалау, іс тәжірибе аяқталған соң кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде есеп беру, практиканы жетілдіру туралы ұсыныстар жасау.

    Практикаға өндіріс орындарынан жетекшілік етуші мамандар міндеттері:

    • студенттік практиканы жетік мамандар жетекшілігімен қамтамасыз ету;

    • университеттен бөлінген жетекшімен бірге практиканың бағдарламаға сәйкес және бекітілген тәртіп бойынша өтуін ұйымдастыру және бақылау;

    • еңбекті корғау және қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулардың сапалы өтуін қамтамасыз ету;

    • білім алушыларды ғылыми жұмыстармен және өнертапқыштық жұмыстармен қамту;

    • университеттен бөлінген жетекшімен бірге лекциялар, баяндамалар оқылуын, өндіріс мамандарының семинарлар мен кеңестер жүргізуін ұйымдастыру. Өндіріс озаттары мен жаңашылдарының білім алушылармен кездесулерін ұйымдастыру және өндіріс орындарында, басқа өндірістерге экскурсия ұйымдастыру;

    • білім алушылардың өндірістік тәртіпті сақтауын бақылау, университетте тәртіп ережелерін бұзу туралы және оларға қолданған шаралар туралы хабарлау;

    • білім алушылардың практикалық жұмыстарын есепке алу;

    • университеттен бөлінген жетекшімен бірге білім алушылардың жұмыс орындарына ауыстырылуын ұйымдастыру;

    • өндіріс жетекшісі алдында студенттік практикасын ұйымдастыру және өткізу туралы есеп беру.

    Студенттік практикаға жұмыс орнында жетекшілік етуші мамандардың міндеттері:

    • оған бекітілген білім алушылармен өндірістік практиканы университеттен бөлінген жетекшімен тығыз байланыста бола отырып ұйымдастыру;

    • білім алушыларды нақты жұмыс орнының ұйымдастырылуымен, технологиялық үрдістерді басқарумен, қондырғылармен, техникалық кұрал-жабдықтарымен, олардың жұмыстарымен, өндіріс экономикасымен, еңбекті қорғау жұмыстарымен таныстыру;

    • білім алушылардың өндірістік жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау, оларға берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға жәрдем ету, білім алушыларды алдыңғы қатарлы жұмыс әдістерімен таныстыру және өндірістік сауалдар бойынша кеңес беру;

    • білім алушыларға жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін үйрету;

    • білім алушылардың күнделік толтыруларын, есеп дайындауын бақылау, оларға өндірістік мінездеме дайындау, олардың өндірістік практика бағдарламасын және жеке дара тапсырмаларды орындауы және суденттердің жұмысқа деген көзқарасы, қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы тұжырымдар жасау.

    Білім алушылардың практика бағдарламасына сәйкес практикадан өтуге жұмыс орнын ұсынады.
    Әрбір жұмыс орнында білім алушының еңбек қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етеді.
    Бекітілген құжаттарды рәсімдей отырып, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқау жүргізеді.
    Білім алушылардың практикаларына жетекшілік жасау үшін білікті қызметкерлерді – жетекші инженерлерді, мамандарды, мұғалімдерді және т.б. (мектептерде, мекемелерде, ұйымдарда, бөлімдерде, зертханалар мен т.б.) бекітеді.
    Практика бағдарламасын және жеке тапсырмаларды табысты игеру мақсатында білім алушыларға және университет тарапынан бекітілген практика жетекшілеріне зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды. кітапхананы, техникалық құжаттарды, сызбаларды, сонымен қатар жоспарлау-экономикалық бөлімі мен бухгалтерияның мәліметтерін пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
    Білім алушылар еңбек және атқарушылық тәртіптерді бұзған жағдайда оқу орнына хабарлайды.
    Практика мерзімінің соңында практикадан өтуші білім алушының жұмысын және практика есебінің сапасын бағалап, мінездеме береді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет