Ермеков Саят Рақымбайұлы Баймуратова Жайна Абилхасимовна Практиканың барлық түрін орындауға арналған



бет6/18
Дата04.05.2023
өлшемі137,17 Kb.
#89890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2.3 Жеке тапсырма

Жетекші әр білім алушыға өндіріске, кәсіпорынға байланысты сұрақтарына, барған кәсіпорын, басқарма саласындағы қолданбалы компьютерлік бағдарламалар арқылы есептеуді ЭЕМ пайдалануына байланысты жеке тапсырмалар береді.


Жеке тапсырманы орындауда білім алушы тапсырмада қойылған сұрақтарға жауап беруді үйренеді. Жұмыстың көлемі практика орындарының оқу процесіне байланысты. Жеке тапсырманы беруде білім алушының теориялық дайындығының деңгейі мен қабілеті, талпынысы есептелінеді. Жеке тапсырма мамандандыру пәндері мен маманды дайындауда таңдау бойынша оқытудағы базалық компонентті оқып-үйренуіне байланысты.


2.4 Есеп беру құрылымының үлгісі

Есеп көлемі практика барысындағы өткен тақырыптар бойынша 10-20 беттік текстен тұрады.


Егер экскурсия ұйымдастырылса, онда келесі сұрақтарды қосуға болады: кәсіпорын, басқарма тарихы мен құрылымы.
Практика кезінде білім алушы өзінің жұмыс дәптеріне мына мәліметтерді толық жазып жүру қажет: лекциялар мазмұны, теориялық сынақтар мен әңгімелесудің маңызы, өз бақылауларының нәтижесі, жауап қажет ететін сұрақтар жинағы, аппараттар эскизі, жобасы және т.б.
Практикалық есеп құрамы төмендегідей болуы қажет:
- өндіріс туралы қысқаша негізгі мәліметтер;
- өндіріс немесе мекеменің құрылымдық жұмыстарының негізі;
- негізгі технологиялық өндірістер және олардың өзара байланысы;
-әр өндірістің технологиясының қысқаша сипаттамасы, өнімдердің қолданылуы мен шикізаттар туралы мәліметтер, үрдістердің химиялық зандылықтары мен негіздік жобалары;
-мекеме, өндіріс орындарындағы зерттеу объектілері мен зерттеу құрылғылары туралы мәлімет.
Есеп соңында қолданылған құжат көздері, яғни әдебиет тізімі міндетті түрде келтіріледі.
Талдаудың негізгі талаптары



Мезгілі

Сабақтар түрі

Ескертпе




Білім алушыларға практика алдында нұсқау беретін жиналыс.
Қауіпсіздік техникасы туралы кіріспе нұсқау. Өндірістің, мекеменің тарихы.
Химиялық сараптама жүргізу құрылғылары, дактокарта алу, тіркеу аппараттары, қылмыстық істерді жүйелеу және орындау құжаттары және т.б. танысу.
Аналитикалық талдау әдістері, оны химиялық сараптаумен ұштастыру.
Есепті бейнелеу және қорғау.




Практикалық есеп практика өту мезгілінде дайындалады, практиканың соңғы 1-2 күнінде кафедрада немесе өндіріс орындарында қорғалады.



Қорытындылау және есеп беру
Білім алушылар оқу-өндірістік практикасын өткізу және оның нәтижесі туралы есебін мына төмендегі жоспар бойынша беруі тиіс:
- практика мерзімдері бұйрық бойынша өту мерзімі;
- практика жетекшілері кафедра тарапынан аты-жөні;
- практика мекеме тарапынан аты-жөні;
- практиканы кәсіпорындарда ұйымдастыру және өткізу туралы айқын сипаттама;
- оқу-өндірістік практикасын бұйрық бойынша өту орны, мекеме аталуы;
- өндіріс, мекеме орындарындағы бас мамандардың білім алушыларға оқыған маңызды лекция, әңгімелерінің, баяндамаларының, теориялық сабақтарының жазбасы;
- кафедраның тапсырмасы;
- дербес тапсырма;
- СҒЗЖ тапсырмасы;
- жеке тапсырмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет